Біздің орнықты даму тәсілдемеміз

Біздің орнықты даму тәсілдемеміз

KMF орнықты даму қағидаттарын ұстанады және оларды бизнесті табысты және жауаптылықпен жүргізудің маңызды факторы деп санайды


Біздің тәсілдемеміз экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық аспектілерді (ESG) күнделікті қызметімізге және клиенттермен, серіктестермен және қоғаммен өзара іс-әрекетке енгізуге бағытталған. Біз қаржылық қызметтерді ұсынып қана қоймай, сондай-ақ өмір сүру сапасын жақсартуды және қоршаған ортаның орнықтылығын сақтауды қоса алғанда, жаһандық және жергілікті сын-қатерлерді шешуге белсенді қатысуды негіз етеміз. Бизнес-процеске орнықты даму қағидаттарын енгізу клиенттер мен серіктестердің сенімін нығайта түседі және қоғамдастығымыздың барлық қатысушысы үшін ұзақ мерзімді құндылықты қалыптастыруға ықпал етеді деп сенеміз.

Орнықты даму саласындағы KMF қағидаттары

test

Барлық мүдделі тараптар үшін ұзақ мерзімді экономикалық құндылық құруға ұмтылу

test

Адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету, инклюзивтілікті, алуандықты, әділ және тең қатынасты қолдау

test

Қоршаған ортаға қамқор болу

test

Жауаптылықпен қаржыландыру және ЭжӘ (экологиялық және әлеуметтік) тәуекелдерді тиімді басқару практикасын дамыту

test

Этикалық бизнес-тәсілдерді ұстану және корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелерін енгізу

test

Заңнамалық нормаларды сақтау, өзіне алған міндеттемелерді орындау және халықаралық стандарттарды ұстану

test

Ақпараттың ашықтығын және қызметтің айқындылығын қамтамасыз ету