cancel
KMF МҚҰ
KMF МҚҰ қосымшасында ашу
Жүктеу

KMF-ProMotor. Бизнеске арналған арнайы техника бұрынғыдан да қолжетімді

KMF-ProMotor. Бизнеске арналған арнайы техника бұрынғыдан да қолжетімді
Жаңалықтар

Енді алматылық кәсіпкерлер арнайы техниканы тартымды шарттармен сатып ала алады. 25 жылдан бері кәсіпкерлікті микроқаржыландырумен айналысып келе жатқан KMF компаниясы жаңа және келісімшарттық арнайы техниканы сатумен айналысатын мультибрендті NKB Group компаниясының серіктес болды. Бұл ұйым нарықта 15 жылдан бері жұмыс істеп келеді және еліміздегі ірі жеткізушілердің бірі болып табылады.

KMF компаниясы KMF-ProMotor микрокредиттік бағдарламасы аясында әлемдік танымал өндірушілердің арнайы техникаларын сатып алуды ұсынады. Микрокредиттің максималды сомасы - 60 миллион теңге, ал мерзімі - 84 айға дейін. Сонымен қатар, ай сайынғы төлемді KMF мобильді қосымшасы арқылы жеңіл әрі жылдам жүзеге асыруға болады. Айта кетейік, бұл өнім әзірше тек алматылық кәсіпкерлер үшін қолжетімді. Болашақта басқа аймақтардың тұрғындары да KMF-ProMotor-ды пайдалана алады.

«KMF көптеген жылдар бойы Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдап, дамытып келеді. Бізге сенім артқан 250 мыңнан аса клиентіміз бар, көпшілігі ауылдық жерлерде шоғырланған. Олардың арасында сапалы және қуатты арнайы техника табысты бизнестің негізгі құрамдас бөлігі болып табылатын агробизнес, өндірістік кәсіпорындардың иелері бар. Сол үшін де біз кәсіпкерлерге қажетті техниканы сатып алу үшін ыңғайлы және икемді микроқаржыландыруды беру мақсатында NKB Group компаниясымен серіктес болуды шештік», - дейді KMF компаниясының Сату және өңірлік желіні дамыту департаментінің директоры Арман Абылайхан.

Компания қызметкерлерінің айтуынша, KMF-ProMotor аясында арнайы техниканың кез келген түрін таңдауға болады – жол- құрылыс, жүк көтеру-тиеу, қойма техникасы және тағы да басқа. Сонымен қатар, оны ЕҚҚДБ-ның GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы бойынша да сатып алуға болады. Ол үшін жабдықты таңдау жеткілікті, егер ол бағдарламаның параметрлеріне сәйкес келсе, клиентке микрокредит сомасының 10% көлемінде кэшбэк беріледі. Айта кетейік, KMF GEFF бағдарламасы бойынша Еуропалық қайта құру және даму банкінің алғашқы қаржылық серіктестерінің бірі болып табылады.

KMF - микроқаржы индустриясының флагманы. Нарықта 25 жылдан бері жұмыс істеп келеді. КMF стратегиясы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған, қызмет еткен жылдар ішінде мұнда 700 мыңнан аса клиентке қызмет көрсетілді. KMF микроқаржыландыруға қолжетімділікті қарапайым, ыңғайлы әрі жылдам ете отырып, цифрлық қызметтерді жетілдіріп, өз клиенттеріне бұдан да зор мүмкіндіктері ұсынуды жоспарлап отыр.

*Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы

Тағы оқыңыз
news
Жаңалықтар
19.05.2023
ЕҚҚДБ мен KMF әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландыруға $35 млн бөледі
Еуропа қайта құру және даму банкі KMF-ке 35 млн доллар бөледі, компания оны әйелдер кәсіпкерлігін микроқаржыландыруға және "жасыл" экономика...
Толығырақ
news
Ұтыс ойындары
02.05.2023
KMF Алматы облысының тұрғынына автокөлік сыйлады
Аршидин Тұрғанов KMF компаниясының "KMF-Qurmet" ниеттестік бағдарламасының қатысушылары арасында тұңғыш рет өткен ұтыс ойынында жеңіске жетк...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
30.03.2023
«Сұрақ-жауап»: жеке тұлғалардың банкроттығы жөнінде нені білу маңызды
Банкроттық рәсімдері шеңберінде кредитормен өз інің қарыздары бойынша берешекті қалай ша реттеу жөнінде , Fingramota.kz -ке « Қазақстан қаржыгерлерінің...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
29.03.2023
KMF - ЕҚҚДБ-ның микробизнесті және ШОБ-ты қаржыландыру бойынша үздік қаржылық серіктесі
Алматыда 27 наурыз күні Қазақстанда GEFF II Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасын іске қосуға арналған іс-шара өтті, оған бизнес өкілдері, қарж...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
20.02.2023
KMF Colvir IT-платформасына көшеді

Бүгін KMF пен Colvir Software Solutions компаниясы бірлескен жобаны іске қосу туралы келісімге қол қойды. Colvir IT-платформасы KMF-ке жаңа өнімдерді...

Толығырақ
news
Жаңалықтар
10.02.2023
IFC мен KMF ауылдағы кәсіпкерлерге көмектесіп, әйелдер бизнесін қолдайды Алматы, Қазақстан
KMF компаниясы 250 мыңнан аса клиентке қызмет көрсетеді. Ауылдық жердегі кәсіпкерлердің үлесі 60 пайыздан асады, олардың көпшілігі - әйелдер.
Толығырақ
news
Жаңалықтар
04.01.2023
The Eurasian KMF туралы

«Микроқаржыландыру – бұл ең алдымен, әлеуметтік бағыттағы бизнес»

Толығырақ
news
Жаңалықтар
25.11.2022
GEFF «Жасыл» қаржыландыруы. KMF клиенттері энергия үнемдейтін жабдықты, көліктерді сатып алып, кэшбэк ала алады
Бағдарлама бойынша өтемақы төлеу мерзімі 2023 жылдың тамыз айының соңына дейін ұзартылды.
Толығырақ
news
Жаңалықтар
21.11.2022
KMF-тің "Айхай 25!" науқаны аяқталды

18 қарашада тікелей эфирде өткен "Айхай 25!" науқанының гранд финалында үш жеңімпаздың есімі анықталды! Науқан атауы кездейсоқ таңдалған жоқ, биыл...

Толығырақ