cancel
KMF МҚҰ
KMF МҚҰ қосымшасында ашу

«KMF» МКҰ-ның Есік қаласындағы бөлімшесінде мерейтойлық Ашық есік күні

«KMF» МКҰ-ның Есік қаласындағы бөлімшесінде мерейтойлық Ашық есік күні
Жаңалықтар

2014 жылдың 24 маусымында «KMF» МКҰ-ның Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындарына қызмет көрсететін, Есік қаласында орналасқан бөлімшесінде мерейтойлық Ашық есік күні болып өтті. Бұл Ашық есік күні мерейтойлық болатын себебі, биылғы жылы Есік қаласындағы бөлімшенің ашылғанына 10 жыл толып отыр. Бүгінгі күні оның несиелік қоржыны 355 677 928 теңгені құраса, ал белсенді клиенттер саны 1 184 адамды құрап отыр.

Есік қаласындағы бөлімше Ашық есік күнін алғашқылардың бірі болып өткізді. Ашық есік күнін Компания филиалдары жаз бойы өткізеді.

Шараға «KMF» МКҰ клиенттері мен 30-дан астам жергілікті кәсіпкерлер қатысты. Барлық келген қонақтарды бөлімшенің жайдары қызметкерлері қонақжайлылықпен қарсы алды.

Алматы қаласының «Қалдаяқовтағы» филиалы директоры мен Есік қаласындағы бөлімше басшысы келген әр клиентке ризашылығын білдірді және Компанияның соңғы жетістіктерімен таныстырды.

Сондай-ақ, Ашық есік күніне Есік қаласындағы бөлімше командасын құттықтау үшін және клиенттермен тілдесу мақсатында Бас кеңсе қызметкерлері де келді.

Шара барысында Компаниямен 10 жылға жуық серіктестікте әрі жариясыз «KMF» МКҰ-ның бейілді клиенттері болып табылатын кәсіпкерлерге «ҚР тұрғындары арасында қаржылық сауаттылықты арттыру» жобасы туралы, оның мақсаты мен енгізу жүйесі туралы баяндап берді.

Сонымен қатар, жалпы Компания қызметінде және өнім желісінде клиенттердің нені өзгерткісі келетіндігі жөнінде ой-талқы өткізілді. Онда кез-келген қатысушы Компанияға ризашылығымен қатар өзінің ұсынысын білдіріп, тілектерін айта алады.

Шара барысында «KMF» МКҰ-ның қызметкерлері клиенттерді толғандыратын барлық сауалға тиісті түрде жауап берді.

Шара қонақтары мен клиенттерін мерекелік дастарханға шақырмас бұрын, оларға әуе шарының көмегімен өздерінің балалары мен немерелеріне қызықты етіп үй жағдайында балалар кешін қалай ұйымдастыруға болатындығы жөнінде қолданбалы өнер мастер-класына қатысуды ұсынды. Мастер-класс барша қонақтардың көңілінен шықты және ешбір қонақ құр алақан қайтпады, компанияның фирмалық сыйлықтарымен қоса өздері шардан жасаған түрлі бейнелерді алып мәре-сәре болды.

Ашық есік күні шарасының соңында Есік қаласындағы бөлімше қызметкерлеріне және жалпы Компанияға клиенттер тарапынан көптеген ризашылық сөздер мен жылы лебізді тілектер айтылды. Солардың бірнешеуін төменне оқи аласыздар.

Каниязова Сахиш: «Мен осы бөлімшенің алғашқы клиенттерінің бірімін. Міне, 10 жылға жуық сіздермен біргемін. Осы уақыт арасында кәсіпкерлер бизнесінде түрлі жағдайлар болды. Бөлімше ашылған кезде сауда жақсы жүрді сол кездің өзінде несиені «қалай өтейміз» деген үрей болды, әрине «қөз –қорқақ, қол -батыр» деген осы. Осы уақыт арасында балалар өсіп, өз қолдары өздеріне жетті, дегенмен, ана болған соң оларға үнемі қолдау көрсетіп, көмектескім келіп тұрады. Біз бизнесімізді бірге жүргіземіз. Қазір кәсіпкерлерге оңай тиіп отырған жоқ, дағдарыс жағдайы сатып алушылық қабілетті төмендеткендей. Біз КМF-ке тек несие алу үшін ғана емес, ақпараттық көмек алу үшін де келеміз. Қаржылық сауаттылық сабақтары тек кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге ғана емес, тәжірибелі кәсіпкерлерге де көп көмегін тиізетіні сөзсіз. Онда қалталы болу үшін не істеу керектігі жайлы қарапайым ережелер оқытылады.

