Қазақ үйден - тойханаға, базардан қонақүйге дейін. Үш кәсіпкер әйелдің оқиғасы

Қазақ үйден - тойханаға, базардан қонақүйге дейін. Үш кәсіпкер әйелдің оқиғасы
БАҚ біз туралы
Дереккөз: stan.kz

Қазақта «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген аталы сөз бар. Расында да отбасынан бөлек, кәсіпкерлікті қатар алып жүрген, жұмыс орындарын ашып, ел экономикасының дамуына ықпал етуші іскер ханымдар жетерлік. Бүгін солардың бірнешеуінің оқиғасын баяндауды жөн көрдік.

Кәсіпкер Сұлушаш Орынбасарқызы Қасқабаева Түркістан облысы Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылының тұрғыны, көпбалалы ана, оның жеті перзенті бар. Кәсіпкерлікпен 15 жылдан бері айналысып келе жатқан ол сауда ісінің қыр-сырын әбден меңгеріп, енді балаларын кәсіпкерлікке баулып жүргенін айтады.

«Менің азық-түлік сататын дүкенім бар. Осыдан 15 жыл бұрын KMF-тен 100 мың теңге алып, кәсібімді бастаған едім. Ісім оңға басып, кейін 200 мың, 500 мың, 600 мың, 1 млн, 2 млн теңгеден алып, ауқымын ұлғайта бердім. Қазір табиғи таза өнімдерді, халыққа күнделікті қажетті заттарды сатамын. Енді KMF-тің көмегімен екі қабатты дүкен ашуды жоспарлап отырмын», - дейді Сұлушаш Қасқабаева.

Кәсіпкер ананың айтуынша, ол тағы бір дүкенін жөндеп, жалға берген. Бұл кәсіпті жүргізуге бүкіл отбасы мүшелері көмектесіп отырған көрінеді.

«Кәсіппен айналысудың қыр-сырын балаларыма да үйретіп келемін. Себебі кәсіп бар жерде, нәсіп бар. Кәсіпкерлік дамыса жаңа жұмыс орындары ашылады, жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарады, еліміздің экономикасы көркейеді. Ал менің кәсібіме қолдау көрсетіп келе жатқан KMF-тің жөні бөлек, алғысым шексіз! KMF-пен жұмыс істегеніме қуанамын, қолжетімді, шарттары өте ыңғайлы, соның арқасында бизнесімді ұлғайтып жатырмын. Жалпы, кәсіппен айналысу үшін кредит алудан қорықпау керек, тек қаржыны мақсатты жұмсау маңызды. Кредит алмай тұрып адам өзінің тынбай еңбек етіп, жемісін көріп, төлемін уақытында төлеп тұратынына сенімді болуы керек», - дейді кәсіпкер.

Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласының тұрғыны Тоқабаева Гүлбадар Нысанбайқызы осыдан бірнеше жыл бұрын кәсібін қазақ үйде қымыз сатумен бастаған, қазір бірнеше дәмхана мен дүкеннің иесі болып отыр.

«Осыдан 5 жылдай бұрын KMF микроқаржы ұйымынан 500 мың теңге алып кәсібімді бастадым. Кейін 1, 1 жарым, 2, кейіннен 7,5 және 5 миллион теңге алдым. Бұл қаржының барлығын тек кәсіпке салдым. Ғимарат сатып алып дәмхана, дүкен, жазғы алаңқай аштым. Қазіргі таңда 20-дан аса адамға жұмыс беріп, бірнеше жерде кәсібімді жүргізіп отырмын. Жақында екі қабатты тойхананы ашып, шамамен 50 адамға жұмыс берсем деймін, бұл жоспардың барлығы KMF-пен бірге жүзеге асатынына сенімдімін», - дейді Гүлбадар Нысанбайқызы.

KMF-тің көмегімен кәсібін өрге домалатқан іскер ханымдардың бірі – Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі ауылының тұрғыны Динара Абдуллаева. Алтын әшекей бұйымдарын сатумен 10 жылдан астам уақыт айналысып келе жатқан кәсіпкердің айтуынша, КМҒ-ке жолыққанға дейін оның дүкен ашуға мүмкіндігі болмаған. Ойлана келе екінші деңгейлі банктерді емес, дәл осы микроқаржылық ұйымнан көмек сұрауды жөн көріпті. Бұл таңдауын ол сарапшы мамандардың жылдам жұмысы мен ұйымның сұратқан құжатттарының аз болуымен байланыстырады. Сөйтіп, Динара 2020 жылы желтоқсанда KMF-тен 10 млн теңге алып, дүкенін ашқан. Бұл қаражатты жарты жылдың ішінде қайтарып, екінші мәрте 10 млн теңге алған. Енді 20 млн теңге алып, кәсібін одан әрі кеңейту мақсатында KMF-пен жұмысын жалғастырмақ ниетте.

«Қазіргі таңда 4 адамды жұмыспен қамтып отырмын. Алтын сататын дүкенді ашып, ісімді өрге домалату үшін КМҒ-тің көрсеткен қолдауын әркез таныстарыма айтып жүремін. Онда көп құжатты әзірлеп, ұзақ уақытты құртпайсың. Барлығы жылдам, әрі қолжетімді. Алдағы жоспарым, тағы да микрокредит алып, Түркиямен байланыс орнатып, көтерме бағада алтын әкеліп сату, осының барлығы KMF-тің көмегінің арқасында. Негізі өз басым KMF Шиеліде ашыла салғаннан бастап клиентімін, Шиелідегі ең бірінші клиенттерінің бірімін дей аламын», - дейді кәсіпкер.

