cancel
KMF МҚҰ
KMF МҚҰ қосымшасында ашу
Жүктеу

Қазақстандық Микроқаржылық Форум: Ел тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша бастамаларды біріктіретін Сараптамалық кеңесті құру қажет

Қазақстандық Микроқаржылық Форум:  Ел тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша бастамаларды біріктіретін  Сараптамалық кеңесті құру қажет
Жаңалықтар
2017 жылдың 7-8 қыркүйегінде Алматы қаласында бірінші Қазақстандық микроқаржылық форум аясында «Әлеуметтік-экономикалық өсу факторы ретінде қаржылық сауаттылықты арттыру» атты конференция өтті. Форум ұйымдастырушысы – KMF микроқаржылық ұйымы, оған ҚР Микроқаржылық ұйымдар қауымдастығы (ҚМҚҰҚ), ҚР Ұлттық Банкі қолдау көрсетті. Форумда 12 елден қаржылық сауаттылықты арттыру саласында қызмет атқаратын 30-дан астам сарапшы, сонымен қатар Қазақстан, Қырғызстан, Грузия, Ресей Ұлттық Банктерінің өкілдері сөз сөйледі. Барлығы форумға 220 қатысушы қатысты.


Аталмыш шарада Еуропа, Кавказ, Ресей және Орталық Азия елдерінен келген сарапшылар қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша жинақталған тәжірибені, осы мәселеге қатысты ұлттық жобаларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, қаржы ұйымдарының және білім беру мекемелерінің рөлін талқылады. Қатысушылар экономикалық білім деңгейін өсіру халықтың әл-ауқатын арттыруға қолдау көрсететінін атап өтті.

Дүние жүзі тұрғындарының қаржылық сауаттылығы
2014 жылы Standard&Poor’s рейтингтік агенттігі бүкіл дүние жүзі бойынша ересек тұрғындардың қаржылық сауаттылық деңгейіне қатысты зерттеу жүргізді. Егер 100% ең жоғары көрсеткіш деп алсақ, тұрғындардың қаржылық сауаттылық деңгейі 13%-дан 71% аралығында түрленіп отыр. Әлем бойынша көш басында Скандинавия халқы тұр, онда ересек тұрғындардың 71% ақшаны басқару жолдарын жақсы игерген. Бірінші ондыққа Израиль, сондай-ақ Еуропаның жоғары дамыған елдері кіреді. ТМД елдерінде тұрғындардың қаржылық сауаттылық деңгейі 21%-дан 40%-ға дейін. Рейтингтің соңында Ауғанстан (14%), Албания (14%) және Йемен (13%) елдері орын тепкен. Қазақстанда ересек тұрғындардың 40%-ы қаржылық тұрғыдан сауатты деп танылған.

Қазақстанда тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі Сараптамалық кеңесті құру
Форум қатысушыларының ҚР Ұлттық Банк жанында елде қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша жобаларды талқылау және жылжыту жөніндегі бірыңғай келіссөз алаңы ретінде Сараптамалық кеңесті құру қажеттілігі туралы ұсынысы форумның маңызды тақырыбына айналды. Сараптамалық кеңестің құрамына мемлекеттік органдардың, қаржы секторының өкілдері, тәуелсіз сарапшылар және қоғам қайраткерлері, БАҚ және басқа да мүдделі тараптар кіретін болады.


Шалқар Жүсіпов, KMF Басқарма Төрағасы: «Біз форум барысында қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша шет елдердің аса құнды тәжірибесін қабылдадық әрі оны біздің клиенттеріміздің арасында қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша шараларға бейімдеуге тырысамыз. Халықтың қаржылық сауаттылығы елдің әлеуметтік-экономикалық өсуіне қаншалықты оң ықпал ететініне тағы бір рет көз жеткізе алдық. Спикерлер осы мәселенің аса өзекті екендігін баса айтып өтті, сол себепті «Кредит бере отырып оқыту» атты ұранымыздың дұрыстығына ешкім күмәнданбас. Аталмыш форум ұлттық деңгейде қаржылық сауаттылықты дамытуға түрткі болғаны сөзсіз, бұл ретте Ұлттық Банк қозғаушы күш ретінде бұл мәселені шешуге зор үлес қосады деп сенеміз, ал біз өз кезегімізде қаржылық сауаттылық бойынша өз бағдарламаларымызды одан әрі жүзеге асыратын боламыз».


