cancel
KMF МҚҰ
KMF МҚҰ қосымшасында ашу

Қаржы туралы: Маңыздысы жайлы

Қаржы туралы: Маңыздысы жайлы
Жаңалықтар

«Қазақстан Республикасы тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру» жобасы шеңберінде KMF-те 27-28 наурыз аралығында жеке кәсіпкерлер мен фермерлік шаруашылық иелеріне арналған семинарлар өтті.

Бүгінгі күні қаржылық сауатты болу аса маңызды. Бастысы, қаржы өнімін өзіңе пайда әкелетіндей етіп таңдау, өз ақшаңды басқару және қаржы жоспарын құру – ол туралы көпшілігі біледі, бірақ оны қалай жүзеге асыру керектігінен хабары жеткіліксіз.

- Қаржы нарығы қарқынды даму үстінде. Көбінесе адамдар осы ырғақтың соңына ілесе алмайды, оның үстіне оларға өте көп өнім түрлері ұсынылады, олардың сан алуандылығынан оларды таңдау қиынға соғады. Ұйымның қаржылық-әлеуметтік міндеті мүмкін болатын барлық тәсілдер арқылы өз клиенттерінің қаржылық сауаттылығын арттыру - деп, баяндайды «KMF шағын несие ұйымы» Басқарма Төрағасының кеңесшісі, Рауза Ибрагимова:

2013 жылдың желтоқсанынан KMF шағын несие ұйымы өз клиенттеріне, сондай-ақ басқа тыңдаймын деушілерге қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша семинарлар ұйымдастырып, өткізуде. Жаңашыл оқыту бағдарламасы 10 сабақтан тұрады: үй бюджеті және отбасындағы қаржылық жоспарлау, отбасының кірісі мен шығысын есепке алу, төлемқабілеттілігін қалай дұрыс есептеу керектігі, несиелер олардың жағымды және жағымсыз жақтары және т.б.

Жобаның жүзеге асырылған 4 айында 7000-нан астам адам қаржылық сауаттылық жайлы білім алып шықты. Наурыз айының соңында ұйым клиенттеріне Компанияның Алматы филиалы мен Шелек ауылында өткізілген семинарлар: шағын және орта бизнес өкілдері, фермерлер мен шаруашылық қожайындарының қатысуы қаржылық білімнің өзектілігіне дәлел болды. Курстың ең қарт тыңдаушысы, өзінің ұлымен бірге келген, 78 жасар ақсақал болды.

- Сіздердің семинарларыңызға асқан қызығушылықпен келемін, себебі осы ұйымнан маңызды ақпарат алатыныма сенімдімін. Менің 11 балам, 10 немерем бар, алдымен өзім үйреніп алып, содан кейін үйде жақындарыма білгенімді үйрететін боламын, - дейді Оразалы Сердалиев.

- Мен KMF-тің алғашқы клиенттерінің бірімін, жақында осы компанияға барып едім, мені қаржылық сауаттылық тренингіне шақырды. Мен қуана-қуана келістім, - дейді кәсіпкер, Севда АЛИЕВА. – Осы сабақтардың арқасында, мен өз отбасымның бюджетін жоспарлауды, бұрын мүлдем көңіл аудармаған, жоспарланбаған шығындарды есептеуді үйреніп, қажет емес заттарға беталды ақша жұмсағанды доғардым. Нәтижесінде, айдың соңында менің қалтамда белгілі бір сома қалды. Әдейі үнемдедім деп айта алмаймын, тек өз шығындарымды ойланып жасайтын болдым.

2014 жыл бойы, жоба шеңберінде республиканың әр аймағында қызмет көрсететін компанияның филиалдары мен бөлімшелерінде 10 000-нан аса тегін семинарлар, кәсіпке жаңадан бет алушылар мен жоғарғы оқу орындарының студенттерімен 100-ден аса кездесулер ұйымдастырылуы жоспарлануда.

KMF сәуір айынан бастап, аталған жоба бойынша барлық 10 сабақтарға арналған қысқа көлемді мультипликациялық фильмдер өндірісіне кіріседі. Болашақта мультфильмдер ғаламторға орналастырылып, баршаға қол жетімді болады.

Тағы оқыңыз
news
Жаңалықтар
30.03.2023
«Сұрақ-жауап»: жеке тұлғалардың банкроттығы жөнінде нені білу маңызды
Банкроттық рәсімдері шеңберінде кредитормен өз інің қарыздары бойынша берешекті қалай ша реттеу жөнінде , Fingramota.kz -ке « Қазақстан қаржыгерлерінің...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
29.03.2023
KMF - ЕҚҚДБ-ның микробизнесті және ШОБ-ты қаржыландыру бойынша үздік қаржылық серіктесі
Алматыда 27 наурыз күні Қазақстанда GEFF II Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасын іске қосуға арналған іс-шара өтті, оған бизнес өкілдері, қарж...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
20.02.2023
KMF Colvir IT-платформасына көшеді

Бүгін KMF пен Colvir Software Solutions компаниясы бірлескен жобаны іске қосу туралы келісімге қол қойды. Colvir IT-платформасы KMF-ке жаңа өнімдерді...

Толығырақ
news
Жаңалықтар
10.02.2023
IFC мен KMF ауылдағы кәсіпкерлерге көмектесіп, әйелдер бизнесін қолдайды Алматы, Қазақстан
KMF компаниясы 250 мыңнан аса клиентке қызмет көрсетеді. Ауылдық жердегі кәсіпкерлердің үлесі 60 пайыздан асады, олардың көпшілігі - әйелдер.
Толығырақ
news
Жаңалықтар
04.01.2023
The Eurasian KMF туралы

«Микроқаржыландыру – бұл ең алдымен, әлеуметтік бағыттағы бизнес»

Толығырақ
news
Жаңалықтар
26.12.2022
KMF-ProMotor. Бизнеске арналған арнайы техника бұрынғыдан да қолжетімді
Енді алматылық кәсіпкерлер арнайы техниканы тартымды шарттармен сатып ала алады. 
Толығырақ
news
Жаңалықтар
25.11.2022
GEFF «Жасыл» қаржыландыруы. KMF клиенттері энергия үнемдейтін жабдықты, көліктерді сатып алып, кэшбэк ала алады
Бағдарлама бойынша өтемақы төлеу мерзімі 2023 жылдың тамыз айының соңына дейін ұзартылды.
Толығырақ
news
Жаңалықтар
21.11.2022
KMF-тің "Айхай 25!" науқаны аяқталды

18 қарашада тікелей эфирде өткен "Айхай 25!" науқанының гранд финалында үш жеңімпаздың есімі анықталды! Науқан атауы кездейсоқ таңдалған жоқ, биыл...

Толығырақ
news
Жаңалықтар
17.11.2022
Smart-кеңсе – KMF клиенттеріне қызмет көрсетудің жаңа форматы

KMF клиенттері жаңа Smart-кеңседе компания қызметтерін бұрынғыдан да қолайлы жағдайда қолдана алады.

Толығырақ