Қауіпсіздік

Клиентті қорғаудың қағидалары

1
Шағымдарды қараудың және шешудің механизмдері

Компанияда шағымдарды уақытында қараудың және әрекет жасаудың механизмдері, сондай-ақ қарыз алушыларда пайда болатын проблемаларды шешудің механизмдері жасалған. Шағым беруге арналған әр түрлі байланыс арналары бар: жазбаша, ауызша - олардың барлығы клиенттер үшін қол жетімді.

2
Клиенттің деректерінің құпиялылығы

Клиенттің дербес деректерін қорғау қолданыстағы заңнамаға және ережелерге сәйкес қамтамасыз етіледі; деректер клиенттен келісімін алмай басқа мақсаттарға пайдаланыла алмайды.

3
Клиенттерге әділ және құрметпен қатынас жасау

Персонал KMF обучен, мотивирован и соблюдает высокие этические нормы в общении с клиентами. Клиенты оповещены о своих правах.

4
Жауапты баға құралымы

KMF-тің қызметкерлері оқыған, ынталы және клиенттермен қарым-қатынастары кезінде жоғары әдептік нормаларды сақтайды. Клиенттерге өз құқықтары туралы ақпарат берілген.

5
Өнімдерді және жеткізу арналарын сәйкесінше әзірлеуv

Кредиттер қол жетімді, кредитті алу/өтеудің шарттарын және тәртіптерін түсінуге оңай түрінде ұсынылады. Клиенттерге кредитті алу жөніндегі шешімін ойластыруға уақыт беріледі. Компанияның кредиттік өнімдері клиенттердің сұранысын ескере отырып, тұрақты кері байланыстың негізінде жасалады

6
Шамадан артық берешекке жол бермеу

Кредиттер клиенттерге өзінің төлем қабілеттілігін (кредит бойынша ай сайынғы төлемдерді өтеу мүмкіндігін) қалай бағалау керектігін түсіндіріп, сондай-ақ кредитті өтеу қабілетін алдын ала талдау (Кредит бюросы арқылы кредиттік тарихын тексеру) арқылы беріледі.

7
Ашықтық

Кредиттердің бағасы, ұсынудың мерзімі және шарттары (пайыздық мөлшерлемелерді, барлық комиссиялық алымдарды және кредит бойынша басқа да шығыстарды қоса) клиентке кредитті бергенге дейін түсінікті түрде хабардар етіледі. Өнімдер жөніндегі ақпарат қол жетімді және ашық, әр түрлі құралдар арқылы (жарнамалық-үлестіру материалдары, ақпараттық стендтер, сондай-ақ ауызша) ұсынылады).

Ақпараттық қауіпсіздік саясаты

 «KMF МҚҰ» мобильді қосымшасының құпиялылығы туралы ереже
«KMF МҚҰ» мобильді қосымшасының құпиялылығы туралы ереже
Жүктеу  
 Ақпараттық қауіпсіздік саясаты
Ақпараттық қауіпсіздік саясаты
Жүктеу