Заказать
звонок
X

Обратный звонок за 30 секунд

Не можете найти, что искали?
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

26 Наурыз 2020 ТЖ кезеңінде халыққа және кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету шаралары туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаулысы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 22 наурыздағы № 17 Қаулысы Төтенше жағдай кезеңінде халыққа және кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету шаралары туралы. 

Дереккөз: http://online.zakon.kz

«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №286 Жарлығы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне және халық пен кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты шаралар мен уақытша шектеулердің енгізілуіне байланысты, олардың қаржылық жағдайының нашарлауына жол бермеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар:

1) жеке тұлғалардың негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлем мерзімі күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам өткен банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша сыйақыны есептемейді.

Осы тармақшаның талаптары, егер банктік қарыз және (немесе) микрокредит шартын жасау күні негізгі борыш сомасы тіркеуге жататын мүлік кепілімен және (немесе) ақша кепілімен толығымен қамтамасыз етілген жағдайда, ондай шартқа қолданылмайды.

2) банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемдер мерзімінің өтуі бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды:

жеке тұлғаларға;

қаржылық жай-күйі төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде нашарлаған заңды тұлғаларға есептемейді;

3) төтенше жағдайдың енгізілуі нәтижесінде қаржылық жай-күйі нашарлаған жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілерінің негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемдерді қоса алғанда, банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша төлемдерін күнтізбелік 90 (тоқсан) күнге дейінгі мерзімге кейінге қалдырады;

4) жеке тұлғалар-қарыз алушылардың қаржылық жай-күйіне талдау жүргізеді және жұмыс орнын немесе басқа кіріс көздерін жоғалтқан, сондай-ақ өзге де қаржылық қиындықтарға ұшыраған жеке тұлғаларды негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемдерді қоса алғанда, банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша төлемдерді кейінге қалдыру түрінде қолдаудың қосымша талаптары туралы шешімдер қабылдайды.

Осы тармақшаның талабы 2020 жылғы 18 наурызға дейін жасалған банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттарына қолданылады.

2. Жеке тұлғаларға қатысты осы қаулының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген шараларды банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қарыз алушылар тарапынан өтініш беру қажеттілігінсіз біржақты тәртіппен қолданады.

3. Осы қаулының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген шараларды (жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға қатысты), сондай-ақ осы қаулының 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген шараларды банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қарыз алушының жазбаша өтініші негізінде жеке тәртіппен қолданады.

Өтінішті қарыз алушы банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға электрондық пошта, «банк-клиент» онлайн-жүйесі, интернет-ресурс, мобильдік қосымша немесе басқа да байланыс құралдары арқылы да береді.

Өтінішті қарау процесінде банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қажет болған кезде төтенше жағдайдың енгізілуі нәтижесінде қарыз алушының қаржылық жай-күйінің нашарлауын растайтын құжаттарды сұратады.

Өтінішті қарау нәтижелерін банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым олардың ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарыз алушыға жібереді.

4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті:

1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 5-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

5. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары О.А.Смоляковқа жүктелсін.

7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және Дамыту агенттігінің Төрағасы                                                       

 М. Абылкасымова


?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success