cancel
KMF МҚҰ
KMF МҚҰ қосымшасында ашу

KMF клиенттеріне үндеу және ТЖ кезіндегі қолдау шаралары

KMF клиенттеріне үндеу және ТЖ кезіндегі қолдау шаралары
Жаңалықтар

Құрметті клиенттер!

KMF командасы қызмет көрсетуді жалғастыру үшін ТЖ режимі басталған сәттен бастап өзінің барлық сервистерін қалпына келтіру үшін талмай жұмыс істеп жатыр. Интернет желісінің немесе ұялы байланыстың тұрақсыз болуына байланысты біздің мобильді қосымша, сайт немесе байланыс орталығы біраз уақыт қолжетімсіз болған болуы мүмкін. Бөлімшелердің жұмысы барлық өңірлерде қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта KMF-тің барлық бөлімшелері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. 

Сондай-ақ біз ірі микроқаржылық ұйым және клиенттерді қорғаудың халықаралық қағидаттарын ұстанатын, бизнесті жүргізудің әлеуметтік рейтингісіне ие компания ретінде ТЖ салдарында бизнесіне нұқсан келтірілген кәсіпкер-клиенттер үшін жеке қолдау шараларын әзірледік.

ТЖ режимі кезінде біз әзірлеген қолдау шаралары:

1.      Субсидиялау бағдарламасы. 2022 жылғы 31 наурызға дейін KMF-тен айналым қаражатын немесе негізгі құралдарды толықтыру үшін 50%-ға төмендетілген сыйақы мөлшерлемесімен (ішкі субсидиялау есебінен) қосымша қаражат алуға болады. 

Жеңілдікті қарыздар бизнесі тонаушылардың немесе террористердің әрекетінен зардап шеккен, сонымен қатар ТЖ режимі салдарында кәсіпкерлік қызметін тоқтатуға мәжбүр болған KMF клиенттеріне беріледі. Сонымен қатар негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі қарастырылған.

Қосымша барлық топтағы ҰҚМ мен ІҚМ шығаруға және көкөніс дақылдарын өткізуге уақытша тыйым салу салдарынан қиындықтар туындаған клиенттер.

2.      Кредиттік демалыс. Қатты зардап шеккен кәсіпкерлерге борыштың негізгі сомасын өтеуді 3 айға дейін кейінге қалдыру және сыйақыны есептен шығару мүмкіндігі беріледі.

3.      KMF-тен қатты зардап шеккен кәсіпкерлерге залал сомасына байланысты атаулы материалдық көмек көрсетіледі.

4.      Қайта құрылымдау. Сіздің сұрауыңыз бойынша өтеу кестесін өзгерте отырып, микрокредитті шұғыл қайта құрылымдап береміз. Өтінішті KMF бөлімшесінде жазып қалдыруға немесе restruct@kmf.kz электрондық поштасы арқылы жіберуге болады. Өтініш еркін нысанда толтырылады, онда кредит бойынша төлемдерді кейінге қалдыру себебі көрсетіледі және өтінішке қаржы жағдайының нашарлағанын растайтын құжаттарды тіркеу қажет.

Біз әрбір өтінішті клиенттің жағдайын ескере отырып, мұқият және шұғыл қарастырамыз.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс орталағына 7474 нөміріне (ұялы телефоннан тегін) немесе WhatsApp-қа 8 701 801 7474 нөміріне хабарласыңыз.

Барлық сынақтарды тез еңсереміз деп үміттенеміз!

Осы шаралар қолдау шарасы туралы өтінішпен жүгіне алатын компанияның қарыз алушыларына атаулы көмек көрсету шеңберінде әзірленді және KMF МҚҰ барлық филиалдарында қолданылатын болады.

КМF МҚҰ – Microfinanza Rating бағалауы бойынша «АА-» деңгейіндегі әлеуметтік рейтингке ие (рейтингке сілтеме: http://www.mf-rating.com/reports/ ). Аталмыш рейтинг клиенттер, қоғам және қызметкерлер алдында әлеуметтік жауапкершілік тұрғысынан ілгерілеудің орын алғанын растайды.

2007 жылдан бері әлеуметтік рейтинг алған компаниялардың деректер базасында KMF – әлемде осындай жоғары әрекеттегі әлеуметтік рейтингке ие болған жалғыз МҚҰ.

 

Тағы оқыңыз
news
Жаңалықтар
30.03.2023
«Сұрақ-жауап»: жеке тұлғалардың банкроттығы жөнінде нені білу маңызды
Банкроттық рәсімдері шеңберінде кредитормен өз інің қарыздары бойынша берешекті қалай ша реттеу жөнінде , Fingramota.kz -ке « Қазақстан қаржыгерлерінің...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
29.03.2023
KMF - ЕҚҚДБ-ның микробизнесті және ШОБ-ты қаржыландыру бойынша үздік қаржылық серіктесі
Алматыда 27 наурыз күні Қазақстанда GEFF II Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасын іске қосуға арналған іс-шара өтті, оған бизнес өкілдері, қарж...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
20.02.2023
KMF Colvir IT-платформасына көшеді

Бүгін KMF пен Colvir Software Solutions компаниясы бірлескен жобаны іске қосу туралы келісімге қол қойды. Colvir IT-платформасы KMF-ке жаңа өнімдерді...

Толығырақ
news
Жаңалықтар
10.02.2023
IFC мен KMF ауылдағы кәсіпкерлерге көмектесіп, әйелдер бизнесін қолдайды Алматы, Қазақстан
KMF компаниясы 250 мыңнан аса клиентке қызмет көрсетеді. Ауылдық жердегі кәсіпкерлердің үлесі 60 пайыздан асады, олардың көпшілігі - әйелдер.
Толығырақ
news
Жаңалықтар
04.01.2023
The Eurasian KMF туралы

«Микроқаржыландыру – бұл ең алдымен, әлеуметтік бағыттағы бизнес»

Толығырақ
news
Жаңалықтар
26.12.2022
KMF-ProMotor. Бизнеске арналған арнайы техника бұрынғыдан да қолжетімді
Енді алматылық кәсіпкерлер арнайы техниканы тартымды шарттармен сатып ала алады. 
Толығырақ
news
Жаңалықтар
25.11.2022
GEFF «Жасыл» қаржыландыруы. KMF клиенттері энергия үнемдейтін жабдықты, көліктерді сатып алып, кэшбэк ала алады
Бағдарлама бойынша өтемақы төлеу мерзімі 2023 жылдың тамыз айының соңына дейін ұзартылды.
Толығырақ
news
Жаңалықтар
21.11.2022
KMF-тің "Айхай 25!" науқаны аяқталды

18 қарашада тікелей эфирде өткен "Айхай 25!" науқанының гранд финалында үш жеңімпаздың есімі анықталды! Науқан атауы кездейсоқ таңдалған жоқ, биыл...

Толығырақ
news
Жаңалықтар
17.11.2022
Smart-кеңсе – KMF клиенттеріне қызмет көрсетудің жаңа форматы

KMF клиенттері жаңа Smart-кеңседе компания қызметтерін бұрынғыдан да қолайлы жағдайда қолдана алады.

Толығырақ