cancel
KMF МҚҰ
KMF МҚҰ қосымшасында ашу

Қызылорда филиалында өткізілген «Ізгілік шарасы»

Қызылорда филиалында өткізілген «Ізгілік шарасы»
Жаңалықтар

Айт әлемдегі барша мұсылмандардың қасиетті мерекесі болып табылады. Ол Бірлік пен ынтымақтың халықтың бір-біріне деген қамқорлығы мен ізгіліктің мерекесі болып табылады.

Осы қасиетті күндері адамдар мейлінше жақсылық жасауға тырысып, бір-біріне игі тілектер тілейді. "KMF" компаниясының Қызылорда филиалының қызметкерлері де осы нығыметке толы мерекеден қалыс қалмай «Ізгілік шарасын» өткізді. Шара шеңберінде Қызылорда қаласында орналасқан «Ұмай» емдік-тәрбиелік қайырымдылық үйіне барып, ол жердегі тәрбиеленуші балараға өз қамқорлықтарын танытып қайтты.

Веложаттықтырғыштар пен Швецияда жасалған емдік станоктарды және сый-сияпаттар мен тәтті-дәмділер салынған пакеттерді алған балалардың жанарындағы шаттық нұры айтып жеткізерсіз! Мекеме қызметкерлерінің де ризашылығы шексіз болды.

Ол жерде әлеуметтендіру мен ыңғайлау шаралары бойынша ем алатын дауна, аутизм шизофрения мен ақыл-ой кемістігінің түрлі деңгейімен ауыратын балалар ем-дом алады. Сондай-ақ, қимыл-тірек қозғалысы дамымаған, мүмкіндігі шектеулі балаларға да жағымды жағдай жасалған екен.

Біздің сыйлаған сыйлықтарымыз психоневрологиялық және тірек-қимыл аппаратының бұзылуы бойынша емделген балалардың дамуына көмегін тигізеді деген сенімдеміз.

Біздің ұжым болашақта да осы секілді шараларды дәстүрлі түрде өткізіп тұруды ұйғарып отыр. Біздің жасаған қайырымдылыққа толы қадамымыз біздің өскелең ұрпақтарымыздың мейірімді бола түсуіне ықпал еткей.

Тағы оқыңыз
news
Жаңалықтар
30.03.2023
«Сұрақ-жауап»: жеке тұлғалардың банкроттығы жөнінде нені білу маңызды
Банкроттық рәсімдері шеңберінде кредитормен өз інің қарыздары бойынша берешекті қалай ша реттеу жөнінде , Fingramota.kz -ке « Қазақстан қаржыгерлерінің...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
29.03.2023
KMF - ЕҚҚДБ-ның микробизнесті және ШОБ-ты қаржыландыру бойынша үздік қаржылық серіктесі
Алматыда 27 наурыз күні Қазақстанда GEFF II Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасын іске қосуға арналған іс-шара өтті, оған бизнес өкілдері, қарж...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
20.02.2023
KMF Colvir IT-платформасына көшеді

Бүгін KMF пен Colvir Software Solutions компаниясы бірлескен жобаны іске қосу туралы келісімге қол қойды. Colvir IT-платформасы KMF-ке жаңа өнімдерді...

Толығырақ
news
Жаңалықтар
10.02.2023
IFC мен KMF ауылдағы кәсіпкерлерге көмектесіп, әйелдер бизнесін қолдайды Алматы, Қазақстан
KMF компаниясы 250 мыңнан аса клиентке қызмет көрсетеді. Ауылдық жердегі кәсіпкерлердің үлесі 60 пайыздан асады, олардың көпшілігі - әйелдер.
Толығырақ
news
Жаңалықтар
04.01.2023
The Eurasian KMF туралы

«Микроқаржыландыру – бұл ең алдымен, әлеуметтік бағыттағы бизнес»

Толығырақ
news
Жаңалықтар
26.12.2022
KMF-ProMotor. Бизнеске арналған арнайы техника бұрынғыдан да қолжетімді
Енді алматылық кәсіпкерлер арнайы техниканы тартымды шарттармен сатып ала алады. 
Толығырақ
news
Жаңалықтар
25.11.2022
GEFF «Жасыл» қаржыландыруы. KMF клиенттері энергия үнемдейтін жабдықты, көліктерді сатып алып, кэшбэк ала алады
Бағдарлама бойынша өтемақы төлеу мерзімі 2023 жылдың тамыз айының соңына дейін ұзартылды.
Толығырақ
news
Жаңалықтар
21.11.2022
KMF-тің "Айхай 25!" науқаны аяқталды

18 қарашада тікелей эфирде өткен "Айхай 25!" науқанының гранд финалында үш жеңімпаздың есімі анықталды! Науқан атауы кездейсоқ таңдалған жоқ, биыл...

Толығырақ
news
Жаңалықтар
17.11.2022
Smart-кеңсе – KMF клиенттеріне қызмет көрсетудің жаңа форматы

KMF клиенттері жаңа Smart-кеңседе компания қызметтерін бұрынғыдан да қолайлы жағдайда қолдана алады.

Толығырақ