cancel
KMF МҚҰ
KMF МҚҰ қосымшасында ашу

Талдықорған қаласындағы KMF филиалы Алматы облысының клиенттеріне қызмет көрсету бойынша өз мүмкіндіктерін кеңейтуде.

Талдықорған қаласындағы KMF филиалы  Алматы облысының клиенттеріне қызмет көрсету бойынша өз мүмкіндіктерін кеңейтуде.
Жаңалықтар
28 қыркүйекте KMF микроқаржылық ұйымының жаңа кеңсесінің ашылуы болып өтті. Қызмет көрсететін клиенттер санын арттыруға мүмкіндік беретін, клиенттерге қолайлы кең операциялық залы мен кассалары бар кеңсе қала орталығында орналасқан.

Талдықорған қаласындағы KMF филиалының жаңа кеңсесінің аумағы 1000 шаршы метр, салыстырмалы түрде алсақ, бұрынғы ғимараттан үш есе үлкен, бұл дегеніміз микроқаржылық ұйымның аймақтық өкілдігінің ауқымы мен өсу қарқынының көрінісі. 1997 жылы KMF-тің тарихы дәл осы жерде, Талдықорғанда «Қазақстанның Кредиттеу Қоры» шеңберінде топтық микрокредит беру жобасының ашылуынан бастау алған болатын.

Бүгінгі күні Алматы облысының облыс орталығында орналасқан KMF филиалы географиялық аумағын кеңейте отырып, 24 500 астам тұрғынды қол жетімді қаржы көзімен қамтамасыз етіп отыр. Бүгінгі күнгі кредиттік қоржыны 6 млрд. теңге. Облыста KMF-тің кредиттік қаражатының көмегімен 2 мыңнан астамы жалдамалы жұмысшылардан тұратын 15 700 жұмыс орны ашылып, кәсіптерін дамыту үшін тұрақты түрде қол жетімді қаржы алып отыр. Оған қоса аталмыш филиал аймақтағы көптеген ірі елді мекендерді қамтиды: Сарқанд, Үшарал, Жаркент, Үштөбе қалалары мен Шонжы, Жансүгіров, Қарабұлақ, Кеген, Сарыөзек және т.б. ауылдары.

«Жеке меншік ғимаратта орналасқан осы кеңсенің ашылуы - жалпы KMF үшін айтулы оқиға. Себебі дәл осы Талдықорған қаласында біздің ұйымның тарихы басталған болатын, бүгінгі күні Талдықорған қаласындағы өкілдігіміз ірі филиалдардың қатарынан орын алып отыр. Көптеген облыс тұрғындарына микрокредит беру бойынша қызмет көрсетудің бұрынғыдан да қолайлы мүмкіндігі туындағанына аса қуаныштымын», - деді сөйлеген сөзінде «KMF» МҚҰ Басқарма Төрағасы Жүсіпов Шалқар.

«Біздің кредиттік бағдармалардың облыс тұрғындарына өзектілігі әрі маңыздылығы, сондай-ақ клиенттер санының қарқынды өсуі клиенттер мен қызметкерлерге жайлы, жаңа әрі кең кеңсенің ашылуына ықпал етті. Қызметкерлерді кредит беру процессінен үзбей, стажерларды оқыту мүмкіндігі туындады», - деп баяндайды Талдықорған қаласындағы KMF филиалының директоры Жарқын Сәдуақасов.

KMF-тен алынған қаржылай қолдаудың арқасында 50 000 астам жұмыс орны ашылып отыр. Олар фермерлер мен үй маңы шаруашылығын жүргізетін ауыл тұрғындары. Кредит жыл бойы қол жетімді, тұрғындар кредитті қалаған уақыттарында тұқым алуға, жанар-жағар май, жем-шөп дайындауға, егін жинауға, техника жөндеуге және мал қора салуға алады. Тағы бір атап өтерлік жайт, KMF клиенттерінің 64% әйелдер.

KMF - тұрғындарға қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша тегін семинарлар өткізетін бірден бір микроқаржылық ұйым. 2015 жылы Қазақстан бойынша 30 000 астам адам семинарға қатысты. Ал, бағдарлама басталғалы бері, яғни 2013 жылдың қараша айынан бастап 86 000 астам тұрғынға қаржылық сауаттылық бойынша тегін сабақ өткізілген, бұл дегеніміз, біздің белсенді клиенттеріміздің 50% астамы.

Жалпы алғанда, қазақстандықтар үшін қолжетімді қаржыландыру көзі болып табылатын микрокредиттеу саласы, әсіресе ауылдық жерде маңызды әлеуметтік қызмет атқарады. KMF компаниясы облыс тұрғындарына бизнестің дамуы мен өркендеуі үшін кредит беруін жалғастыра бермек.
Тағы оқыңыз
news
Жаңалықтар
20.02.2023
KMF Colvir IT-платформасына көшеді

Бүгін KMF пен Colvir Software Solutions компаниясы бірлескен жобаны іске қосу туралы келісімге қол қойды. Colvir IT-платформасы KMF-ке жаңа өнімдерді...

Толығырақ
news
Жаңалықтар
10.02.2023
IFC мен KMF ауылдағы кәсіпкерлерге көмектесіп, әйелдер бизнесін қолдайды Алматы, Қазақстан
KMF компаниясы 250 мыңнан аса клиентке қызмет көрсетеді. Ауылдық жердегі кәсіпкерлердің үлесі 60 пайыздан асады, олардың көпшілігі - әйелдер.
Толығырақ
news
Жаңалықтар
04.01.2023
The Eurasian KMF туралы

«Микроқаржыландыру – бұл ең алдымен, әлеуметтік бағыттағы бизнес»

Толығырақ
news
Жаңалықтар
26.12.2022
KMF-ProMotor. Бизнеске арналған арнайы техника бұрынғыдан да қолжетімді
Енді алматылық кәсіпкерлер арнайы техниканы тартымды шарттармен сатып ала алады. 
Толығырақ
news
Жаңалықтар
25.11.2022
GEFF «Жасыл» қаржыландыруы. KMF клиенттері энергия үнемдейтін жабдықты, көліктерді сатып алып, кэшбэк ала алады
Бағдарлама бойынша өтемақы төлеу мерзімі 2023 жылдың тамыз айының соңына дейін ұзартылды.
Толығырақ
news
Жаңалықтар
21.11.2022
KMF-тің "Айхай 25!" науқаны аяқталды

18 қарашада тікелей эфирде өткен "Айхай 25!" науқанының гранд финалында үш жеңімпаздың есімі анықталды! Науқан атауы кездейсоқ таңдалған жоқ, биыл...

Толығырақ
news
Жаңалықтар
17.11.2022
Smart-кеңсе – KMF клиенттеріне қызмет көрсетудің жаңа форматы

KMF клиенттері жаңа Smart-кеңседе компания қызметтерін бұрынғыдан да қолайлы жағдайда қолдана алады.

Толығырақ
news
Жаңалықтар
14.11.2022
KMF Isker Hanymy-2022 байқауының жеңімпаздары анықталды!

Алматыда 11 қараша күні керемет шара өтті - KMF Isker Hanymy-2022 байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Толығырақ
news
Жаңалықтар
21.10.2022
Кәсіпте қасса алшақтығын несиесіз қалай болдырмауға болады?
Кез келген кәсіпкер касса алшақтығына және қаржының жеткіліксіздігіне тап болуы мүмкін. Әдетте олар мұндай кезде бірден несие алуға асығады. Алайда қа...
Толығырақ