
Клиенттерді қолдау бағдарламасының аясында 2020 жылдың 8-30 шілдесі аралығында KMF-те кредитті өтегенде өсімақыны алып тастау бойынша акция әрекет етеді. Акцияға екі санаттағы клиенттер қатыса алады:
2020 жылдың 7 шілдесінен кейін төлемді кешіктірген қарыз алушылар
Ағымдағы ай сайынғы төлемді 30 шілдеге дейін өтеген жағдайда шілденің 8-30 аралығында кешіктірілген күндер үшін өсімақы есептелмейді.
2020 жылдың 7 шілдесіндегі жағдай бойынша кешіктірілген берешегі бар қарыз алушылар.Кешіктірілген берешекті 30 шілдеге дейін толық өтеген жағдайда, шілденің 8-30 аралығындағы кезең үшін өсімақы есептелмейді.
Кредитті өтеу шарттары бойынша толық ақпаратты өзіңіздің кредиттік сарапшыңыздан немесе 7474 нөмірі бойынша колл-орталықтан (мобильді телефоннан тегін) біліңіз.



Бүгін KMF пен Colvir Software Solutions компаниясы бірлескен жобаны іске қосу туралы келісімге қол қойды. Colvir IT-платформасы KMF-ке жаңа өнімдерді...


«Микроқаржыландыру – бұл ең алдымен, әлеуметтік бағыттағы бизнес»



18 қарашада тікелей эфирде өткен "Айхай 25!" науқанының гранд финалында үш жеңімпаздың есімі анықталды! Науқан атауы кездейсоқ таңдалған жоқ, биыл...

KMF клиенттері жаңа Smart-кеңседе компания қызметтерін бұрынғыдан да қолайлы жағдайда қолдана алады.