Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

12 Тамыз 2020 Клиенттерін жаңа қолдау бағдарламасы

KMF 12 тамыздан бастап өз клиенттерін қолдаудың жаңа бағдарламасын іске қосты әрі оны іскерлік белсенділіктің азаюын жұмсартуға бағытталған жаңа құралдармен және артықшылықтармен кеңейтті.

Оның басты мақсаты – бизнесі тұрақты кәсіпкерлерге кредит беру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету және уақытша қиындықтарға тап болған кәсіпкерлерді қолдау. Бағдарлама өз бизнесін дамытуға дайын және қосымша қаржыландыруды қажет ететін, кредиттің төлеу мерзімін кешіктірген және қайта қаржыландыруға мұқтаж, бизнесі тұралап қалған, алайда қаржыландырудың көмегімен бизнесін қалпына келтіруі мүмкін клиенттердің әртүрлі санатын қамтиды. Клиенттердің әр санаты KMF тарапынан өзіне тиесілі қаржылық көмек құралдары топтамасына қол жеткізе алады.

 КЛИЕНТТЕРДІҢСАНАТТАРЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ:

Құрметті клиенттер! «Даму» қолдау шаралары топтамасын пайдаланыңыз. Бұл топтамада тұрақсыздық әрі карантиндік шектеулер жағдайында бизнесін дамытуға бел буған клиенттерге KMF МҚҰ ұсынатын барлық құралдар жинақталған.

     «Даму» топтамасы

     Қандай қолдау шаралары қолжетімді

·      Бизнесінде қиындықтар туындамаған және 2020 жылы кредиттерін қайта құрылымдамайтын клиенттер.

·      өз бизнесін сақтап қалуға тырысатын клиенттер.

·      дағдарыстан шығу жолын іздейтін немесе жаңа бизнес түрін бастағысы келетін және қосымша қаржыландыруды қажет ететін клиенттер.

 

ü «Сенім» өнімі бойынша аса тиімді кредиттеу шарттары: 2 млн. теңгеге дейін, 18 айға дейін, негізгі борыш сомасын жеңілдікпен төлеу кезеңі 11 айға дейін.

ü 5%-ға дейінгі жеңілдікпен жаңа кредит алу мүмкіндігі (2020 жылдың 20 тамызынан бастап қолжетімді).

 

 Құрметті клиенттер! «Тұрақтылық» қолдау шаралары топтамасын пайдаланыңыз. Бұл топтамада бизнесінде қиындықтар туындаған және кредиттік жүктемені азайту түрінде қаржылық қолдауға мұқтаж  клиенттерге KMF МҚҰ ұсынатын барлық құралдар жинақталған

     «Тұрақтылық» топтамасы

      Қандай қолдау шаралары қолжетімді

·      Бизнесі тоқтап қалған, дегенмен кредиттің төлеу мерзімін кешіктірмеген клиенттер.

·      Бизнестің тұрақтылығын қолдау үшін төлемдер бойынша кредиттік жүктеменің уақытша азаюын қажет ететін клиенттер.

·      Ағымдағы бизнесін жандандырғысы келетін немесе балама бизнесті бастағысы келетін клиенттер.

 

ü 2020 жылдың соңына дейін кредит бойынша төлемдерді екі рет азайту, кредит мерзімін ұзарту мүмкіндігімен.

ü Өтеу кестесін өзгерту кезінде жеке тәсіл қолдану.

ü «Қолдау» өніміне қол жеткізу: 1 млн. теңгеге дейін, 18 айға дейін, негізгі борыш сомасын жеңілдікпен төлеу кезеңі 11 айға дейін.

ü Кредитті субсидиялау бағдарламасына қатысу (2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолжетімді)

 

Құрметті клиенттер! «Қалпына келтіру» қолдау шаралары топтамасын пайдаланыңыз. Біз бұл топтамада бизнесі қиын қаржылық жағдайға тап болған, төленбеген кредиті бар және жан-жақты қаржылық қолдауға мұқтаж клиенттерге KMF МҚҰ ұсынуға дайын барлық құралдарды жинақтадық.

     «Қалпына келтіру» топтамасы

     Қандай қолдау шаралары қолжетімді

· Кредит бойынша ағымдағы мерзімі кешіктірілген берешегі бар және төлемдерді бастапқы көлемде төлеуге мүмкіндігі жоқ клиенттер.

·  Бизнестің толық тоқтауына, активтердің азаюына бизнестегі айналымдардың біршама азаюына байланысты бірқатар қаржылық қиындықтарға тап болған, алайда балама      бизнес түрімен айналысуға жоспары бар және қосымша қаржыландыруға мұқтаж клиенттер.

 

 

ü Кредит бойынша берешекті өтеген жағдайда, кредиттің өтеу мерзімін кешіктіргені үшін өсімақыны алып тастау;

ü Төлемдер бойынша кредиттік жүктемені біршама азайтатын қарыздарды қайта құрылымдау бойынша қосымша мүмкіндіктер, кредит мерзімін ұзарту мүмкіндігімен;

ü Қарыз алушының қаржылық жағдайын ескере отырып, кредиттік жүктемені бөлу кезінде жеке тәсіл қолдану.

ü «Қолдау» өнімі бойынша кредиттеу аясында қосымша қаржыландыру мүмкіндігі: 1 млн. теңгеге дейін, 18 айға дейін, негізгі борыш сомасын жеңілдікпен төлеу кезеңі 11 айға дейін.

ü Кредитті субсидиялау бағдарламасына қатысу (2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолжетімді)

 

KMF клиенттерін қолдау бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері туралы толық ақпаратты өз бөлімшеңізден және кредиттік менеджеріңізден, сонымен қатар 7474 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан тегін) біліңіз.



?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success