cancel
KMF МҚҰ
KMF МҚҰ қосымшасында ашу

ТЖ кезеңінде халыққа және кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету шаралары туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаулысы

ТЖ кезеңінде халыққа және кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету шаралары туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаулысы
Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 22 наурыздағы № 17 Қаулысы Төтенше жағдай кезеңінде халыққа және кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету шаралары туралы. 

Дереккөз: http://online.zakon.kz

«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №286 Жарлығы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне және халық пен кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты шаралар мен уақытша шектеулердің енгізілуіне байланысты, олардың қаржылық жағдайының нашарлауына жол бермеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар:

1) жеке тұлғалардың негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлем мерзімі күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам өткен банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша сыйақыны есептемейді.

Осы тармақшаның талаптары, егер банктік қарыз және (немесе) микрокредит шартын жасау күні негізгі борыш сомасы тіркеуге жататын мүлік кепілімен және (немесе) ақша кепілімен толығымен қамтамасыз етілген жағдайда, ондай шартқа қолданылмайды.

2) банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемдер мерзімінің өтуі бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды:

жеке тұлғаларға;

қаржылық жай-күйі төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде нашарлаған заңды тұлғаларға есептемейді;

3) төтенше жағдайдың енгізілуі нәтижесінде қаржылық жай-күйі нашарлаған жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілерінің негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемдерді қоса алғанда, банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша төлемдерін күнтізбелік 90 (тоқсан) күнге дейінгі мерзімге кейінге қалдырады;

4) жеке тұлғалар-қарыз алушылардың қаржылық жай-күйіне талдау жүргізеді және жұмыс орнын немесе басқа кіріс көздерін жоғалтқан, сондай-ақ өзге де қаржылық қиындықтарға ұшыраған жеке тұлғаларды негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемдерді қоса алғанда, банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша төлемдерді кейінге қалдыру түрінде қолдаудың қосымша талаптары туралы шешімдер қабылдайды.

Осы тармақшаның талабы 2020 жылғы 18 наурызға дейін жасалған банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттарына қолданылады.

2. Жеке тұлғаларға қатысты осы қаулының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген шараларды банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қарыз алушылар тарапынан өтініш беру қажеттілігінсіз біржақты тәртіппен қолданады.

3. Осы қаулының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген шараларды (жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға қатысты), сондай-ақ осы қаулының 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген шараларды банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қарыз алушының жазбаша өтініші негізінде жеке тәртіппен қолданады.

Өтінішті қарыз алушы банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға электрондық пошта, «банк-клиент» онлайн-жүйесі, интернет-ресурс, мобильдік қосымша немесе басқа да байланыс құралдары арқылы да береді.

Өтінішті қарау процесінде банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қажет болған кезде төтенше жағдайдың енгізілуі нәтижесінде қарыз алушының қаржылық жай-күйінің нашарлауын растайтын құжаттарды сұратады.

Өтінішті қарау нәтижелерін банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым олардың ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарыз алушыға жібереді.

4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті:

1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 5-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

5. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары О.А.Смоляковқа жүктелсін.

7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және Дамыту агенттігінің Төрағасы                                                       

 М. Абылкасымова

Тағы оқыңыз
news
Жаңалықтар
20.02.2023
KMF Colvir IT-платформасына көшеді

Бүгін KMF пен Colvir Software Solutions компаниясы бірлескен жобаны іске қосу туралы келісімге қол қойды. Colvir IT-платформасы KMF-ке жаңа өнімдерді...

Толығырақ
news
Жаңалықтар
10.02.2023
IFC мен KMF ауылдағы кәсіпкерлерге көмектесіп, әйелдер бизнесін қолдайды Алматы, Қазақстан
KMF компаниясы 250 мыңнан аса клиентке қызмет көрсетеді. Ауылдық жердегі кәсіпкерлердің үлесі 60 пайыздан асады, олардың көпшілігі - әйелдер.
Толығырақ
news
Жаңалықтар
04.01.2023
The Eurasian KMF туралы

«Микроқаржыландыру – бұл ең алдымен, әлеуметтік бағыттағы бизнес»

Толығырақ
news
Жаңалықтар
26.12.2022
KMF-ProMotor. Бизнеске арналған арнайы техника бұрынғыдан да қолжетімді
Енді алматылық кәсіпкерлер арнайы техниканы тартымды шарттармен сатып ала алады. 
Толығырақ
news
Жаңалықтар
25.11.2022
GEFF «Жасыл» қаржыландыруы. KMF клиенттері энергия үнемдейтін жабдықты, көліктерді сатып алып, кэшбэк ала алады
Бағдарлама бойынша өтемақы төлеу мерзімі 2023 жылдың тамыз айының соңына дейін ұзартылды.
Толығырақ
news
Жаңалықтар
21.11.2022
KMF-тің "Айхай 25!" науқаны аяқталды

18 қарашада тікелей эфирде өткен "Айхай 25!" науқанының гранд финалында үш жеңімпаздың есімі анықталды! Науқан атауы кездейсоқ таңдалған жоқ, биыл...

Толығырақ
news
Жаңалықтар
17.11.2022
Smart-кеңсе – KMF клиенттеріне қызмет көрсетудің жаңа форматы

KMF клиенттері жаңа Smart-кеңседе компания қызметтерін бұрынғыдан да қолайлы жағдайда қолдана алады.

Толығырақ
news
Жаңалықтар
14.11.2022
KMF Isker Hanymy-2022 байқауының жеңімпаздары анықталды!

Алматыда 11 қараша күні керемет шара өтті - KMF Isker Hanymy-2022 байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Толығырақ
news
Жаңалықтар
21.10.2022
Кәсіпте қасса алшақтығын несиесіз қалай болдырмауға болады?
Кез келген кәсіпкер касса алшақтығына және қаржының жеткіліксіздігіне тап болуы мүмкін. Әдетте олар мұндай кезде бірден несие алуға асығады. Алайда қа...
Толығырақ