cancel
KMF МҚҰ
KMF МҚҰ қосымшасында ашу

Несие - сол жетімді!

Несие - сол жетімді!
Жаңалықтар

«Костанайские новости» газеті, Қостанай, 07.06.2012 ж.

KMF микрокредитік ұйымының Қостанайда жұмыс істеп жатқанына бір жыл және Қазақстан нарығында жұмыс істегеніне 15 жыл болды. Өткен жыл ішінде көптеген қостанайлықтар кредиттердің қол жетімді, ал оларды алу – оңай бола алатынына көз жеткізді.

KMF-тің Қостанай филиалының директоры Ғалия Мұқашева әңгімелейді:
- 15 жылдық ішінде ҚазМикроҚаржы Талдықорғандағы шағын қоғамдық корпоративтік қордан ірі қаржы құрылымына дейінгі жолды жүріп өтті. Бүгінде біздің Қазақстанның ірі қалаларында 14 филиалымыз және аудандар мен ауылдарда 55 бөлімшеміз бар. Біз алдымызға қалалық тұрғындарды ғана емес, сонымен бірге ауылдың тұрғын халқын да микрокредиттеумен қамтуды міндет етіп қоямыз. Өйткені біздің қоржынымызда қалалық бизнес қана емес, сонымен бірге агробизнеске арналған өнімдер де бар. KMF-тің бүгінгі күнде бүкіл Қазақстан бойынша 56 мыңнан астам белсенді клиенттерінің бар екені туралы дерек біздің ел экономикасына қосқан үлесіміз бен оның көлемі жөнінде хабар береді. Егер жеке Қостанайды алар болсақ, жыл ішінде бізден 700-ден астам адам кредит алды және клиенттердің саны күн сайын артуда.
Шынында да, Қозыбаев 153-те орналасқан KMF тің кеңсесіндегі адамдардың санына қарағанда, бұл микрокредиттік ұйымның қызметі жоғары сұранысқа ие сияқты. Келушілерден, өздерінің қаржылық проблемаларын шешу үшін неге KMF-ті таңдағандарын сұрадық?


Ғалия Түребаева:
- Мен KMF-тен екінші рет кредит алудамын. Бірінші рет оқудың ақысын төлеуге ақша алғанмын, қазір міне балам машина сатып алмақ болып шешті, көмектескім келеді. Бұнда кредитті екі-үш күннің ішінде алуға болатыны ұнайды. Кез келген банктен айырмашылығы бұнда барынша аз құжаттардың пакетін сұрайды. Бұнда өтінімді қарағаны үшін ақы төлеу қажет емес, кепілдікті бағалау да тегін. Оны KMF-тің қызметкерлері өздері жүргізеді. Ал егер пайыздық мөлшерлеме туралы айтар болсақ, ол сол банктермен салыстырғанда толық бәсекеге қабілетті. Мен шағын базарда жұмыс істеймін. Өзімнің әріптестеріммен сөйлескен кезде мен көбінің осы KMF-те өз қажеттіліктеріне кредит алып жүргенін білдім.

KMF-тің орта статистикалық клиенті кімдер?

- Негізінен бізден сауда және қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлер кредит алады, - дейді Ғалия Мұқашева. – Сонымен бірге қостанайлықтар демалуға, жөндеуге, медициналық қызметтерге және басқа да тұтынушылық мақсаттарға кредит ала алады. Қазір, ауылдық елді мекендерде бөлімшелердің ашылуына байланысты, ауыл тұрғындары кредит алуға барған сайын жиі өтініш беруде. Ақшаны қысқа мерзімге, негізінен жеті-сегіз айға алады. Біздің клиенттерімізді, сөзсіз, кредиттерді ресімдеудің оңай екендігі қызықтырады. Біз қандай да бір қосымша төлемдерді талап етпейміз, біздің шарттарымыз ашық, келісім-шартымыз қарапайым және одан ешқандай да құрулы тұзақты таппайсыз.
Қостанай қ-ғы филиал өзінің дамуын жалғастырып және географиялық кеңею жолында қадам басуда екенін айту ғана қалды, наурыз айынан бастап Рудный қ да бөлімше жұмыс істеуде, жоспарда – облыстың басқа аймақтарына өз қызметтерімізбен шығу.

Тимур Түркістанов

Тағы оқыңыз
news
Жаңалықтар
30.03.2023
«Сұрақ-жауап»: жеке тұлғалардың банкроттығы жөнінде нені білу маңызды
Банкроттық рәсімдері шеңберінде кредитормен өз інің қарыздары бойынша берешекті қалай ша реттеу жөнінде , Fingramota.kz -ке « Қазақстан қаржыгерлерінің...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
29.03.2023
KMF - ЕҚҚДБ-ның микробизнесті және ШОБ-ты қаржыландыру бойынша үздік қаржылық серіктесі
Алматыда 27 наурыз күні Қазақстанда GEFF II Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасын іске қосуға арналған іс-шара өтті, оған бизнес өкілдері, қарж...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
20.02.2023
KMF Colvir IT-платформасына көшеді

Бүгін KMF пен Colvir Software Solutions компаниясы бірлескен жобаны іске қосу туралы келісімге қол қойды. Colvir IT-платформасы KMF-ке жаңа өнімдерді...

Толығырақ
news
Жаңалықтар
10.02.2023
IFC мен KMF ауылдағы кәсіпкерлерге көмектесіп, әйелдер бизнесін қолдайды Алматы, Қазақстан
KMF компаниясы 250 мыңнан аса клиентке қызмет көрсетеді. Ауылдық жердегі кәсіпкерлердің үлесі 60 пайыздан асады, олардың көпшілігі - әйелдер.
Толығырақ
news
Жаңалықтар
04.01.2023
The Eurasian KMF туралы

«Микроқаржыландыру – бұл ең алдымен, әлеуметтік бағыттағы бизнес»

Толығырақ
news
Жаңалықтар
26.12.2022
KMF-ProMotor. Бизнеске арналған арнайы техника бұрынғыдан да қолжетімді
Енді алматылық кәсіпкерлер арнайы техниканы тартымды шарттармен сатып ала алады. 
Толығырақ
news
Жаңалықтар
25.11.2022
GEFF «Жасыл» қаржыландыруы. KMF клиенттері энергия үнемдейтін жабдықты, көліктерді сатып алып, кэшбэк ала алады
Бағдарлама бойынша өтемақы төлеу мерзімі 2023 жылдың тамыз айының соңына дейін ұзартылды.
Толығырақ
news
Жаңалықтар
21.11.2022
KMF-тің "Айхай 25!" науқаны аяқталды

18 қарашада тікелей эфирде өткен "Айхай 25!" науқанының гранд финалында үш жеңімпаздың есімі анықталды! Науқан атауы кездейсоқ таңдалған жоқ, биыл...

Толығырақ
news
Жаңалықтар
17.11.2022
Smart-кеңсе – KMF клиенттеріне қызмет көрсетудің жаңа форматы

KMF клиенттері жаңа Smart-кеңседе компания қызметтерін бұрынғыдан да қолайлы жағдайда қолдана алады.

Толығырақ