Депозит плюс

Сіздің сенімді табысыңыз

Депозит плюс

<p>Қолжетімділік</p>

Қолжетімділік

Банкке бармай 24/7

<p>Сенімділік</p>

Сенімділік

Кепілдендірілген сома 20 000 000 KZT

<p>Басқару</p>

Басқару

Барлық операция - онлайн

<p>Салым валютасы</p>

Салым валютасы

теңге (KZT)

Салымға кепілдік беру

Максималды кепілдендірілген сома - ұлттық валютадағы мерзімді депозиттер бойынша 20 миллион теңге


Егер Банкте түрлері мен валютасы бойынша әртүрлі бірнеше салым/шот орналастырылған/ашылған болса, онда барлық салым/ шот бойынша соманың жиынтық қалдығына кепілдік беріледі, бірақ салымның әрбір түрі бойынша шектерді ескере отырып, кепілдік берілген өтемнің ең жоғары сомасынан – 20 миллион теңгеден аспайды.


Шетел валютасындағы депозит/шот бойынша кепілдендірілген өтем сомасы қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге лицензиясынан айырылған күні белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша балама сомада төленеді. 

Салымға кепілдік беру

Депозиттік калькулятор

Біздің ұсыныс
Депозит мөлшерлемесі
ЖТСМ
Мерзім соңындағы сома
Табыс

Депозит шарттары

Салым валютасы
теңге
Салым мерзімі
3, 6, 13 ай
Минималды салым сомасы
100 000 тенге
Максималды салым сомасы
2 000 000 000 тенге
Сыйақы мөлшерлемесі 3 ай16,1%-дан 16,85%-ға дейін (СЖТМ 17,5%-дан 18,3%-ға дейін)
Сыйақы мөлшерлемесі 6 ай16,55%-дан 17%-ға дейін (СЖТМ 18%-дан 18,5%-ға дейін)
Сыйақы мөлшерлемесі 13 ай14%-дан 14,85%-ға дейін (СЖТМ 15%-дан 16%-ға дейін)
Сыйақы төлеу
Ай сайын капитализацияланады, мерзімнің соңында Салымшының ағымдағы шотына төленеді
Қосымша жарналар
Қарастырылмаған
Ішінара алу
Қарастырылмаған
Автоматты түрде ұзарту
Қарастырылмаған
Мерзімінен бұрын бұзу
Депозит бойынша толық төлем депозитті жабуға арналған өтінішке қол қойылған күннен бастап кемінде 30 күнтізбелік күн өткен соң жүзеге асырылады.
Пайыздар нақты өткен күндер санына сәйкес айыппұл мөлшерлемесімен төленеді.
Депозитті/жинақ шотын жабу
Депозитті жабу туралы өтінішке қол қойылған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей салым қайтарылады.
Депозитті ашу, жүргізу және жабу үшін комиссия
Банктың бекітілген тарифтеріне сәйкес
Мобильді қосымшаны орнатыңыз.

Мобильді қосымшаны орнатыңыз.

Жылдам тіркеліп, 2 минутта депозит ашыңыз
Мобильді қосымшаны орнатыңыз.

Сұрақтар мен жауаптар

Депозитті қалай ашады?

Сіз депозитті "KMFBank" мобильді қосымшасында “Депозиттер” бөлімінде немесе Банктің кез келген бөлімшесіне барып аша аласыз. 


KMF Банк бөлімшесінде депозит ашу үшін жеке куәлік қажет. Сіз жеке куәліктің түпнұсқасын немесе EGOV қосымшасы немесе мемлекеттік қызметтерге рұқсаты бар кез келген банк қосымшасы арқылы электрондық жеке куәлікті көрсетсеңіз болады.

Депозитті қалай толықтырады?

Депозитті толықтыру жолдары:                                                                                                                                

•  KMF Банк бөлімшелеріндегі өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы;

•  KMF Банк бөлімшелерінде касса арқылы қолма-қол ақшамен;

•  "KMFBank” мобильді қосымшасында өз шоттары арасында аудару;

•  басқа банктерде ашылған сыртқы шоттардан аудару.

