Бизнес қарыздары бойынша төлемдерді кейінге қалдыру тәртібі

Бизнес қарыздары бойынша төлемдерді кейінге қалдыру тәртібі
Жаңалықтар

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 09.04.2021 жылғы №127 бұйрығына сәйкес Шағын және орта бизнес субъектілерінің қарыздары бойынша төлемдерді кейінге қалдыру тәртібі (бұдан әрі – «Тәртіп») бекітілді.

KMF микроқаржылық ұйымы Тәртіпке сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын қарыз алушылардың төлемдерін кейінге қалдырады.

1) субъект қызметін Тәртіптің қосымшасына (сілтеме бойынша қолжетімді) сәйкес экономика салаларында жүзеге асырған жағдайда – микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде дара кәсіпкерлердің.

2) шектеулі карантиндік шаралардың қолданылуы салдарынан кредиттік ұйым жүзеге асыратын қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалаумен расталған қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда – орта кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде дара кәсіпкерлердің төлемдерін кейінге қалдырады (бұдан әрі – төлемді кейінге қалдыру). Қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалау қарыз алушының нақты кірістерін және енгізілген шектеулі карантиндік шаралардың қарыз алушының кәсіпкерлік қызметіне, оның ішінде қарыз алушының тауарларына, жұмыстарына және (немесе) көрсетілетін қызметтеріне тұтынушылық сұраныстың төмендеуіне, тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді жеткізу тізбегінің бұзылуына, тауарлардың, жұмыстардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің ақысын төлеу мерзімдерінің бұзылуына әсерін талдауды көздейді.

Тәртіп микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде дара кәсіпкерлерге 2021 жылғы 1 сәуірге дейін кәсіпкерлік мақсаттарға берген микрокредиттерге қолданылады.

KMF төлемдерді кейінге қалдыру туралы шешімді қарыз алушының кредиттік ұйымға 2021 жылғы 1 сәуірден бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде берген өтініші негізінде қабылдайды.

Егер микрокредит шартында төлемдердің өзге кестесі көзделмесе не қарыз алушының өтінішінде өзге кесте көрсетілмесе, бұрын кейінге қалдырылған төлемдерді қарыз мерзімінің соңына дейін тең бөлу не қарыз мерзімін кейінге қалдырылған төлем кезеңіне ұлғайту түрінде жаңа төлемдер кестесін белгілеу арқылы төлем микрокредит шарттарына қосымша келісімдерге қол қоймастан кейінге қалдырылады. Бұл ретте Қарыз алушының кейінге қалдырылғанға дейін микрокредит шарты бойынша төлеген төлемдері қайтарылмайды.

Кепіл шарттарына және кепілдік шарттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар микрокредит шартының және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес енгізіледі.

Өтінішті қарағаны және микрокредит және (немесе) кепіл шарттарын және өзге де байланысты шарттарды өзгерткені үшін қарыз алушылардан комиссиялар мен өзге де төлемдер алынбайды.

Төлемді Тәртіпте көрсетілген талаптармен кейінге қалдыру қарыз алушының кредит тарихының нашарлауы және кредиттік бюроға қарыз алушы туралы жағымсыз ақпарат беру үшін негіз болып табылмайды. 

KMF өтінішті алған күнінен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімде қарайды. Егер қарыз алушының өтінішінде және кредиттік ұйымның шешімінде өзге мерзім көрсетілмесе, KMF қарыз алушының таңдауы бойынша 30 күннен 90 күнге дейін төлеу мерзімін кейінге қалдырады.

KMF-те қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарламағаны туралы ақпарат болған кезде KMF төлемді кейінге қалдырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Кейінге қалдыру кезеңінде KMF бұл қарыз алушы бойынша шағым-талап жұмысын жүргізбейді және қарыз алушыға мерзімі өткен берешекті өтеу қажеттілігі туралы хабарландыруды жібермейді.

Сұрақтар туындаса, колл-орталыққа 7474 нөміріне (ұялы телефоннан тегін) хабарласуға болады.

Бұйрықтың толық нұсқасы келесі сілтеме бойынша қолжетімді.

Тағы оқыңыз
news
Жаңалықтар
21.11.2022
KMF-тің "Айхай 25!" науқаны аяқталды

18 қарашада тікелей эфирде өткен "Айхай 25!" науқанының гранд финалында үш жеңімпаздың есімі анықталды! Науқан атауы кездейсоқ таңдалған жоқ, биыл...

Толығырақ
news
Жаңалықтар
17.11.2022
Smart-кеңсе – KMF клиенттеріне қызмет көрсетудің жаңа форматы

KMF клиенттері жаңа Smart-кеңседе компания қызметтерін бұрынғыдан да қолайлы жағдайда қолдана алады.

Толығырақ
news
Жаңалықтар
14.11.2022
KMF Isker Hanymy-2022 байқауының жеңімпаздары анықталды!

Алматыда 11 қараша күні керемет шара өтті - KMF Isker Hanymy-2022 байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Толығырақ
news
Жаңалықтар
21.10.2022
Кәсіпте қасса алшақтығын несиесіз қалай болдырмауға болады?
Кез келген кәсіпкер касса алшақтығына және қаржының жеткіліксіздігіне тап болуы мүмкін. Әдетте олар мұндай кезде бірден несие алуға асығады. Алайда қа...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
07.10.2022
Микроқаржыландыру мәселелері бойынша заңгерлік көмек
Құрметті клиенттер!

Микроқаржы ұйымдарының жұмысына қатысты сұрақтар туындаса немесе заңгерлік кеңес қажет болса, сіз әрқашан Микроқаржы ұйымдары...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
05.09.2022
KMF Қостанай облысында болған өрт салдарынан мүлкіне зақым келген клиенттерінің микрокредиттері мен қарыздарын кешіреді.
KMF басшылығы мен ұжымы Қостанай облысында болған өрттен зардап шеккендерге көңіл білдіреді. Тілсіз жаудың кесірінен туған-туысын жоғалтқандарға шын ж...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
05.09.2022
«Даму-Микро» бағдарламасы бойынша бизнесті дамытуға 60 млн тг дейін алыңыз

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры ұсынатын «Даму-Микро» бағдарламасы шеңберінде төмендетілген мөлшерлемемен 10 млн теңгеден 60 млн теңгеге дейін рәсімдеңіз....

Толығырақ
news
Жаңалықтар
01.09.2022
Айхай 25! KMF-ке 25! Туған күніне орай KMF сыйлықтар тарту етеді!

Бизнесті дамытуға 500 000 теңгеден жоғары сома алып, ұтыс ойынына қатысыңыз! 

Толығырақ
news
Жаңалықтар
31.08.2022
KMF клиенттеріне арналған жасыл қаржыландыру

Энергия тиімді техниканың жемісті жұмысы 

Алматы облысында тұратын кәсіпкер Әділет Игісінов бірнеше жылдан бері жер қазу жұмыстарымен...
Толығырақ