Жаңалықтар
KMF - ЕҚҚДБ-ның микробизнесті және ШОБ-ты қаржыландыру бойынша үздік қаржылық серіктесі
Алматыда 27 наурыз күні Қазақстанда GEFF II Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасын іске қосуға арналған іс-шара өтті, оған бизнес өкілдері, қаржы институттары мен халықаралық ұйымдар қатысты.
Бағдарламаның екінші кезеңінде ЕҚҚДБ жеке тұлғалар мен шағын және орта бизнес компанияларына кредит беру үшін қаржы институттарына 150 млн доллар ұсынады. Сондай-ақ, қаржыландыру жасыл технологияларды жеткізушілер мен өндірушілерге берілмек.
"Жасыл экономикаға көшу Қазақстанның қаржы секторын қалай өзгертеді" атты панельдік пікірталаста сарапшылар GEFF бағдарламасы арқылы қаржы секторына ұсынылатын сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді талқылады.
Қарлығаш Райханова, KMF Басқарма төрағасының орынбасары
- KMF 18 жылдан бері ЕҚҚДБ-ның серіктесі. Бұл серіктестік біз үшін құнды, себебі біз мақсаттарымыздың ұқсастығын көреміз. KMF өңірлерде бизнесті дамытады, шалғайдағы елдімекендерді қолжетімді микрокредиттеумен қамтиды, әйелдер кәсіпкерлігін қолдайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, біздің клиенттеріміз құрған кәсіпорындарға 30 мыңға жуық адам жұмысқа тұрған. Біз бұл көрсеткіштің жыл сайын өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. KMF жауапты қаржыландыру философиясын ұстанады, сондықтан 2020 жылы біз GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру Бағдарламасына қуана қатыстық. KMF бұл бағдарламаның алғашқы қатысушысы болды және біз оны мақтан тұтамыз.
Іс-шара аясында марапаттау рәсімі өтті, оның барысында KMF Еуропа қайта құру және даму банкінен "Микробизнесті және ШОБ-ты қаржыландыру бойынша үздік қаржылық серіктес" номинациясы бойынша марапатқа ие болды. KMF клиенттері жүзеге асырған үздік жасыл жобалар да құрмет грамоталарымен марапатталды.
Жасыл экономиканы қаржыландыру Бағдарламасы аясында KMF клиенттері 1,7 млрд теңгеге энергия үнемдейтін жабдықтар мен техника сатып алды, сонымен қатар, кэшбэк түріндегі өтемақыға ие болды.
Энергияны және ресурсты үнемдейтін жобалар Қазақстанның жасыл экономикаға көшуіне ықпал етеді, ал GEFF және KMF қаржыландыру бағдарламасының көмегімен мұндай жобаларды іске асыру қол жетімді болады.

Тағы оқыңыз