Комплаенс-бақылау

Комплаенс-бақылау

Құрметті «KMF Банк» АҚ клиенттері мен серіктестері!


«KMF Банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) жоғары корпоративтік мәдениет стандарттарын және іскерлік этика қағидаттарын ұстанады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы және шет мемлекеттер заңнамасының Банк қызметіне ықпал ететін барлық талабын сақтайды.


Банк құқықтардың сақталуы үшін және Банк акционерлері, клиенттері, іскерлік серіктестері және қызметкерлері үшін тәуекелдерді барынша азайту үшін бар күшін салады.


Банкте Банктің, оның қызметкерлерінің қызметі мен бизнес-процестерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының, шет мемлекеттер заңнамасының және Банктің ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына, сондай-ақ этикалық нормалар мен стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар мен рәсімдер жүйесін танытатын комплаенс-тәуекелді басқару жүйесі жұмыс істейді.

Комплаенс-бақылау бөлімшесі Банктің және оның қызметкерлерінің Банктің қаржы нарығында қызмет көрсету және операция жүргізу тәртібін регламенттейтін заңнаманың және Банктің ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтауына мониторинг және бақылау жүргізеді.


Егер Сізге Банктің және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының немесе Банктің ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын бұзу фактілері туралы, оның ішінде құқыққа қарсы қызметті/іс-қимылды жүзеге асыру фактілері: алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, парақорлық, коммерциялық пара беру, алдау, жымқыру, қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану не халықаралық санкцияларды айналып өтіп, Банк қызметкерлерінің қатысуымен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) жәрдемдесу, терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру фактілері туралы белгілі болса, Сіз бұл туралы мына тәсілдердің кез келгенімен хабарлай аласыз:


• conf.info@kmf.kz электрондық мекенжайы бойынша хабарлама жіберу арқылы;

• Бұзушылықтар туралы хабарлау арнасы» арқылы өтініш нысанын ашық немесе жасырын толтыру және жіберу арқылы


Банк құпиялылық пен анонимділікке, сондай-ақ жағдайды әділ шешуге кепілдік береді.


Банк жалған немесе көрінеу жаңылыстыратын ақпарат беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық салдарға әкеп соғуы мүмкін екенін хабарлайды.

Бұзушылықтар туралы хабарламаны нысанды толтыру арқылы жіберуге болады