Микроқаржылық ұйымдар қауымдастығының директоры Анатолий Глуховтың айтуы бойынша бүгінгі таңда микроқаржылық ұйымдар қаржылық сауаттылыққа үлкен мән береді, себебі сауатты қарыз алушыда проблемалы берешектер туындамайды, әрі ол өз қызметін табысты жүзеге асыруға және жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға қабілетті болады.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасы Төрағасының орынбасары Дина Галиева Тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттырудың 2016-2017 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ұлттық Банк халықтың қаржылық сауаттылық деңгейін анықтау мақсатында келесі жылы әлеуметтік зерттеу жүргізуді жоспарлап отырғандығын хабарлады. Зерттеу бағдарламаның тиімділігін көрсетеді және соның негізінде қаржылық сауаттылықты арттыру саласында кейінгі бағдарламалық құжаттар жасалатын болады. «Бағдарламаны жүзеге асыру барысында халық жинақтарының өсуі және экономиканы кредиттеудің өсуі сынды болжалды көрсеткіштер назарға алынатын болады», - деп атап өтті Дина Галиева. 2018 жылы Тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру бағдарламасын жүзеге асыру аяқталғаннан кейін Ұлттық стратегияны құру бойынша жұмысты бастау жоспарланып отыр. Бұған Қазақстан Республикасының Білім министрлігін, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ, қаржы ұйымдарын, жергілікті атқарушы органдарды, қоғамдық ұйымдарды және БАҚ-ты тарту ұсынылып отыр. Сонымен қатар халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру саласында жұмыс тәжірибесі мол халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты күшейту де жоспарда бар.

Форум спикерлерінің презентациясы, бейне сұхбаттар және фотосуреттер Форумның ресми сайтында берілген: www.kmforum.kz
Тағы оқыңыз
news
Жаңалықтар
16.04.2024
Орал қаласындағы клиенттердің назарына!
Құрметті клиенттер, су басу жағдайларына байланысты KMF бөлімшесі 17-23 сәуір күндері жабық болатынын хабарлаймыз!
Толығырақ
news
Жаңалықтар
10.04.2024
Су тасқынынан зардап шеккен клиенттерге қолдау
Толығырақ
news
Жаңалықтар
27.03.2024
Техникалық жұмыстар
Құрметті клиенттер,

Техникалық жұмыстарға байланысты 27 наурыз сағат 22.00-ден 28 наурыз сағат 01.00-ге дейін 7474 желісі қолжетімсіз болады.
Кеңес алу...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
04.03.2024
7474 байланыс орталығы қайтадан іске қосылды
Уақытша болған ыңғайсыздық үшін кешірім сұраймыз
Толығырақ
news
Жаңалықтар
01.03.2024
KMF пен JICA микробизнесті қаржыландыруға 50 миллион доллар бөледі
KMF компаниясы жапондық халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (Japan International cooperation Agency, JICA) заем туралы келісімшарт жасасты
Толығырақ
news
Жаңалықтар
28.02.2024
Техникалық жұмыстар
Құрметті клиенттер,
Жоспарлы техникалық жұмыстарға байланысты 29 ақпан сағат 22.30-дан 1 наурыз сағат 00.00-ге дейін (жаңа уақыт бойынша) KMF-тің...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
05.12.2023
Талдықорғандық кәсіпкер әйел су жаңа автокөлік ұтып алды
Кәсібін нөлден бастап, үлкен жетістікке жеткен бизнес иелері еліміздің түкпір-түкпірінде кездеседі
Толығырақ
news
Жаңалықтар
02.10.2023
KMF қымбатты достарға құнды жүлделер табыс етеді!
KMF топтық микроқаржыландыруға қатысушы клиенттеріне бағалы сыйлықтар мен жағымды бонустар сыйлайды.
Толығырақ
news
Жаңалықтар
04.09.2023
Өнімдер тізбесіндегі өзгерістер

Сүйікті клиенттер!

Бізде өнімдер тізбесі мен микрокредиттердің атаулары жаңарды.
Толығырақ