«КМФ (KMF)» МҚҰ» ЖШС «МФО KMF» мобильді қосымшасының құпиялығы туралы ереже
«КМФ (KMF)» МҚҰ» ЖШС «МФО KMF» мобильді қосымшасының құпиялығы туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Пайдаланушылар «МФО KMF» мобильді қосымшасын (бұдан әрі – Мобильді қосымша) жүктеу, тіркеу және пайдалану кезінде ұсынған Дербес ақпаратқа қатысты қолданылады. «КМФ (KMF)» МҚҰ» ЖШС (бұдан әрі – МҚҰ) осы Ережеге біржақты тәртіппен өзгерістер немесе толықтырулар енгізуге құқылы. МҚҰ өзгерістер мен толықтырулар енгізілген немесе жаңа редакциядағы ережені МҚҰ Интернет-ресурсында www.kmf.kz жариялайды.
Ережеде қолданылатын барлық терминдер мен анықтамалар МҚҰ Интернет-ресурсында www.kmf.kz орналастырылған шарттарға сәйкес түсіндіріледі.
Мобильді қосымшаны 21 жасқа толмаған адамдар қолдана алмайды.
Пайдаланушы Мобильді қосымшаны пайдалануға бағытталған барлық іс-әрекетті (жүктеу, тіркелу, пайдалану) орындай отырып, Ереженің барлық шарттарын толық көлемде қабылдайды және берілген деректерді Ережеде сипатталған әдіспен және мақсаттарда өңдеуге өзінің ерікті келісімін береді. Егер Пайдаланушы Ережемен келіспесе, ол Мобильді қосымшаны пайдаланудан бас тартуға міндетті.
Мобильді қосымша Пайдаланушыларға қашықтан қызмет көрсету сервистеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін бағдарламалық жасақтама болып табылады, ол Клиентке Интернетке қатынайтын ұялы телефон немесе Мобильді қосымшаны орнатуға мүмкіндік беретін өзге құрылғының көмегімен Жеке кабинетте операциялар жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
1. Пайдаланушының Дербес ақпаратын жинау және/немесе өңдеу
МҚҰ Пайдаланушы туралы дербес ақпаратты Мобильді қосымша арқылы электрондық қызметтерді ұсынудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тек мына мақсаттарда жинайды:
· Жасалатын шарттар шеңберінде Пайдаланушыны сәйкестендіру;
· Мобильді қосымшаны Пайдаланушыға Мобильді қосымшаның сервистеріне қолжеткізу арқылы дербестендірілген қызметтер ұсыну;
· Клиентпен байланыс, оның ішінде МҚҰ өнімдерін пайдалануға, қызмет көрсетуге, сонымен қатар Пайдаланушының сұрауларын өңдеуге қатысты хабарламаларды, ұсыныстарды және ақпаратты жіберу.
Пайдаланушының Дербес ақпараты МҚҰ үшін маңызды және МҚҰ Пайдаланушыдан ақпаратты МҚҰ қызметтерін ұсыну және Пайдаланушының есептік жазбасын қорғау үшін қажетті мөлшерде ғана сұратады.
Мобильді қосымшаны пайдалану кезінде МҚҰ мына деректерді жинап, өңдей алады, бірақ онымен шектелмейді: Пайдаланушының ЖСН, Пайдаланушының аты-жөні, ұялы телефон нөмірі, туған күні және/немесе жылы, табысты туралы мәліметтер, электрондық пошта мекенжайы, IP мекенжайы, мобильді қосымшаға кіретін мобильді құрылғы туралы мәліметтер, Мобильді қосымшадан кірген күні мен уақыты, операциялық жүйенің нұсқасы, құрылғының бірегей сәйкестендіргіштері, орналасқан жердің геолокациясы, GPS деректері, банктік деректемелері, жасалған операциялардың уақыты мен сомасы туралы деректерді қоса алғанда, жасалған операциялар туралы ақпарат, қызметті алушы және/немесе жеткізуші туралы деректер, өзге де операциялардың сипаттамасы (болған жағдайда) және өзгесі (бұдан әрі – Дербес ақпарат).
Пайдаланушы келісімін бергеннен кейін Мобильді қосымша геолокацияға (тұрған жерін анықтау), Android жүйесін Пайдаланушы МҚҰ жіберген растау кодын автоматты түрде енгізу үшін SMS хабарламаларға рұқсат алады.
2. Пайдаланушының Дербес ақпаратын үшінші тұлғаларға беру
Пайдаланушы МҚҰ Пайдаланушының жеке деректері, оның ішінде Мобильдік қосымшаны пайдалана отырып алынған операциялар туралы дербес ақпаратты жария етпейтініне және үшінші тұлғаларға бермейтініне келіседі, алайда МҚҰ Дербес ақпаратты, оның ішінде операциялар туралы ақпаратты тек заңнама шеңберінде және жасалған шарттардың талаптары бойынша ашуы немесе беруі мүмкін.
3. Ақпараттың құпиялығын сақтау үшін қолданылатын қауіпсіздік шаралары
МҚҰ заманауи технологиялар мен ішкі рәсімдерге ие және Пайдаланушының ақпаратын бөгде араласудан, ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттерінен, өзгертуден, электрондық құжаттардың мазмұнында бұрмаланулардың және/немесе өзгерістердің болуын анықтаудан, ашудан немесе жоюдан қорғауға бағытталған барлық әрекеттерді жүзеге асырады.
Мобильді қосымша TLS v1.2 криптографиялық хаттамасын пайдалана отырып, HTTPS қорғалған хаттамасы бойынша Интернет желісіндегі Клиент пен МҚҰ арасында берілетін деректерді қорғауды қамтамасыз етеді. МҚҰ жүйесінде пайдаланушының құпия сөздері көрсетілмейді, тек шифрланған түрде сақталады және беріледі.
Дегенмен қауіпсіздік Пайдаланушының МҚҰ www.kmf.kz сайтында берілген ұсынымдарды сақтауына байланысты. Пайдаланушы мобильді қосымша орнатылған телефонын (оның ішінде SIM) үшінші тұлғаларға бермеуге, есептік жазбасының деректерін (логин мен құпиясөз) жарияламауға, бермеуге және оларды теру кезінде жасыруға міндетті. Максималды қорғауды қамтамасыз ету үшін вирусқа қарсы бағдарламаларды пайдалану және уақытылы жаңарту ұсынылады. Пайдаланушы оның есептік жазбасын рұқсатсыз пайдалануға күдік туындаған кез келген жағдай туралы МҚҰ-ға дереу хабарлауға міндетті. Пайдаланушының МҚҰ ұсынымдарын сақтауы МҚҰ-ға ұсынған ақпаратты, оның ішінде Пайдаланушының кредиттік өнімдерінің деректемелерін және басқа деректерді максималды сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сонымен қатар банк картасының деректемелерін (немесе өзге электрондық төлем құралын) пайдалана отырып, Интернет арқылы тауарлар мен қызметтерді қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде ықтимал тәуекелдерді азайтады.
Мобильді қосымшаға, оның ішінде шеңберінде жүзеге асырылатын және әзірленетін сервистерге барлық құқықтар «KMF (КМФ)» МҚҰ» ЖШС тиесілі.
Құпия ақпаратты пайдалану «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңмен, сонымен қатар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
Ережеге қатысты өзге мәселелер бойынша Пайдаланушы 7474 телефоны (ұялы телефоннан тегін) бойынша хабарласа алады.