Плисенко Нина: «KMF-пен армандар орындалады! Мен оны сенімді түрде айта аламын! Осыдан 9,5 жыл бұрын мен осындай компанияның бар екенін естідім. Сол кезден бастап менің өмірім өзгерді. Соның арқасында мен жеке дәмхананың иесі атандым. Ол маған тұрақты табыс әкелетін сүйікті бизнесім. Мен өзім армандаған көлікті сатып алдым. Өз қыздарыма тамаша ұзату тойын жасадым. Осының бәрінде де KMF-тің үлесі зор, себебі менің бизнесімнің дамуына қажетті қаржылай көмек көрсетті. Дәмханаға жаңа жиһаздарды сатып алу немесе асхана құрылғыларын жаңарту керек болса, мен KMF-ке келемін, ақша «осы жерде және қазір» керек болатын. Қазір менің қызым да осы даму үстіндегі KMF компаниясының клиенті болып табылады. Есік қаласындағы бөлімшеге 10 жыл - ол компанияның да біздің де мерекеміз, себебі, біз бірге дамудамыз!»

Ракимжанова Фатима: «Мен KMF-пен көптен бері серіктестіктемін. 8 жыл бойы Сіздің компания өзінің белсенді дамуымен қызықтырып және өз клиенттеріне деген бейілділіктері әрі қарайғы сенімді серіктестікке арқау болатын. Бүгін өткен күнді саралап отырып, KMF-тен несие алуға шешім қабылдағаным үшін еш өкінбейтінімді айтқым келеді. Бүгінгі күні мен және менің отбасымдағы бар ырыс – ол Сіздердің команияларыңыздың қаржылай қолдауының арқасында десем, артық айтқаным емес. Маған KMF бар жағдайы жасалған жайлы үй іспеттес, сол себепті ол жерден кеткім де келмейді және кетпеймін де. KMF-тің барлық командасына ұжымбіршілік, табыс, даму және бізге ұсынар жаңа мүмкіндіктер тілеймін! Сіздердің бар болғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!»

Тағы оқыңыз
news
Жаңалықтар
30.03.2023
«Сұрақ-жауап»: жеке тұлғалардың банкроттығы жөнінде нені білу маңызды
Банкроттық рәсімдері шеңберінде кредитормен өз інің қарыздары бойынша берешекті қалай ша реттеу жөнінде , Fingramota.kz -ке « Қазақстан қаржыгерлерінің...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
29.03.2023
KMF - ЕҚҚДБ-ның микробизнесті және ШОБ-ты қаржыландыру бойынша үздік қаржылық серіктесі
Алматыда 27 наурыз күні Қазақстанда GEFF II Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасын іске қосуға арналған іс-шара өтті, оған бизнес өкілдері, қарж...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
20.02.2023
KMF Colvir IT-платформасына көшеді

Бүгін KMF пен Colvir Software Solutions компаниясы бірлескен жобаны іске қосу туралы келісімге қол қойды. Colvir IT-платформасы KMF-ке жаңа өнімдерді...

Толығырақ
news
Жаңалықтар
10.02.2023
IFC мен KMF ауылдағы кәсіпкерлерге көмектесіп, әйелдер бизнесін қолдайды Алматы, Қазақстан
KMF компаниясы 250 мыңнан аса клиентке қызмет көрсетеді. Ауылдық жердегі кәсіпкерлердің үлесі 60 пайыздан асады, олардың көпшілігі - әйелдер.
Толығырақ
news
Жаңалықтар
04.01.2023
The Eurasian KMF туралы

«Микроқаржыландыру – бұл ең алдымен, әлеуметтік бағыттағы бизнес»

Толығырақ
news
Жаңалықтар
26.12.2022
KMF-ProMotor. Бизнеске арналған арнайы техника бұрынғыдан да қолжетімді
Енді алматылық кәсіпкерлер арнайы техниканы тартымды шарттармен сатып ала алады. 
Толығырақ
news
Жаңалықтар
25.11.2022
GEFF «Жасыл» қаржыландыруы. KMF клиенттері энергия үнемдейтін жабдықты, көліктерді сатып алып, кэшбэк ала алады
Бағдарлама бойынша өтемақы төлеу мерзімі 2023 жылдың тамыз айының соңына дейін ұзартылды.
Толығырақ
news
Жаңалықтар
21.11.2022
KMF-тің "Айхай 25!" науқаны аяқталды

18 қарашада тікелей эфирде өткен "Айхай 25!" науқанының гранд финалында үш жеңімпаздың есімі анықталды! Науқан атауы кездейсоқ таңдалған жоқ, биыл...

Толығырақ
news
Жаңалықтар
17.11.2022
Smart-кеңсе – KMF клиенттеріне қызмет көрсетудің жаңа форматы

KMF клиенттері жаңа Smart-кеңседе компания қызметтерін бұрынғыдан да қолайлы жағдайда қолдана алады.

Толығырақ