cancel
KMF МҚҰ
KMF МҚҰ қосымшасында ашу
Жүктеу

«KMF» МҚҰ жалпы көлемі 10 млрд теңге болатын купондық облигациялар орналастырды

«KMF» МҚҰ жалпы көлемі 10 млрд теңге болатын купондық облигациялар орналастырды
Жаңалықтар

2023 жылғы 21 маусымда «KMF (ҚМФ)» микроқаржылық ұйымы» ЖШС (бұдан әрі - «KMF») купондық облигациялары «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) сауда-саттық алаңында жылдық 20,00% өтеуге орташа алынған кірістілікпен жалпы 10 млрд теңге көлемінде жоспарлы түрде сәтті орналастырылды.

KMF, эмитент ретінде, нарық қатысушыларының назарын өзінің бағалы қағаздарына тағы бір рет аудартты, осыған орай аукцион қорытындысы бойынша инвесторлар тарапынан сұраныс ұсыныстан асып түсті. Нәтижесінде орналастыру сомасы 10 млрд теңгені, ал қанағаттандырылған өтінімдердің жалпы саны 38-ді құрады. 

Бағалы қағаздар KMF облигацияларының үшінші шығарылымы шеңберінде орналастырылды, айналыс мерзімі 12 ай.  Сауда-саттық қорытындысы бойынша сұраныс пен ұсыныстың жалпы ара қатысы 155,8% құрады, бұл эмитент ретінде KMF-ке сенімнің жоғары деңгейін көрсетеді. Инвесторлардың қатарында заңды тұлғалар мен бөлшек инвесторлар бар. 

Облигацияларды орналастыру нәтижесінде тартылған сома KMF-ке маңызды әлеуметтік мәні бар жобаларды қорландыру көздерін әртараптандыруға мүмкіндік береді. Жүзеге асырылатын жобалар экономиканың әртүрлі секторын дамытуға, халықты жұмыспен қамтуға және әл-ауқатын арттыруға, жұмыс орындарын ұлғайтуға, тиісінше бюджетке салық аударымдарының өсуіне тікелей әсер етеді. 

BCC Invest компаниясы сауда-саттықты ұйымдастырушы және андеррайтер болды. Ол жергілікті бағалы қағаздар нарығында үздік қаржы кеңесшісі деген мәртебені растады.

 

АНЫҚТАМА:

KMF – Қазақстандағы ірі МҚҰ бірі, нарықта 25 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 15 филиалы және 17 бөлімшесі бар. Бүгінде KMF 257 мыңнан астам клиентке қызмет көрсетеді. 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша компания активтері 242,97 млрд теңгені, меншікті капитал 55,5 млрд теңгені құрады. 2023 жылдың бірінші тоқсанында KMF-тің таза пайдасы 3,01 млрд теңгеден асты. KMF акционерлері: 45,4% мажоритарлық үлесі бар «KMF-Демеу» корпоративтік қоры (Қазақстан), сонымен қатар халықаралық қорлар: MultiConcept Fund Management, responsAbility SICAV (Lux), Legal Owner Triodos Funds B. V., TRIODOS SICAV II.

«BCC Invest» АҚ нарықта 1998 жылдан бері жұмыс істейді. Бүгінгі таңда BCC Invest инвестициялық-банктік қызметтердің толық кешенін көрсететін Қазақстандағы жетекші инвестициялық банктердің бірі болып саналады. BCC Invest-тің жалғыз акционері – «Банк ЦентрКредит» АҚ активтер бойынша Қазақстанның үздік 3 банк қатарына кіреді. Компания 60 млн АҚШ доллары көлеміндегі аса ірі инвестициялық пай қорын басқарады. BCC Invest бірнеше жыл бойы Қазақстанның ішкі нарығындағы қаржы кеңесшілері мен андеррайтерлер арасында жетекші орындардың бірін иеленеді. «BCC Invest» АҚ Astana International Exchange нұсқасы бойынша Best Corporate Banking Team-2022 марапатына ие болды. Компания 2022 жылы Cbonds нұсқасы бойынша Қазақстан облигацияларын ұйымдастырушылардың рэнкингінде ТОП-3-ке кіреді (https://cbonds.ru).

Тағы оқыңыз
news
Жаңалықтар
04.03.2024
7474 байланыс орталығы қайтадан іске қосылды
Уақытша болған ыңғайсыздық үшін кешірім сұраймыз
Толығырақ
news
Жаңалықтар
01.03.2024
KMF пен JICA микробизнесті қаржыландыруға 50 миллион доллар бөледі
KMF компаниясы жапондық халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (Japan International cooperation Agency, JICA) заем туралы келісімшарт жасасты
Толығырақ
news
Жаңалықтар
28.02.2024
Техникалық жұмыстар
Құрметті клиенттер,
Жоспарлы техникалық жұмыстарға байланысты 29 ақпан сағат 22.30-дан 1 наурыз сағат 00.00-ге дейін (жаңа уақыт бойынша) KMF-тің...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
05.12.2023
Талдықорғандық кәсіпкер әйел су жаңа автокөлік ұтып алды
Кәсібін нөлден бастап, үлкен жетістікке жеткен бизнес иелері еліміздің түкпір-түкпірінде кездеседі
Толығырақ
news
Жаңалықтар
02.10.2023
KMF қымбатты достарға құнды жүлделер табыс етеді!
KMF топтық микроқаржыландыруға қатысушы клиенттеріне бағалы сыйлықтар мен жағымды бонустар сыйлайды.
Толығырақ
news
Жаңалықтар
04.09.2023
Өнімдер тізбесіндегі өзгерістер

Сүйікті клиенттер!

Бізде өнімдер тізбесі мен микрокредиттердің атаулары жаңарды.
Толығырақ
news
Жаңалықтар
21.08.2023
Fitch KMF-ке «Тұрақты» болжамымен «B+» рейтингін растады

Fitch Ratings «Тұрақты» болжамымен «B+» деңгейінде «KMF (ҚМФ)» микроқаржылық ұйымы» ЖШС эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін («РДЭ») растады....

Толығырақ
news
Жаңалықтар
10.08.2023
KMF клиенттері арасында миллион ойнатады

KMF шағын және орта бизнесті қолдап, дамыту мақсатында KMF-Qoldau атты науқанды бастады, оның шеңберінде ақшалай жүлделер ойнатылады. Науқанға қатысу...

Толығырақ
news
Жаңалықтар
04.07.2023
Цифрлық келісімшарттар. Технология қағазды қалай үнемдейді
Қаржы қызметтеріне жылдам әрі оңай қол жеткізу, бюрократиядан арылып, табиғи ресурстарды үнемдеу. KMF компаниясы келісімшарттардың қағаз түріндегі нұс...
Толығырақ