Депозит бойынша сыйақы қалай есептеледі?

Сыйақы бір айдағы нақты күндер саны мен бір жылда 365 күн негізінде есептеледі. 


Бір айдағы сыйақы номиналды мөлшерлеме негізінде есептеледі. Депозит бойынша сыйақы күнделікті қалдыққа есептеледі және айына бір рет төленеді/капиталдандырылады:

 - салымшының ағымдағы шотына төленеді;

 - капиталдандырылады және депозит мерзімінің соңында төленеді.

Депозитті капиталдандыру дегеніміз не?

Бұл есептелген пайыздардың қосылуы есебінен депозит сомасының ай сайынғы ұлғаюы. Осылайша депозиттегі сома өседі, ал кейінгі есептеулер ұлғайған сомаға жүргізіледі.

Тиімді және номиналды мөлшерлеме дегеніміз не?

Номиналды мөлшерлеме — ай сайынғы сыйақы есептелетін мөлшерлеме.


Тиімді мөлшерлеме — номиналды мөлшерлемені және капиталдандыруды (депозит сомасына есептелген пайыздарды қосуды) қамтитын жиынтық төлем.   Бұл келесі толтыру кезінде банк пайыздарды ұлғайтылған сомаға есептейді дегенді білдіреді.  

Депозиттен ақшаның бір бөлігін қалай алуға болады?

Мерзімді депозит бойынша қаражатты ішінара алу мүмкін, ең төменгі қалдық сома – 1 000 теңге сақталады.

Депозиттен қаражатты алу бірнеше тәсілмен жүзеге асырылады:

«KMFBank» мобильді қосымшасында өз шоттарыңыз арасында аудару арқылы;

KMF Банк бөлімшелерінде касса арқылы.

Жинақ депозиттері бойынша ішінара алу қарастырылмаған.

Депозитті Банк бөлімшесінде касса арқылы қолма-қол ақшамен алғанда комиссия алына ма?

Мерзімді депозит бойынша қаражат 15 күнтізбелік күннен артық сақталса — комиссия алынбайды.

Егер 15 күнтізбелік күннен аз сақталса — комиссия банк тарифтеріне сәйкес алынады.

Жинақ депозиттері бойынша депозитті жабуға арналған өтінішке қол қойылған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен ерте емес мерзімде, комиссиясыз төлем жүзеге асырылады.

Депозит бойынша операция жүргізгеннен кейін ондағы қалдық соманы қалай білуге болады?

Депозит бойынша қалдықты және барлық операцияны "KMFBank” мобильді қосымшасында білуге болады.

Депозит мерзімін ұзарту шарттары қандай?

Мерзімді депозит бойынша мерзімді ұзарту (пролонгация) автоматты түрде жүзеге асырылады және ол алдыңғы мерзімге тең мерзімге, сондай-ақ пролонгация сәтінде KMF Банкте осы депозит түрі бойынша қолданылатын сыйақы мөлшерлемесімен жүргізіледі.

Алдыңғы мерзімдегі капитализацияланған сыйақы сомасы депозиттің негізгі сомасын ұлғайтпайды және Салымшының ағымдағы шотына төленеді.

Жинақ депозиттері бойынша автоматты түрде ұзарту қарастырылмаған.

Бірден бірнеше депозит ашуға бола ма?

Мерзімді депозит бойынша мерзімінен бұрын бұзу қарастырылған, бұрын есептелген сыйақыны қайта есептемей және айыппұл қолданбай жүзеге асырылады.

Жинақ депозиттері бойынша депозит толық төленеді — депозитті жабу туралы өтінішке қол қойылған күннен бастап кемінде 30 күнтізбелік күн өткен соң.
Пайыздар нақты өткен күндер санына сәйкес айыппұл мөлшерлемесімен төленеді.

Банк депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатыса ма?

Иә,  KMF Банк «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (бұдан әрі - ҚДКБҚ) депозиттерге кепілдік берудің (сақтандырудың) мемлекеттік жүйесіне қатысушы болып табылады.

Депозиттерге кепілдік беру сомасы қандай?

