Бір сиырмен бастадым". Сауыншыдан кәсіпкерге айналған Күлшат Абдуллақызы өз оқиғасын айтты

Бір сиырмен бастадым". Сауыншыдан кәсіпкерге айналған Күлшат Абдуллақызы өз оқиғасын айтты
БАҚ біз туралы

Дәл қазір бүкіл әлем, адамзат бар назарын денсаулыққа бұрып, ең басты байлықтың не екенін енді ұққандай. Ал денсаулықтың мықты болуына ықпал ететін ең басты дүниелердің бірі – табиғи, таза тағам. Сол үшін де, қазіргі заманда табиғи өнім, химиялық қоспасыз тағам дегеніміз қазынамыздың біріне айналды. Ал, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Халыққа Жолдауында сол қазынаға қол жеткізудің тетіктерін атап өтті.

Экономикамыздың күретамыры, халықты таза табиғи азық-түлікпен қамтамасыз ете алатын жалғыз арна – ауыл шаруашылығы. Бұл саланы барынша қолға алып, дамыту керегін Елбасы да, Тоқаев та үнемі айтып келеді. Ал, биыл 1 қыркүйекте жария болған Жолдауда Президент Тоқаев бұл мәселені шешудің бір жолы ретінде микроқаржы ұйымдарының жұмысын іске қосуды атап өтті.

«...Жалпы сомасы 6,3 триллион теңге жұмсалған дағдарысқа қарсы шаралар жүзеге асырылғаннан кейін экономикамызда артық ақша пайда болды. Алайда, бүгінгі таңда бөлінген қаржы әлі бармай жатқан салалар бар. Екінші деңгейдегі банктер шағын жобаларға, әсіресе ауылға арнап ақша салмайды.

Сондықтан, микроқаржы ұйымдарының әлеуетін іске қосу керек. Олар жергілікті жерде жұмыс істейді. Өзінің тұтынушыларын, олардың бизнесі мен мүмкіндіктерін жақсы біледі», - деді Президент.

Расында да, микроқаржы ұйымдарының басты мақсатының бірі – ауыл халқын, ауылдағы кәсіпкерлерді қаржыландыру. Мысал ретінде, Орталық Азия мен Қазақстандағы ең ірі микроқаржы ұйымы KMF туралы айтуға болады. Нарыққа 24 жыл бұрын келген бұл ұйымның жалпы кредит портфелінің 130 миллиард теңгеден астамы кәсіпкерлерге берілген. Ал, жалпы клиенттерінің 68 пайызы – ауыл адамдары. Сонымен қатар, KMF-тің қаржыландыруымен кәсібін дөңгелеткен іскер отандастырымыз 183 мыңнан аса жұмыс орынын ашса, 90 мыңнан аса адамның кіріс көзі бүгінде мал шаруашылығы мен егіншілікте. Солардың бірі - Күлшат Мирманқулова.

Күлшат Абдуллақызы – Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы Жігірген ауылының тұрғыны. Ол осыдан 5 жыл бұрын KMF микроқаржы ұйымында 150 мың теңгеге микрокредит рәсімдеп, бір сиыр сатып алған. Ал, қазір ірі қараның саны 50-ден асыпты.

«KMF-тен ең бірінші рет 150 мың, одан кейін 300 мың, 500 мың, 700 мың, 1 миллион, 1 миллион 800 мың, жақында 2 миллион теңге алдым. Бұл қаржының барлығын тек кәсіпке салдым. Бастапқыда бір сиыр, кейін екі, содан он басқа дейін жеткіздім. Кейіннен бұқа өсірумен айналыса бастадым, арасында асыл тұқымдылары бар, алдағы уақытта олардың санын 100-ден асыруды жоспарлап отырмын», - дейді Күлшат Абдуллақызы.

Жас күнінде фермада сауыншы болған ол мал шаруашылығының қыр-сырын жақсы меңгеріп, кәсібіне айналдыруға бел байлаған. Ал, қазір әр жануарға баласындай қарап, қорасын толтырып отырғанын айтады.

«Бұлар да бала сияқты, жем-шөбін тауып, қарынын тойдырасың, қора салып, тоңбасын дейсің, ауырып қалса емдейсің, бағасың. Тынбай еңбектену керек, сонда ғана кәсібің жүреді. KMF-тің арқасында және алған ақшаны мақсатты жұмсаудың арқасында мал басын күннен-күнге арттырып, үйімізді салып, қора-жайды жаңалап, жағдайымыз жақсарды. Қазір мал шаруашылығымен айналысудың қыр-сырын баламызға үйретіп, біртіндеп қолына алып жатыр. Отбасы мүшелері де көмектесіп тұрады, немерелерім әр малдың мінезіне қарап, ат қояды. Бізде бірі «тентек бұқа» болса, енді бірі «жалқау бұқа», - деп күледі Күлшат Абдуллақызы.

