cancel
KMF МҚҰ
KMF МҚҰ қосымшасында ашу

ЕДБ және МҚҰ арқылы Азия Даму Банкі қарызының есебінен микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру

ЕДБ және МҚҰ арқылы Азия Даму Банкі қарызының есебінен микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру
Жаңалықтар
Келісімнің шарттарына сәйкес, КМF бұл қаражаттарды микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеуге, айналым қаражаттарын толықтыруға және негізгі құралдарды сатып алуға, жаңартуға жұмсайды, сонымен қатар басқа банктерден алынған кредиттерді қайта қаржыландыруға жол беріледі. Бір қарыз алушыға кредиттеудің максималды лимиті заңнамаға сәйкес 8 000 АЕК құрайды.

Осы бағдарлама бойынша қаржыландыру KMF стандартты кредиттік өнімдерінің аясында жүргізіледі.

Микрокредиттеудің артықшылықтары:
• құжаттардың минималды пакеті;
• өтінімді қарау мерзімі 1 күннен 3 күнге дейін;
• үздіксіз кредиттеу мүмкіндігі;
• жасына байланысты минималды шектеу — қызмет студенттерге, сондай-ақ зейнеткерлерге көрсетіледі;
• қаржылық сауаттылық бойынша тегін сабақтарға қатысу;
• әрбір қарыз алушыға жеке қатынас, бұл қарызды өтеудің әлдеқайда қолайлы тәсілі мен мерзімін таңдауды қамтамасыз етеді.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша біздің кредиттік портфеліміз 70%-ға өсті, ал қарыз алушыларымыздың саны 21%-ға артты. Дегенмен, кәсіпкерлерде, әсіресе, фермерлерде кредиттік ресурстардың жетіспеушілігі сезіледі. Бұл Қазақстанның шағын бизнес секторының қарқынды дамып келе жатқанын, бірақ бұрынғысынша жеткілікті кредиттелмегендігін куәландырады. Осы қарыздың аясында алынатын ақша қаражаттары кәсіпкерлерді, әсіресе банктік қаржыландыруға қол жеткізуі шектелген ауылдардағы кәсіпкерлерді қаржыландыру үшін пайдаланылатын болады», - деп атап өтті Шалқар Жүсіпов, ҚMF Басқармасының Төрағасы

«Соңғы уақытта қаржылық қызметтер ұсынуда кредиттеу саны жағынан да, көлемі жағынан да елеулі түрде өскен микроқаржылық ұйымдардың танымалдығы артып келе жатқандығы бақыланады. Осы жобаға ҚMF-тің қатысуы елдің қалың топтарын кәсіпкерлік қызметке жұмылдырады, бұл жаңа жұмыс орындарын құруға әкеліп, сол арқылы халықты жұмыспен қамту проблемасын шешетін болады», - деді «Даму» Қорының Басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов.

«Микробизнестің дамуы ірі бастапқы салымдарды талап етпейді, бірақ сонымен бірге ресурстардың жоғары айналымдылығын қамтамасыз етеді, шектеулі ресурстарда тұтынушылық қызметтер нарығының қалыптасуына және кеңеюіне әлдеқайда тиімді және жылдам атсалысады», - деп тұжырымдады «Даму» Қорының Басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов.
Тағы оқыңыз
news
Жаңалықтар
30.03.2023
«Сұрақ-жауап»: жеке тұлғалардың банкроттығы жөнінде нені білу маңызды
Банкроттық рәсімдері шеңберінде кредитормен өз інің қарыздары бойынша берешекті қалай ша реттеу жөнінде , Fingramota.kz -ке « Қазақстан қаржыгерлерінің...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
29.03.2023
KMF - ЕҚҚДБ-ның микробизнесті және ШОБ-ты қаржыландыру бойынша үздік қаржылық серіктесі
Алматыда 27 наурыз күні Қазақстанда GEFF II Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасын іске қосуға арналған іс-шара өтті, оған бизнес өкілдері, қарж...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
20.02.2023
KMF Colvir IT-платформасына көшеді

Бүгін KMF пен Colvir Software Solutions компаниясы бірлескен жобаны іске қосу туралы келісімге қол қойды. Colvir IT-платформасы KMF-ке жаңа өнімдерді...

Толығырақ
news
Жаңалықтар
10.02.2023
IFC мен KMF ауылдағы кәсіпкерлерге көмектесіп, әйелдер бизнесін қолдайды Алматы, Қазақстан
KMF компаниясы 250 мыңнан аса клиентке қызмет көрсетеді. Ауылдық жердегі кәсіпкерлердің үлесі 60 пайыздан асады, олардың көпшілігі - әйелдер.
Толығырақ
news
Жаңалықтар
04.01.2023
The Eurasian KMF туралы

«Микроқаржыландыру – бұл ең алдымен, әлеуметтік бағыттағы бизнес»

Толығырақ
news
Жаңалықтар
26.12.2022
KMF-ProMotor. Бизнеске арналған арнайы техника бұрынғыдан да қолжетімді
Енді алматылық кәсіпкерлер арнайы техниканы тартымды шарттармен сатып ала алады. 
Толығырақ
news
Жаңалықтар
25.11.2022
GEFF «Жасыл» қаржыландыруы. KMF клиенттері энергия үнемдейтін жабдықты, көліктерді сатып алып, кэшбэк ала алады
Бағдарлама бойынша өтемақы төлеу мерзімі 2023 жылдың тамыз айының соңына дейін ұзартылды.
Толығырақ
news
Жаңалықтар
21.11.2022
KMF-тің "Айхай 25!" науқаны аяқталды

18 қарашада тікелей эфирде өткен "Айхай 25!" науқанының гранд финалында үш жеңімпаздың есімі анықталды! Науқан атауы кездейсоқ таңдалған жоқ, биыл...

Толығырақ
news
Жаңалықтар
17.11.2022
Smart-кеңсе – KMF клиенттеріне қызмет көрсетудің жаңа форматы

KMF клиенттері жаңа Smart-кеңседе компания қызметтерін бұрынғыдан да қолайлы жағдайда қолдана алады.

Толығырақ