cancel
KMF МҚҰ
KMF МҚҰ қосымшасында ашу

Кепілдікке адамгершілік: Банк кредит бермесе, ақшаны қайдан алуға болады?

Кепілдікке адамгершілік: Банк кредит бермесе, ақшаны қайдан алуға болады?
БАҚ біз туралы

Дереккөз: stan.kz

Банк кредит беруден бас тартты ма? Мұндай жағдай өмірде жиі кездесіп жатады, себебі де жетерлік. Онда дәл қазір, шұғыл қажет болып тұрған ақшаны қайдан аласыз? Микроқаржылық ұйымдар деген не? Бұл сұрақтың барлығына жауапты біздің материалдан табасыз.

Шыны керек, кредит беретін мекеменің барлығы қарапайым адам үшін бір сөзбен – «банк». Алайда, екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржылық ұйымдардың бірқатар өзіндік ерекшелігі бар. Банк те, микроқаржылық ұйым да тұтынушылық мақсатқа және бизнеске кредит береді, пайыздық мөлшерлеме де бірдей деуге болады. Алайда, екеуінің арасындағы айырмашылық мынада - заңдық тұрғыда, микроқаржылық ұйымдар ең көбі 20 мың айлық есептік көрсеткіш, яғни 53 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде ғана кредит бере алады. Сол үшін де «микро» деген жалғауға ие.

Банктерге көбінесе қала тұрғындары жүгінетін болса, микроқаржылық ұйым клиенттерінің басым бөлігі – ауыл тұрғындары. Неге дейсіз ғой? Себебі бұл – микроқаржылық ұйымдардың ең негізгі артықшылығының бірі. Банк тұрақты табыс көрсеткішін дәлелдеуді, кепілге аса құнды мүлікті қоюды талап етіп, көп жағдайда кредит беруден бас тартып жатқанда дәл сол адамдарға, дәл сол ұйымдар қол ұшын созады. Әдетте, ауылдық жерде жалақы көлемі төменірек және табыс көзі ауыл шаруашылығынан түскен өнімде болып жатады. Сол үшін де азаматтар банктен кредит алу кезінде қиындыққа тап болады. Дегенмен, қаржы ұйымдарының деректеріне сүйенсек, соңғы бірнеше жылда микроқаржылық ұйым клиенттерінің арасында қалалықтардың да үлесі артқан. Себебі, қазір олар да банктер сияқты мобильді қосымшалары арқылы онлайн кредит беріп, қызметтерінің барлығын ыңғайлы еткен.

Микроқаржылық ұйым клиенттерінің арасында тағы кімдер бар? Кәсіпкерлер. Бұл санаттың клиенттер арасындағы үлесі айтарлықтай басым. Микроқаржылық ұйымдарда кредит алудың шарттары жеңіл, құжат жағынан да, кепілдік жағынан да. Өтінімді қарастыру уақыты да қысқа. Ал, кәсіпкерлердің бизнесі үшін қажетті қаржыны микроқаржылық ұйымдардан алуының тағы бір себебі – төлем шарттарының ыңғайлы болуында. Микроқаржылық ұйымдар төлем шарттарын клиентпен ақылдасып, клиентке ыңғайлы жағын қарастырады.

Әрине, Қазақстанның қаржы нарығында микроқаржылық ұйымдар аз емес. Алайда жетекші орынға ие ұйымды білесіз бе? Ол – KMF микроқаржылық ұйымы. Компания елімізде берілген микрокредиттердің жалпы көлемінің 30 пайызына ие және ол Қазақстандағы ең ірі микроқаржылық ұйым. KMF отандық қаржы нарығына 1997 жылы келген. Компания өкілдерінің айтуынша, мұндай нәтижелі жұмыстардың өзіндік құпиясы бар, ол – бірінші кезекте ұйымның емес, клиенттің әлеуметтік жағдайын жасауында.

Арман Абылайхан, KMF МҚҰ Кредит департаментінің директоры:

KMF компаниясы нарықта 24 жылдан бері жемісті жұмыс істеп келеді. Ширек ғасырға жуық уақыт ішінде отандық қаржы нарығынан жетекші орын алудың құпиясы мынада - біз өз клиенттерімізді жақсы білеміз. Олар кімдер дейсіз ғой? Олар – өз кәсібін ауылдық жерде дөңгелетіп отырған шағын және орта бизнестің өкілдері, біздің микрокәсіпкерлер. Бізде филиалдық желі өте кең, кредит шарттары қолайлы, кредиттеудің схемасы қарапайым және түсінікті, сол үшін де бұл санаттағы клиенттердің таңдауы бізге түседі. Біздегі кредиттеудің моделі – әрбір клиенттің әл-ауқатын арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді серіктестік. Біздің көптеген клиентіміз ұзақ жылдар бойы KMF-пен серіктестік орнатып, отбасының дәулетін арттыра отырып, бизнесті дамытудың тамаша үлгілерін көрсетіп келеді.

