ҚОҢЫРАУҒА
ТАПСЫРЫС
X

Кеңес беру

Жұмыс күні аяқталды, кейінірек хабарласыңыз немесе есіміңіз бен телефон номеріңізді қалдырыңыз.
Біз Сізге өзіміз хабарласамыз және Сіздің кез келген сұрағыңызға жауап береміз!

Қоңырау күтіп отырмын 30:00 сек

Біз Сізге өзіміз хабарласамыз және Сіздің кез келген сұрағыңызға жауап береміз!

16 Сәуiр 2021 Бизнес қарыздары бойынша төлемдерді кейінге қалдыру тәртібі

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 09.04.2021 жылғы №127 бұйрығына сәйкес Шағын және орта бизнес субъектілерінің қарыздары бойынша төлемдерді кейінге қалдыру тәртібі (бұдан әрі – «Тәртіп») бекітілді.

KMF микроқаржылық ұйымы Тәртіпке сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын қарыз алушылардың төлемдерін кейінге қалдырады.

1) субъект қызметін Тәртіптің қосымшасына (сілтеме бойынша қолжетімді) сәйкес экономика салаларында жүзеге асырған жағдайда – микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде дара кәсіпкерлердің.

2) шектеулі карантиндік шаралардың қолданылуы салдарынан кредиттік ұйым жүзеге асыратын қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалаумен расталған қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда – орта кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде дара кәсіпкерлердің төлемдерін кейінге қалдырады (бұдан әрі – төлемді кейінге қалдыру). Қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалау қарыз алушының нақты кірістерін және енгізілген шектеулі карантиндік шаралардың қарыз алушының кәсіпкерлік қызметіне, оның ішінде қарыз алушының тауарларына, жұмыстарына және (немесе) көрсетілетін қызметтеріне тұтынушылық сұраныстың төмендеуіне, тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді жеткізу тізбегінің бұзылуына, тауарлардың, жұмыстардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің ақысын төлеу мерзімдерінің бұзылуына әсерін талдауды көздейді.

Тәртіп микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде дара кәсіпкерлерге 2021 жылғы 1 сәуірге дейін кәсіпкерлік мақсаттарға берген микрокредиттерге қолданылады.

KMF төлемдерді кейінге қалдыру туралы шешімді қарыз алушының кредиттік ұйымға 2021 жылғы 1 сәуірден бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде берген өтініші негізінде қабылдайды.

Егер микрокредит шартында төлемдердің өзге кестесі көзделмесе не қарыз алушының өтінішінде өзге кесте көрсетілмесе, бұрын кейінге қалдырылған төлемдерді қарыз мерзімінің соңына дейін тең бөлу не қарыз мерзімін кейінге қалдырылған төлем кезеңіне ұлғайту түрінде жаңа төлемдер кестесін белгілеу арқылы төлем микрокредит шарттарына қосымша келісімдерге қол қоймастан кейінге қалдырылады. Бұл ретте Қарыз алушының кейінге қалдырылғанға дейін микрокредит шарты бойынша төлеген төлемдері қайтарылмайды.

Кепіл шарттарына және кепілдік шарттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар микрокредит шартының және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес енгізіледі.

Өтінішті қарағаны және микрокредит және (немесе) кепіл шарттарын және өзге де байланысты шарттарды өзгерткені үшін қарыз алушылардан комиссиялар мен өзге де төлемдер алынбайды.

Төлемді Тәртіпте көрсетілген талаптармен кейінге қалдыру қарыз алушының кредит тарихының нашарлауы және кредиттік бюроға қарыз алушы туралы жағымсыз ақпарат беру үшін негіз болып табылмайды. 

KMF өтінішті алған күнінен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімде қарайды. Егер қарыз алушының өтінішінде және кредиттік ұйымның шешімінде өзге мерзім көрсетілмесе, KMF қарыз алушының таңдауы бойынша 30 күннен 90 күнге дейін төлеу мерзімін кейінге қалдырады.

KMF-те қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарламағаны туралы ақпарат болған кезде KMF төлемді кейінге қалдырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Кейінге қалдыру кезеңінде KMF бұл қарыз алушы бойынша шағым-талап жұмысын жүргізбейді және қарыз алушыға мерзімі өткен берешекті өтеу қажеттілігі туралы хабарландыруды жібермейді.

Сұрақтар туындаса, колл-орталыққа 7474 нөміріне (ұялы телефоннан тегін) хабарласуға болады.

Бұйрықтың толық нұсқасы келесі сілтеме бойынша қолжетімді.


?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success