cancel
KMF МҚҰ
KMF МҚҰ қосымшасында ашу
Жүктеу

Цифрлық келісімшарттар. Технология қағазды қалай үнемдейді

Цифрлық келісімшарттар. Технология қағазды қалай үнемдейді
Жаңалықтар

Қаржы қызметтеріне жылдам әрі оңай қол жеткізу, бюрократиядан арылып, табиғи ресурстарды үнемдеу. KMF компаниясы келісімшарттардың қағаз түріндегі нұсқасынан бас тартып, цифрлық форматқа толық көшті. Компания клиенттері ЭЦҚ немесе смс-тің көмегімен, санаулы секунд ішінде құжаттарға қол қойып, бірнеше минуттың ішінде бизнесін дамытуға қаржы ала алады.

- Келісімшарттарға электронды қол қоюға көшу – компаниямыздың цифрлық трансформациялануы аясында іске қосылған тағы бір жоба. Енді біздің клиенттерімізге менеджердің келісімшартты дайындап, қағазға басып шығаруын күтіп отырудың қажеті жоқ, бұл құжат мобильді қосымшамызда қолжетімді және онлайн қол қойылады. Белгілі бір соманы клиенттер шотқа немесе кез келген банк картасына ала алады. Ол үшін бөлімшеге барудың қажеті жоқ. Біз үшін клиенттің компаниямызбен өзара әрекетін барынша қарапайым етіп, уақыттарын үнемдеуге мүмкіндік беретін сервиспен қамтамасыз ету маңызды», - деді KMF Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов.

Без заголовка.jpg

KMF мамандарының айтуынша, цифрлық келісімшарттар іске қосылғалы бері қызметкерлер жұмысының өнімділігі де байқалыпты, себебі әр клиентке қызмет көрсету уақыты айтарлықтай қысқарған. Сондай-ақ компания кепілдікке қол қоюды да цифрландырды. Егер клиент микрокредитті кепілгердің көмегімен алатын болса, кепілгер әлемнің қай бұрышында болса да құжатқа онлайн қол қоя алады, Интернет болса болғаны.

- Біз компаниямыздың өнімдері мен қызметтерінің икемді, қолжетімді болуын қалайтын клиенттеріміздің үмітіне сай өзгеріп келеміз. Клиенттеріміздің 90 пайызы – кәсіпкерлер. Олар үшін қаржы мәселесін жылдам шешіп, бюрократияға уақыт жоғалтпау аса маңызды. Цифрлық келісімшарттарды ендіру бұл процестерді оңтайландырады және біз оның клиенттер үшін де, бизнес үшін де оң ықпалын көріп отырмыз. Бірінші кезекте қаржы өнімдеріне қолжетімділік қарапайым бола түседі, адами фактор, яғни қателіктер болмайды, сондай-ақ қызмет көрсету сапасы жоғарылайды», - деді спикер.

KMF клиенттерінің айтуынша, цифрлық келісімшарт қағазға қарағанда ыңғайлы, себебі ол үнемі жаныңда – смартфонда. Сонымен қатар, қажетті соманы енді жылдамырақ алуға болады. Келісімшарттарға электронды қол қоюдың көмегімен кәсіпкерлер бірнеше айда шамамен 12 млрд теңгеге қаржыландырылған. KMF-тің қысқа мерзімді мақсаты – цифрлық форматтағы қызметтердің барынша көп түрін ұсыну, ол бизнес-процестерді жылдамдатып қана қоймайды, экология үшін де айтарлықтай пайдалы. Пилоттық жоба шеңберінің өзінде KMF-те 210 бумаға жуық қағаз үнемделген, ол дегеніңіз – 12 ағаш. Жоба ауқымы кеңейген сайын бұл көрсеткіштер де арта бермек.

-KMF-тің бизнес-моделі ESG-принциптерін ұстануға бағытталған, біз БҰҰ-ның тұрақты даму саласындағы мақсаттары мен міндеттеріне қосыламыз, сондықтан табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға мүмкіндік беретін цифрлық шешімдер жасаймыз. Бұл ретте біздің барлық клиенттеріміз, соның ішінде шалғайдағы ауыл тұрғындары қаржыландыруды алу үшін заманауи IT-шешімдерді пайдалана алады. Бұл олардың уақытын едәуір үнемдеп, бизнестерін тиімді дамытуға және жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді», - деді спикер.

KMF-тің алдағы жоспарында өнімдер зертханасын дамыту тұр, оның негізінде клиенттер үшін технологиялық шешімдер жасалатын болады. Бұл микроқаржыландыруға қолжетімділікті кеңейтуге және одан да көп процестерді онлайнға ауыстыруға мүмкіндік береді.

Тағы оқыңыз
news
Жаңалықтар
24.04.2024
Орал қаласындағы клиенттердің назарына!
Құрметті клиенттер! Орал қаласындағы бөлімшеміз 24 сәуірден бастап штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлаймыз!
Толығырақ
news
Жаңалықтар
16.04.2024
Орал қаласындағы клиенттердің назарына!
Құрметті клиенттер, су басу жағдайларына байланысты KMF бөлімшесі 17-23 сәуір күндері жабық болатынын хабарлаймыз!
Толығырақ
news
Жаңалықтар
10.04.2024
Су тасқынынан зардап шеккен клиенттерге қолдау
Толығырақ
news
Жаңалықтар
27.03.2024
Техникалық жұмыстар
Құрметті клиенттер,

Техникалық жұмыстарға байланысты 27 наурыз сағат 22.00-ден 28 наурыз сағат 01.00-ге дейін 7474 желісі қолжетімсіз болады.
Кеңес алу...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
04.03.2024
7474 байланыс орталығы қайтадан іске қосылды
Уақытша болған ыңғайсыздық үшін кешірім сұраймыз
Толығырақ
news
Жаңалықтар
01.03.2024
KMF пен JICA микробизнесті қаржыландыруға 50 миллион доллар бөледі
KMF компаниясы жапондық халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (Japan International cooperation Agency, JICA) заем туралы келісімшарт жасасты
Толығырақ
news
Жаңалықтар
28.02.2024
Техникалық жұмыстар
Құрметті клиенттер,
Жоспарлы техникалық жұмыстарға байланысты 29 ақпан сағат 22.30-дан 1 наурыз сағат 00.00-ге дейін (жаңа уақыт бойынша) KMF-тің...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
05.12.2023
Талдықорғандық кәсіпкер әйел су жаңа автокөлік ұтып алды
Кәсібін нөлден бастап, үлкен жетістікке жеткен бизнес иелері еліміздің түкпір-түкпірінде кездеседі
Толығырақ
news
Жаңалықтар
02.10.2023
KMF қымбатты достарға құнды жүлделер табыс етеді!
KMF топтық микроқаржыландыруға қатысушы клиенттеріне бағалы сыйлықтар мен жағымды бонустар сыйлайды.
Толығырақ