cancel
KMF МҚҰ
KMF МҚҰ қосымшасында ашу

Көп балалы Төлегеновтар отбасына Компания атынан Микроавтобус сыйға тартылды

Көп балалы Төлегеновтар отбасына Компания атынан Микроавтобус сыйға тартылды
Жаңалықтар

13 қазан күні Қостанай қаласындағы «KMF» МҚҰ-ның кеңсесінде KMF филиалының жүргізушісі, көп балалы Нұрлан Төлегеновтың отбасына жаңа микроавтобустың кілті мен үй құрылысын аяқтауға жеткілікті ақшалай қаражат табыс етілді.

Нұрлан мен Гүлжауһар Төлегеновтардың үлкен әрі ынтымағы жарасқан отбасында тоғыз бала тәрбиеленуде, олардың сегізі асырап алынған балалар. Биылғы жылы Төлегеновтар отбасы ұлттық «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық іріктеуінде жеңімпаз атанып, Қазақстан бойынша 319 отбасы қатысқан дүбірлі додада екінші орынға ие болды. Біздің компания ұжымы болса, Нұрлан Ғалымжанұлына бітпеген үйінің құрылысын аяқтауға қаржылай көмек көрсетуді ұйғарып, «Бірігіп Ортақ үй тұрғызайық!» деген ұран тастап, нәтижесінде компанияның барлық қызметкерлері жұмыла отырып, жалпы сомасы 2,3 миллион болатын қаржы жинап берді. Сондай-ақ компания атынан құны 10 миллион теңге болатын су жаңа «Volkswagen Transporter» микроавтобусы сатып алынды. Мерейлі отбасына аталмыш сыйлықтарды салтанатты түрде «KMF» МҚҰ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Рауза Абдулвахитовна табыс етті.

Отағасы Нұрлан Төлегенов КМФ-тің Қостанай филиалында үш жылдан бері жүргізуші болып жұмыс істейді, ал отанасы мектепте директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметінде. Жарасымды жұбайлар көпбалалы болуды бұрыннан армандаған екен, бүгінгі күні армандарына жетіп қана қоймай, елге қадірлі, халыққа танымал мерейлі отбасы атанып, тоғыз балаға тәлім-тәрбие беріп отыр. Олардың отбасында түрлі ұлт өкілдерінің балалары тәрбиеленуде, құдды бір ынтымағы жарасқан Қазақстанның шағын көрінісі іспеттес. Ұлттық байқаудан екінші жүлделі орынға ие болып, мерейлері тасыған отбасының қуанышы үстем болып отыр.

Олардың үлкен ұлы ер жетіп азамат болып қалған, ал қалғандары әлі мектеп оқиды. Балалардың барлығы дерлік спорт секцияларына қатысып, түрлі облысаралық жарыстарға барады. Сыйға тартылған көлік болса, осы секілді жарыстарға жол ауыртпалығын артынбай жетулеріне жағдай жасап қоймай, отбасының қала сыртына шығып табиғат аясында демалуларына да аса қажет.

Олардың үлкен ұлы ер жетіп азамат болып қалған, ал қалғандары әлі мекетеп оқиды. Балалардың барлығы дерлік спорт секцияларына қатысып, түрлі облысаралық жарыстарға барады. Сыйға тартылған көлік болса, осы секілді жарыстарға жол ауыртпалығын артынбай жетулеріне жағдай жасап қоймай, отбасының қала сыртына шығып табиғат аясында демалуларына да аса қажет.

Бүгінгі күні Төлегеновтар отбасы Қостанай облысы Алтынсарин ауылында тұрады. Өздерінің армандарындағы зәулім үйлерін табиғаты тамылжыған Затобольск ауылында салып жатыр екен. Демек, компанияның көрсеткен көмегі дер кезінде беріліп отыр.

Нұрлан мен оның отбасы Компанияның басшылығы мен барша қызметкерлерінің көрсеткен қолдаулары мен көмектері үшін шексіз алғыстарын білдіріп, денсаулық, бейбітшілік пен өркендеу тіледі.

Тағы оқыңыз
news
Жаңалықтар
20.02.2023
KMF Colvir IT-платформасына көшеді

Бүгін KMF пен Colvir Software Solutions компаниясы бірлескен жобаны іске қосу туралы келісімге қол қойды. Colvir IT-платформасы KMF-ке жаңа өнімдерді...

Толығырақ
news
Жаңалықтар
10.02.2023
IFC мен KMF ауылдағы кәсіпкерлерге көмектесіп, әйелдер бизнесін қолдайды Алматы, Қазақстан
KMF компаниясы 250 мыңнан аса клиентке қызмет көрсетеді. Ауылдық жердегі кәсіпкерлердің үлесі 60 пайыздан асады, олардың көпшілігі - әйелдер.
Толығырақ
news
Жаңалықтар
04.01.2023
The Eurasian KMF туралы

«Микроқаржыландыру – бұл ең алдымен, әлеуметтік бағыттағы бизнес»

Толығырақ
news
Жаңалықтар
26.12.2022
KMF-ProMotor. Бизнеске арналған арнайы техника бұрынғыдан да қолжетімді
Енді алматылық кәсіпкерлер арнайы техниканы тартымды шарттармен сатып ала алады. 
Толығырақ
news
Жаңалықтар
25.11.2022
GEFF «Жасыл» қаржыландыруы. KMF клиенттері энергия үнемдейтін жабдықты, көліктерді сатып алып, кэшбэк ала алады
Бағдарлама бойынша өтемақы төлеу мерзімі 2023 жылдың тамыз айының соңына дейін ұзартылды.
Толығырақ
news
Жаңалықтар
21.11.2022
KMF-тің "Айхай 25!" науқаны аяқталды

18 қарашада тікелей эфирде өткен "Айхай 25!" науқанының гранд финалында үш жеңімпаздың есімі анықталды! Науқан атауы кездейсоқ таңдалған жоқ, биыл...

Толығырақ
news
Жаңалықтар
17.11.2022
Smart-кеңсе – KMF клиенттеріне қызмет көрсетудің жаңа форматы

KMF клиенттері жаңа Smart-кеңседе компания қызметтерін бұрынғыдан да қолайлы жағдайда қолдана алады.

Толығырақ
news
Жаңалықтар
14.11.2022
KMF Isker Hanymy-2022 байқауының жеңімпаздары анықталды!

Алматыда 11 қараша күні керемет шара өтті - KMF Isker Hanymy-2022 байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Толығырақ
news
Жаңалықтар
21.10.2022
Кәсіпте қасса алшақтығын несиесіз қалай болдырмауға болады?
Кез келген кәсіпкер касса алшақтығына және қаржының жеткіліксіздігіне тап болуы мүмкін. Әдетте олар мұндай кезде бірден несие алуға асығады. Алайда қа...
Толығырақ