Банк депозиттері Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры арқылы сенімді түрде қорғалған.

Барлық депозиттер бойынша бір салымшыға мемлекеттік кепілдік мөлшері ұлттық валютадағы жинақ депозиттері бойынша 20 миллион теңгеге дейін, ұлттық валютадағы шоттар мен өзге де депозиттер бойынша 10 миллион теңгеге дейін.

Депозитті мерзімінен бұрын жабуға бола ма?

Мерзімді депозит бойынша мерзімінен бұрын бұзу қарастырылған, бұрын есептелген сыйақыны қайта есептемей және айыппұл қолданбай жүзеге асырылады.

Жинақ депозиттері бойынша депозит толық төленеді — депозитті жабу туралы өтінішке қол қойылған күннен бастап кемінде 30 күнтізбелік күн өткен соң.

Пайыздар нақты өткен күндер санына сәйкес айыппұл мөлшерлемесімен төленеді.

 Салымшы депозит бойынша басқа адамға сенімхат рәсімдей ала ма? Ол үшін не қажет?

Иә, депозит бойынша сенімхатты нотариус рәсімдейді, содан кейін салымшы және сенім білдірілген тұлға KMF Банкке сенімхаттың түпнұсқасын және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынады. Болашақта салымшының қатысуынсыз депозит бойынша операцияларды жүзеге асыру кезінде сенім білдірілген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты және сенімхаттың түпнұсқасын көрсетеді.

Менің депозитіме не себепті тыйым салынғанын қалай білуге болады?

Клиенттің депозитіне үш негізгі себеп бойынша тыйым салынуы мүмкін:

1. Мемлекеттік органдар алдында міндеттемелерді орындамау (мысалы, салықтар бойынша берешек); 

2. Мерзімі өткен кредит немесе банктер алдындағы басқа міндеттемелер; 

3. Сот қаулысы

Шотқа тыйым салу туралы нақты ақпаратты мемлекеттік органдардың сайтынан алуға болады (салық берешегі туралы мәліметтер, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлердің тізілімі)

Салымшыға тыйым салынған депозиттен ақша алуға және толықтыруға бола ма?

Клиент өз депозитін толықтыра алады, бірақ шығыс операциялары тыйым салуды алып тастағаннан кейін мүмкін болады.  

Салымшы тыйым салынған депозитті жаба ала ма?  

Клиент өз депозитін толықтыра алады, бірақ шығыс операциялары тыйым салуды алып тастағаннан кейін мүмкін болады.  

Салымшы депозитті Банк бөлімшесіне бармай-ақ жаба ала ма?

Депозитті екі тәсілмен жабуға болады:

"KMF Bank” мобильді қосымшасында "Менің банкім” бөлімінде депозитті таңдаңыз, "Депозитті жабу” батырмасын басып, экранда берілген қадамдарды орындаңыз.

KMF Банк бөлімшесінде депозит жабу үшін жеке куәлік қажет. Сіз жеке куәліктің түпнұсқасын немесе EGOV қосымшасы немесе мемлекеттік қызметтерге рұқсаты бар кез келген банк қосымшасы арқылы электрондық жеке куәлікті көрсетсеңіз болады. Шотты жабу туралы өтінішке қол қойғаннан кейін менеджер депозитті жабады және депозиттегі ақшаны сіздің KMF Банктегі ағымдағы шотыңызға аударады.

Депозит бойынша анықтаманы қалай алуға болады?

Депозит бойынша анықтаманы алу жолдары:

"KMF Bank” мобильді қосымшасында "Менің банкім” бөлімінде депозитті таңдаңыз, , "Өзге" жолында "Құжаттар мен анықтамалар"  => Анықтамалар таңдап, қажетті тілді көрсетіңіз, құрастырылған анықтаманы жүктеп алыңыз. 

KMF Банк бөлімшесінде анықтама алу үшін жеке куәлік қажет. Сіз жеке куәліктің түпнұсқасын немесе EGOV қосымшасы немесе мемлекеттік қызметтерге рұқсаты бар кез келген банк қосымшасы арқылы электрондық жеке куәлікті көрсетсеңіз болады.