KMF-тің 2025 жылғы негізгі көрсеткіштері

23
Су алу, мегалитр
2129292
Электр энергиясы, кВт·сағ
1272,3
Жылу энергиясы, Гкал
22815,53
Жалпы энергия тұтыну, ГДж
659,4
Scope 1, СО2 тонна
-13%
Бір жылдағы Scope 1 динамикасы, %
2299
Scope 2, СО2 тонна
-21%
Бір жылдағы Scope 2 динамикасы, %
51,9
Тұтынылған кеңсе қағазының көлемі, тонна
22,5
Қайта өңдеуге тапсырылған қағаз, тонна

2025 жылы KMF өз қызметінің экологиялық әсерін біртіндеп төмендетті. Жылыжайлық газдардың тікелей шығарындылары (Scope 1) өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға, жанама шығарындылары (Scope 2) 21%-ға қысқарды. Электр энергиясының тұтынылуы 10,8%-ға, жылу энергиясының тұтынылуы 40,1%-ға төмендеді. Сондай-ақ, Банк әрі қарай есептілікке енгізу үшін Scope 3 шығарындыларын есепке алу тәсілдерін жоспарлы түрде дамытады. 

Жасыл кеңсе қағидаттары шеңберінде Банк электрондық құжат айналымын, Econetwork серіктеспен бірлесіп қалдықтарды бөлек жинау практикасын дамытады, сондай-ақ жыл сайын архивтік макулатураны қайта өңдеуге береді. 2025 жылы 22,5 тонна қағаз бен 305,6 келі пластик, алюминий және әйнек қайта өңдеуге берілді. Шығарындыларды басқару GHG Protocol IPCC әдіснамасына сәйкес жүреді.