KMF несие портфелінің 131 миллиард теңгеден астамы қазақстандық кәсіпкерлерге берілген. Бұл дегеніңіз компанияның кредиттік портфелінің 92 пайызын құрайды.

Арман Абылайханның айтуына қарағанда, қазіргі таңда KMF микроқаржылық ұйымынан 183 мыңнан аса кәсіпкер микрокредит алып отыр, бұл клиентттік базаның 85 пайызына тең. Микрокредит алушылар 160 мыңға жуық жұмыс орынын өздеріне, тағы 45 мың жұмыс орынын жалдамалы жұмысшылар үшін ашқан.

Осылайша, KMF микроқаржылық ұйымы елдегі ауыл шаруашылығы, өндіріс салаларының дамуына оң серпін беріп, отандық экономиканың алға басуына өз үлесін қосып отыр. Ол үшін бірқатар оңтайлы бағдарлама да ұсынылған. Мысалы, «Достар» деп аталатын бағдарлама арқылы бірнеше адам бірігіп, кепілдіксіз 5 миллион теңгеге дейін ала алады. Бір қызығы, кепілдікке достардың адамгершілігі, бір-бірінің алдындағы жауапкершілік қойылады. Осы сияқты шағын және орта бизнесті дамытуға арналған, ерекше шарттармен берілетін микрокредиттер жетерлік, мысалы, «Микро», «МСБ», «Сенім» және тағы да басқа.

Онлайн ақша алу, энергияны үнемдейтін тауарларды сатып алуға арналған микрокредит, тұтынушылық мақсаттарға немесе бизнес үшін, жер телімін немесе көлік сатып алуға қолайлы микрокредиттер туралы kmf.kz сайтынан немесе ұялы телефоннан тегін қоңырау шалуға болатын 7474 номерлі байланыс орталығынан білуге болады.

Тағы оқыңыз
news
Жаңалықтар
20.02.2023
KMF Colvir IT-платформасына көшеді

Бүгін KMF пен Colvir Software Solutions компаниясы бірлескен жобаны іске қосу туралы келісімге қол қойды. Colvir IT-платформасы KMF-ке жаңа өнімдерді...

Толығырақ
news
Жаңалықтар
10.02.2023
IFC мен KMF ауылдағы кәсіпкерлерге көмектесіп, әйелдер бизнесін қолдайды Алматы, Қазақстан
KMF компаниясы 250 мыңнан аса клиентке қызмет көрсетеді. Ауылдық жердегі кәсіпкерлердің үлесі 60 пайыздан асады, олардың көпшілігі - әйелдер.
Толығырақ
news
Жаңалықтар
04.01.2023
The Eurasian KMF туралы

«Микроқаржыландыру – бұл ең алдымен, әлеуметтік бағыттағы бизнес»

Толығырақ
news
Жаңалықтар
26.12.2022
KMF-ProMotor. Бизнеске арналған арнайы техника бұрынғыдан да қолжетімді
Енді алматылық кәсіпкерлер арнайы техниканы тартымды шарттармен сатып ала алады. 
Толығырақ
news
Жаңалықтар
25.11.2022
GEFF «Жасыл» қаржыландыруы. KMF клиенттері энергия үнемдейтін жабдықты, көліктерді сатып алып, кэшбэк ала алады
Бағдарлама бойынша өтемақы төлеу мерзімі 2023 жылдың тамыз айының соңына дейін ұзартылды.
Толығырақ
news
Жаңалықтар
21.11.2022
KMF-тің "Айхай 25!" науқаны аяқталды

18 қарашада тікелей эфирде өткен "Айхай 25!" науқанының гранд финалында үш жеңімпаздың есімі анықталды! Науқан атауы кездейсоқ таңдалған жоқ, биыл...

Толығырақ
news
Жаңалықтар
17.11.2022
Smart-кеңсе – KMF клиенттеріне қызмет көрсетудің жаңа форматы

KMF клиенттері жаңа Smart-кеңседе компания қызметтерін бұрынғыдан да қолайлы жағдайда қолдана алады.

Толығырақ
news
Жаңалықтар
14.11.2022
KMF Isker Hanymy-2022 байқауының жеңімпаздары анықталды!

Алматыда 11 қараша күні керемет шара өтті - KMF Isker Hanymy-2022 байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Толығырақ
news
Жаңалықтар
21.10.2022
Кәсіпте қасса алшақтығын несиесіз қалай болдырмауға болады?
Кез келген кәсіпкер касса алшақтығына және қаржының жеткіліксіздігіне тап болуы мүмкін. Әдетте олар мұндай кезде бірден несие алуға асығады. Алайда қа...
Толығырақ