cancel
KMF МҚҰ
KMF МҚҰ қосымшасында ашу
Жүктеу

KMF-тің Тараз филиалы Жамбыл облысының клиенттеріне қызмет көрсету аясын кеңейтуде

KMF-тің Тараз филиалы Жамбыл облысының клиенттеріне қызмет көрсету аясын кеңейтуде
Жаңалықтар
14 шілде күні Тараз қаласында KMF микроқаржылық ұйымының жаңа кеңсесі салтанатты түрде ашылды. Кеңсе қала орталығында орналасқан, қызмет көрсетілетін клиенттер санын арттыруға мүмкіндік беретін кең операциялық залмен және кассалармен жасақталған.    

KMF-тің Тараздағы жаңа кеңсесінің ауданы 1300 шаршы метрді құрайды, бұл алдыңғы ғимараттан төрт есе үлкен. Осы көрсеткіштен-ақ микроқаржылық ұйымның аймақтық өкілдігінің өсу ауқымын және даму қарқынын байқауға болады. Ғимаратта клиенттер үшін  үлкен операциялық зал (150 шаршы м.), электронды кезек жүйесі, үш төлем терминалы қарастырылған. Касса аймағы мүмкіндігі шектеулі клиенттерге қызмет көрсету бөлмесін қосқанда, бес кассалық кабинамен жасақталған. Кеңсе қала орталығында ыңғайлы жерде орналасқан, жанында бірнеше банк, ХҚКО, сауда орталықтары бар. Ол жерге қатынайтын қоғамдық көліктің саны да аз емес.  

Бүгінгі таңда Жамбыл облысының орталығындағы KMF филиалы облыстың тоғыз ауданында тұратын кредиттік қоржыны 9 млрд.теңгені құрайтын 26 700 астам клиентке қызмет көрсетеді. KMF филиалының кредиттік қаражатының көмегімен 22 700 жұмыс орны ашылған, соның ішінде 2 мыңы жалдамалы жұмыскерлер. Филиал шаруаларды қолжетімді кредиттік қаражатпен қамтамасыз етіп отыр. Филиал қарыз алушыларының 79%-дан астамын ауыл тұрғындары құрайды. Сонымен қатар филиал осы өңірдің бірнеше елді мекендерінің халқына қызмет көрсетеді (атап айтсақ: Жаңатас, Каратау, Шу қалалары,  Қордай, Құлан, Мерке, Б. Момышұлы ауылдары мен кенттері және т.б.)  

«Тараз қаласында жаңа кеңсенің ашылуы – бүкіл KMF үшін маңызды оқиға. Облыс тұрғындарының бұрынғыдан да көп санына микрокредиттеу бойынша қызмет көрсете алатынымыз бізді қатты қуантады», -  деп KMF Басқарма Төрағасы Шалқар Жүсіпов кеңсенің ашылу салтанатында өз ойын білдірді.

«Облыс тұрғындары тарапынан біздің кредиттік өнімдерге үлкен сұраныс, сонымен қатар клиенттер санының артуы аса ыңғайлы әрі кең жаңа кеңсенің ашылуына мүмкіндік берді. Жаңа кеңсе тек клиенттер үшін ғана емес, сонымен қатар қызметкерлер үшін де аса ыңғайлы болмақ. Қызметкерлерді кредиттеу процесінен алшақтатпай, тағылымдамадан өтушілерді оқыту мүмкіндігі пайда болды» - деп баяндайды KMF-тің Тараз филиалының директоры Сауле Ибраева.

Жалпы алғанда, KMF-тің заемдық қаражаты есебінен ауылдық жерлерде 60 000 жұмыс орны ашылып, қаржыландырылады. Фермерлер мен үй маңында шаруашылықпен айналысатын ауыл тұрғындары кредиттерді тұқым, ЖЖМ сатып алу, жем-шөп дайындау, астықты жинап алу, техниканы жөндеу және мал қораларды жөндеу мақсатында жыл бойы үзбей алады. KMF клиенттерінің  64%-ы нәзік жандылар екенін атап өткен жөн.  

KMF – тұрғындар үшін қаржылық сауаттылық бойынша тегін семинар өткізетін Қазақстандағы жалғыз микроқаржылық ұйым. Жоба басталған сәттен бастап, яғни 2013 жылдың қараша айынан бері 110 000 адам қаржылық сауаттылықтарын арттыруға мүмкіндік алған.  
Компания жалпы микрокредиттеу, әсіресе ауылдық жерлерде қазақстандықтар үшін қолжетімді қаржыландырудың қайнары ретінде маңызды әлеуметтік функцияны атқарады. KMF компаниясы облыс тұрғындарының бизнесін дамыту мақсатында кредиттер беруді одан әрі жалғастыра бермек.
Тағы оқыңыз
news
Жаңалықтар
24.04.2024
Орал қаласындағы клиенттердің назарына!
Құрметті клиенттер! Орал қаласындағы бөлімшеміз 24 сәуірден бастап штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлаймыз!
Толығырақ
news
Жаңалықтар
16.04.2024
Орал қаласындағы клиенттердің назарына!
Құрметті клиенттер, су басу жағдайларына байланысты KMF бөлімшесі 17-23 сәуір күндері жабық болатынын хабарлаймыз!
Толығырақ
news
Жаңалықтар
10.04.2024
Су тасқынынан зардап шеккен клиенттерге қолдау
Толығырақ
news
Жаңалықтар
27.03.2024
Техникалық жұмыстар
Құрметті клиенттер,

Техникалық жұмыстарға байланысты 27 наурыз сағат 22.00-ден 28 наурыз сағат 01.00-ге дейін 7474 желісі қолжетімсіз болады.
Кеңес алу...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
04.03.2024
7474 байланыс орталығы қайтадан іске қосылды
Уақытша болған ыңғайсыздық үшін кешірім сұраймыз
Толығырақ
news
Жаңалықтар
01.03.2024
KMF пен JICA микробизнесті қаржыландыруға 50 миллион доллар бөледі
KMF компаниясы жапондық халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (Japan International cooperation Agency, JICA) заем туралы келісімшарт жасасты
Толығырақ
news
Жаңалықтар
28.02.2024
Техникалық жұмыстар
Құрметті клиенттер,
Жоспарлы техникалық жұмыстарға байланысты 29 ақпан сағат 22.30-дан 1 наурыз сағат 00.00-ге дейін (жаңа уақыт бойынша) KMF-тің...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
05.12.2023
Талдықорғандық кәсіпкер әйел су жаңа автокөлік ұтып алды
Кәсібін нөлден бастап, үлкен жетістікке жеткен бизнес иелері еліміздің түкпір-түкпірінде кездеседі
Толығырақ
news
Жаңалықтар
02.10.2023
KMF қымбатты достарға құнды жүлделер табыс етеді!
KMF топтық микроқаржыландыруға қатысушы клиенттеріне бағалы сыйлықтар мен жағымды бонустар сыйлайды.
Толығырақ