Малды өсіріп, таза етті саудаға шығарудан бөлек, бірнеше адамға жұмыс беріп отырған кәсіпкер ана ауыл шаруашылығын дамытудың маңызын әр адамның білгені дұрыс деп есептейді.

«Таза ет, табиғи сүт өнімдері мұның барлығы таптырмас дәрумен, денсаулыққа күш беретін құдырет. Сондықтан, бұл секторды дамытуға ат салысып, кәсіп үшін кредит алудан қорықпау керек. Қажет кезде еңбегінің ақысын төлеп, бірнеше адамға жұмыс беріп жатамыз, ауданға табиғи таза ет жеткіземіз. Мұның барлығы жеке бастың ғана емес, елдің экономикасына да қосылған үлес деп ойлаймын», - дейді Күлшат Мирманқулова.

Ауыл шаруашылығы немесе кәсіптің өзге де түрімен айналысқысы келетіндер аз емес, алайда көп жағдайда банктер несие беруден бас тартып жатады. Мұндай жағдайда не істеу керегі туралы бұған дейін жазған едік:

Кепілдікке – адамгершілік: Банк кредит бермесе, ақшаны қайдан алуға болады?

Бизнеске немесе тұтынушылық мақсаттарға арналған микрокредиттер туралы kmf.kz сайтынан немесе ұялы телефоннан тегін қоңырау шалуға болатын 7474 номерлі байланыс орталығынан білуге болады.

Тағы оқыңыз

news
Ұсынымдар
29.07.2022
ЕҚДБ KMF компаниясына 25 млн доллар көлемінде кредит береді

Тараптар тиісті құжатқа қол қойды. Қаражат әйелдер басқаратын шағын отандық компаниялар мен кәсіпорындарды қолдауға бағытталады.

Толығырақ
news
Ақша жөнінде
05.07.2022
KMF 25 жылдығына орай «Мерейтойлық 25» науқанын бастайды!
Микрокредит сомасы 2 000 000 теңгеден басталады. 
Толығырақ
news
Жаңалықтар
01.07.2022
Қазақстанда іскер ханымдарға арналған республикалық байқау өтеді

Өзінің 25 жылдығына орай KMF компаниясы және «KMF-Демеу» қоры «KMF Isker hanymy 2022» жүлдесін тағайындайды.

Толығырақ
news
Жаңалықтар
14.06.2022
KMF пен Азия даму банкі келісімге қол қойды

KMF пен Азия даму банкі 15 млн долларлық келісімге қол қойды. Бұл компаниямыздың АДБ-мен бірлескен алғашқы жобасы. Бөлінген қаржы әсіресе ауылдық ...

Толығырақ
news
Ұсынымдар
27.05.2022
Fitch KMF-ке «Тұрақты» болжамына ие «B+» деңгейіндегі рейтингті растады және ұлттық рейтингті «Тұрақты» болжамында BBB(kaz) деңгейіне дейін көтерді
Толығырақ
news
Жаңалықтар
24.05.2022
KMF «Ұлттық өнім» көрмесіне демеуші болды
KMF отандық тауар өндірушілерді қолдап, елордада өткен «Ұлттық өнім» көрмесіне демеуші болды. Көрменің ашылуына ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов,...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
03.05.2022
KMF «жасыл» технологияларды қаржыландыруды кеңейтіп жатыр
Компания қонақ үйлер мен мейрамханалар үшін «жасыл» қаржыландыру бағдарламасын ұсынды.
Толығырақ
news
Жаңалықтар
18.04.2022
KMF Талғарда (Алматы облысы) болған өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерге көмектесті
KMF-те қызмет көрсету жағдайлары мен шарттары қарастырылды.
Толығырақ
news
Ақша жөнінде
04.03.2022
KMF MOST Ventures венчурлық қорының капиталына $2 млн инвестициялайды
Келісім шарттарына сәйкес MOST Ventures алынған қаражатты қаржылық IT-шешімдер саласында маманданған жас кәсіпкерлердің стартаптарына бағыттайды.
Толығырақ