
2015 жылдың 1 сәуірінде «KMF» МҚҰ «Ордабасы» Оңтүстік Қазақстан филиалының салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. Шараға компания басшылығы, Шымкент филиалының қызметкерлері, KMF клиенттері мен серіктестері қатысты.
Он сегізінші филиалдың тұсауын кескен, Басқарма Төрағасы Жүсіпов Шалқар Аманқосұлы шараны құттықтау сөзімен ашса, KMF серіктестері жылы лебіздері мен ізгі тілектерін білдіріп жатты. Ал, клиенттер болса, KMF-пен серіктестік барысындағы оң тәжірибелерімен бөлісіп, компанияға алғыс білдіріп, сәттілік тіледі. «Ордабасы» - ел игілігінің бастамасы болғай.
«Ордабасы» Оңтүстік Қазақстан филиалының мекенжайы: Шымкент қаласы, Жомарт Тыныбаев көшесі, 28 а-б.



Бүгін KMF пен Colvir Software Solutions компаниясы бірлескен жобаны іске қосу туралы келісімге қол қойды. Colvir IT-платформасы KMF-ке жаңа өнімдерді...


«Микроқаржыландыру – бұл ең алдымен, әлеуметтік бағыттағы бизнес»



18 қарашада тікелей эфирде өткен "Айхай 25!" науқанының гранд финалында үш жеңімпаздың есімі анықталды! Науқан атауы кездейсоқ таңдалған жоқ, биыл...

KMF клиенттері жаңа Smart-кеңседе компания қызметтерін бұрынғыдан да қолайлы жағдайда қолдана алады.