Заказать
звонок
X

Обратный звонок за 30 секунд

Не можете найти, что искали?
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

28 Наурыз 2020 Алматы қ. және Нұр-Сұлтан қ. клиенттер үшін маңызды жаңалық.
Коронавирустың таралуын шектеу мақсатында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиямен 2020 жылғы 30 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Сондықтан Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы KMF-тің барлық филиалдары мен бөлімшелері осы кезеңде жұмысын уақытша тоқтатады.

Дегенмен, осы қалалардағы тұрғындар үшін негізгі қызметтер KMF МҚҰ қосымшасында онлайн қолжетімді.
Біздің қосымшада сіздер, бұрынғысынша:

• кредитке өтінім бере аласыздар,
• кредит бойынша кезекті төлемді енгізе аласыздар,
• егер сіздің материалдық жағдайыңыз нашарласа, ТЖ және карантин режимін енгізумен байланысты кредитті қайта құрылымдауға өтінім бере аласыздар.

 Қосымшаны мына жерден жүктеп алуға болады: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.kmf.app немесе https://apps.apple.com/kz/app/%D0%BC%D1%84%D0%BE-kmf/id1474320176

Егер сұрақтар туындаса, қашықтықтан байланысу арналарын пайдалана аласыздар — бізге сағат 9.00-ден 20.00 дейін +7 701 801 74 74 нөмірі бойынша WhatsApp-қа жазуға, сонымен қатар осында жекеге жазуға немесе кредиттік сарапшыңызға хабарласуға болады.

 Covid-19 вирусынан қорғану үшін медициналық маскаларды тағып жүруге, антисептик пайдалануға және қолды жиі жууға кеңес береміз. Денсаулығыңызға байланысты сұрақтар бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің шұғыл желісі (1406), 8 7172 768 043,

 Сізге және жақындарыңызға амандық тілейміз!

?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success