cancel
KMF МҚҰ
KMF МҚҰ қосымшасында ашу

ЕҚДБ кіші және шағын бизнесті қаржыландыруға «КМF» Микроқаржылық ұйымына 3,5 млрд. теңгеге ($11 млн.) жуық қаражат бөледі.

ЕҚДБ  кіші және шағын бизнесті қаржыландыруға «КМF»  Микроқаржылық ұйымына 3,5 млрд. теңгеге ($11 млн.) жуық  қаражат бөледі.
Жаңалықтар
Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) Қазақстандағы ұзақ мерзімді серіктесі болып табылатын «КМF» Микроқаржылық ұйымына Кіші және шағын бизнесті қаржыландыруға екі бағдарлама бойынша 3,5 млрд. теңге ($11 млн.) көлемінде кредиттер бөлді:

1) «Бизнестегі арулар» бағдарламасы бойынша кредит беру 2 млрд. теңгеге ($6,6 млн.) жуық қаражат;
2) Кіші, шағын және орта бизнес бағдарламасы бойынша 1,5 млрд. теңге ($4,4 млн.)

«Бизнестегі арулар» бағдарламасын ЕҚДБ мен Қазақстан Республикасының үкіметі бірлесе қаржыландырады. Бағдарлама әйел кәсіпкерлер басқаратын кіші және шағын кәсіпорындарға қаржыландыруды, ноу-хау және кеңестер ұсынады. Әйелдердің экономикадағы рөлін арттыру ЕҚДБ инвестиция жасайтын елдердің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудің басты элементі және ең басты үш стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылады.

Шағын, кіші және орта бизнес бағдарламасы - Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі маңызды бағдарламалардың бірі.

160 мыңға жуық кәсіпкер-клиенттері бар Қазақстандағы аса ірі микроқаржылық ұйым болып табылатын KMF компаниясы бағдарламаның басты серіктесі болып табылады. Берілген қаражат қазақстандық кәсіпкерлерге, әсіресе республикамыздың шалғайдағы ауылдарындағы шағын кәсіп иелеріне қолжетімді микрокредит алуға мүмкіндік береді.

Бір жыл бұрын «Бизнестегі арулар» бағдарламасы бойынша 3,8 млрд. теңге көлемінде KMF-ке берілген қаражат табысты игеріліп, әйел-кәсіпкерлерге 9 798 кредит берілген болатын.
Кредиттік келісімге ЕҚДБ Президенті Сэр Сумо Чакрабарти мен КМF Басқарма Төрағасы Шалқар Жүсіпов қол қойды.

«Біз арулардың басқаруындағы шағын кәсіпорындар мен компанияларға қолдау көрсету үшін KMF-пен бірлесе жұмыс жүргізгеніміз үшін өте қуаныштымыз. Біздің KMF-пен көп жылдар бойы жүргізілген серіктестігіміздің нәтижесінде осы жобаның негізі қаланды, нәтижесінде Қазақстандағы әйел кәсіпкерлігі алға жылжып, шағын және кіші компаниялар қолжетімді қаражатқа қол жеткізіп отыр», - деді Сэр Сума Чакрабарти.

«Осы келісімге қол қою арқылы біз кіші және шағын бизнесті қаржыландыру көлемін белсенді түрде арттыратын боламыз,айта кетерлігі бизнестің бұл түрлерінің басым бөлігі ауылды жерде орналасқан. Аталмыш санаттағы кәсіпкерлердің кредиттік қаражатқа сұранысының артуы байқалады, оны KMF-тің кредиттік портфелінің өсу динамикасынан көруге болады, мәселен 2017 жылдың басынан бастап, кредиттік портфеліміз 16 млрд. теңгеге немесе 31%-ға өсіп отыр», - дейді Басқарма Төрағасы Шалқар Жүсіпов.

Бүгінгі күнге ЕҚДБ Қазақстан экономикасына 7,2 млрд. евро ($8 млрд. астам эквивалентте) қаражат инвестициялады. Еліміздегі банк жұмысы макроэкономикалық сын-тегеурінге әрекет жасай алатын және халықаралық деңгейде бәсекелесе алатын әртараптандырылған экономиканы құруға бағытталған.
Тағы оқыңыз
news
Жаңалықтар
30.03.2023
«Сұрақ-жауап»: жеке тұлғалардың банкроттығы жөнінде нені білу маңызды
Банкроттық рәсімдері шеңберінде кредитормен өз інің қарыздары бойынша берешекті қалай ша реттеу жөнінде , Fingramota.kz -ке « Қазақстан қаржыгерлерінің...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
29.03.2023
KMF - ЕҚҚДБ-ның микробизнесті және ШОБ-ты қаржыландыру бойынша үздік қаржылық серіктесі
Алматыда 27 наурыз күні Қазақстанда GEFF II Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасын іске қосуға арналған іс-шара өтті, оған бизнес өкілдері, қарж...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
20.02.2023
KMF Colvir IT-платформасына көшеді

Бүгін KMF пен Colvir Software Solutions компаниясы бірлескен жобаны іске қосу туралы келісімге қол қойды. Colvir IT-платформасы KMF-ке жаңа өнімдерді...

Толығырақ
news
Жаңалықтар
10.02.2023
IFC мен KMF ауылдағы кәсіпкерлерге көмектесіп, әйелдер бизнесін қолдайды Алматы, Қазақстан
KMF компаниясы 250 мыңнан аса клиентке қызмет көрсетеді. Ауылдық жердегі кәсіпкерлердің үлесі 60 пайыздан асады, олардың көпшілігі - әйелдер.
Толығырақ
news
Жаңалықтар
04.01.2023
The Eurasian KMF туралы

«Микроқаржыландыру – бұл ең алдымен, әлеуметтік бағыттағы бизнес»

Толығырақ
news
Жаңалықтар
26.12.2022
KMF-ProMotor. Бизнеске арналған арнайы техника бұрынғыдан да қолжетімді
Енді алматылық кәсіпкерлер арнайы техниканы тартымды шарттармен сатып ала алады. 
Толығырақ
news
Жаңалықтар
25.11.2022
GEFF «Жасыл» қаржыландыруы. KMF клиенттері энергия үнемдейтін жабдықты, көліктерді сатып алып, кэшбэк ала алады
Бағдарлама бойынша өтемақы төлеу мерзімі 2023 жылдың тамыз айының соңына дейін ұзартылды.
Толығырақ
news
Жаңалықтар
21.11.2022
KMF-тің "Айхай 25!" науқаны аяқталды

18 қарашада тікелей эфирде өткен "Айхай 25!" науқанының гранд финалында үш жеңімпаздың есімі анықталды! Науқан атауы кездейсоқ таңдалған жоқ, биыл...

Толығырақ
news
Жаңалықтар
17.11.2022
Smart-кеңсе – KMF клиенттеріне қызмет көрсетудің жаңа форматы

KMF клиенттері жаңа Smart-кеңседе компания қызметтерін бұрынғыдан да қолайлы жағдайда қолдана алады.

Толығырақ