Заказать
звонок
X

Обратный звонок за 30 секунд

Не можете найти, что искали?
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

4 Қараша 2020 KMF ЕҚДБ-дан марапат алды
Еуропа қайта құру және даму банкі KMF микроқаржылық ұйымының гендерлік және экономикалық интеграция саласында тұрақты даму жобаларын ендіру және жүзеге асырудағы жетістіктерін атап өтті.

Шалқар Жүсіпов, KMF МҚҰ Басқармасының Төрағасы: «Қажырлы еңбегіміз бұрыннан келе жатқан стратегиялық серіктесіміздің тарапынан жоғары бағаланғаны қатты қуантады. Біз осы жылдың ішінде Қазақстан халқының негізгі санаттарына белсенді түрде кредит беріп келдік. Олар – пандемия кезінде іскерлік белсенділіктің төмендеуіне байланысты табыссыз қалып, қиын жағдайға тап болған ауыл тұрғындары мен іскер әйелдер».

Қазіргі уақытта «Бизнестегі арулар» жобасынан басқа, KMF кәсіпкер әйелдерді қолдауға бағытталған басқа да жобаларды, соның ішінде ауылдарда Қазақстанның он мыңға жуық шағын кәсіпкерлерін қамтыған қарыз алушыларды қолдау бағдарламасын кеңінен жүзеге асырып жатыр.

KMF-те іскер әйелдерге арналған ең маңызды жобалардың бірі субсидиялау бағдарламасы болды, оған сәйкес кәсіпкер ханымдар екі есе төмендетілген пайыздық мөлшерлемемен микрокредит ала алады. Бұл субсидиялау бағдарламасы 2020 жылдың соңына дейін жалғасады.

?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success