Әңгіме барысында кәсіпкер қуанышты жаңалығымен де бөлісе кетуді жөн көрді. Оның айтуынша, ол қазір кешен тұрғызып жатқан көрінеді, «бір қабаты қонақүй болады деп отырмын», дейді кәсіпкер. Құрылысы аяқталса, 15-20 адамды тұрақты жұмыспен қамтуды көздейді. Ал жаңадан кәсіп ашқысы келетін адамдарға Динара Абдуллаева «Жаңадан кәсіп ашқысы келетін адамдарға, оның ішінде несие алып кәсіп ашудан жүрексініп жүрген азаматтарға айтарым, ешқашан қорықпаңыздар. Көбі несие алып кәсіп ашсам мен банктің пайдасына жұмыс жасаймын деп ойлайды. Ол негізінде дұрыс түсінік емес. Мен мысалы, не істесем де алдымен бәрін жоспарлап, қағазға түсіріп аламын. Әр қадамыңды аңдап бассаң, кез келген кәсіп өз нәтижесін береді», - деп өмірлік тәжірибиесімен бөлісті.

Айта кетейік, KMF – Орталық Азия мен Қазақстандағы ең ірі микроқаржы ұйымы. Бизнесті дамытуға, агро мен тұтынушылық мақсаттарға кепілдіксіз, тиімді пайыздық мөлшерлемемен, ыңғайлы шарттармен, жеңілдікті кезеңдермен, түрлі науқандарымен микрокредит беретін ұйымның кредит портфелі 157 миллиард теңгеден асып жығылса, соның 140 миллиарды кәсіпкерлерге берілген және олардың көпшілігі ауыл тұрғындары болса, клиенттерінің 57 пайызы – әйел адамдар.

KMF микрокредиттері туралы толығырақ kmf.kz сайтынан немесе ұялы телефоннан тегін қоңырау шалуға болатын 7474 байланыс орталығынан білуге болады.

Еске салайық, бұған дейін кредиттерді біріктіріп, пайызын төмендетіп, төлемақыны азайтуға болатыны туралы маманның кеңесін жариялаған болатынбыз.

Сондай-ақ, банк кредит беруден бас тартса шұғыл қажет ақшаны қайдан алуға болады деген сұраққа жауап бердік.

Сонымен қатар, KMF-тің көмегімен бірнеше жылда сауыншыдан кәсіпкерге айналған ананың оқиғасы жарияланды.



Тағы оқыңыз

news
Ұсынымдар
29.07.2022
ЕҚДБ KMF компаниясына 25 млн доллар көлемінде кредит береді

Тараптар тиісті құжатқа қол қойды. Қаражат әйелдер басқаратын шағын отандық компаниялар мен кәсіпорындарды қолдауға бағытталады.

Толығырақ
news
Ақша жөнінде
05.07.2022
KMF 25 жылдығына орай «Мерейтойлық 25» науқанын бастайды!
Микрокредит сомасы 2 000 000 теңгеден басталады. 
Толығырақ
news
Жаңалықтар
01.07.2022
Қазақстанда іскер ханымдарға арналған республикалық байқау өтеді

Өзінің 25 жылдығына орай KMF компаниясы және «KMF-Демеу» қоры «KMF Isker hanymy 2022» жүлдесін тағайындайды.

Толығырақ
news
Жаңалықтар
14.06.2022
KMF пен Азия даму банкі келісімге қол қойды

KMF пен Азия даму банкі 15 млн долларлық келісімге қол қойды. Бұл компаниямыздың АДБ-мен бірлескен алғашқы жобасы. Бөлінген қаржы әсіресе ауылдық ...

Толығырақ
news
Ұсынымдар
27.05.2022
Fitch KMF-ке «Тұрақты» болжамына ие «B+» деңгейіндегі рейтингті растады және ұлттық рейтингті «Тұрақты» болжамында BBB(kaz) деңгейіне дейін көтерді
Толығырақ
news
Жаңалықтар
24.05.2022
KMF «Ұлттық өнім» көрмесіне демеуші болды
KMF отандық тауар өндірушілерді қолдап, елордада өткен «Ұлттық өнім» көрмесіне демеуші болды. Көрменің ашылуына ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов,...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
03.05.2022
KMF «жасыл» технологияларды қаржыландыруды кеңейтіп жатыр
Компания қонақ үйлер мен мейрамханалар үшін «жасыл» қаржыландыру бағдарламасын ұсынды.
Толығырақ
news
Жаңалықтар
18.04.2022
KMF Талғарда (Алматы облысы) болған өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерге көмектесті
KMF-те қызмет көрсету жағдайлары мен шарттары қарастырылды.
Толығырақ
news
Ақша жөнінде
04.03.2022
KMF MOST Ventures венчурлық қорының капиталына $2 млн инвестициялайды
Келісім шарттарына сәйкес MOST Ventures алынған қаражатты қаржылық IT-шешімдер саласында маманданған жас кәсіпкерлердің стартаптарына бағыттайды.
Толығырақ