“KMF” МНҰ «ҚР азаматтарының қаржылық сауаттылығын арттыру» әлеуметтік жобасының іске қосылуы жайлы хабарлайды
“KMF” микроқаржы ұйымы, “KMF- Демеу” Корпоративті Қорының арқауымен, «ҚР халқының қаржылық сауаттылығын арттыру» Жобасын бастады, бұл жоба бүкіл 2014 жыл бойы іске асырылатын болады.
Өзектілігі: Жоба аясында 2013 жылдың сәуір мен мамыр айларында оқытудағы қажеттілікті бағалау бойынша зерттеу жүргізілді. Зерттеу негізінде жобаның өзектілігі айқындалды: қаржылық ортадағы білімдердің керектігіне қарамастан, қазақстандықтардың басым көпшілігі дұрыс қаржылық шешімдерді қабылдауға қажет білімдерге иеленбеген. Осыған қарамастан қаржылық қызметтерді қолдану деңгейі артып келеді.
2013 жылдың маусым айында бүкіл компания бизнес-жаттықтырушыларына арналған зерттеулер негізінде әзірленген қаржылық сауаттылықты арттыру Жобасы бойынша арнайы 10-күндік тренинг өтті. Осы тренингтің лекторлары болып микроқаржыландыру бойынша халықаралық кеңесшілер болып шықты. 20-дан астам адам сертификаттар мен KMF-тың тұтынушылары және жобаға қатысуға ниет білдірген кез келген республика азаматтары арасында оқыту семинарларын жүргізуге мүмкіндіктерін алды.
Жоба мақсаты: төмен табысқа ие жанұялардың қаржылық сауаттылығын арттыру және қаржылық мүмкіндіктер туралы білімдерін кеңейту арқылы жаттықтыратын семинарларға ақысыз қатысу мүмкіндігін ұсына отырып, әл-ауқатын жақсарту.
Жоба бағдарламасы 10 тақырыптан, яғни 10 дербес семинардан құралған және қаржылық сауаттылықты арттырудағы азаматтардың қаржылық сұрақтарына ауқымды және жетік жауаптар беруіне негізделген инновациялық бағдарлама түрінде келтірілген. Әр тақырып бойынша тыңдаушыларға тарату материалдары ретінде түрлі-түсті брошюралар дайындалған. Бұл брошюралар қазақ және орыс тілдерінде шығарылған және қарапайым, түсінікті тілмен жазылған, ішіне мысалдар, кестелер және ұсыныстар енгізілген.
Жусупов Шалкар, «KMF» МНҰ басқарма төрағасы: «Біз сапалы микроқаржылық қызметтерді қол жетімді ету арқылы Қазақстан халқының өмір сүру жағдайын жақсартуға өз үлесімізді қосқанымызға қуаныштымыз. Бұдан басқа, ақшаны өзіне көбірек пайдамен қолдануды үйреткіміз келеді. Халықтың арасында қаржылық сауаттылықты арттыру ақша ресурстарының анағұрлым нәтижелі қолданылуына көмектеседі, бұл өз кезегінде әр жанұяның қаржылық тұрақтылығына әкеледі».
2014 жыл бойы “KMF” МҚҰ тұтынушылары үшін 10 000-нан астам семинар, түрлі ҚР ЖОО-ның студенттерімен 1 000-нан астам кездесулер, KMF қызмет ету аймақтарында қаржылық және қаржылық емес шараларында 100-ден астам тренингтерді өткізу көзделіп отыр. Жоба аясында тұтынушылар үшін буклет, кітапша және т.б. сияқты ақпараттық баспа өнімдері шығарылған. Берілген ақпараттық материалдар тұтынушылардың әртүрлі топтарына бағытталған және жалпы түсініктермен қатар түрлі қаржылық қызметтердің ерекшеліктерін түсіндіретін нақты ұғымдар қарастырылған.
Қызығушылық танытқан адамдардың барлығын шақырамыз.
Байланыс тұлғасы: Евгения Пигуль
PR жетекші маманы
«KMF» МНҰ
Тел.: 8 777 356 9995
E-mail: evgenia.pigul@kmf.kz
Қысқаша «KMF» туралы:
«KMF» микронесие ұйымы нарықта 1997 жылдан бері.
Ұйым өзінің 16жылдық іс-әрекетінің арқасында Орталық Азияның микроқаржылық секторының көшбасшыларының біріне айналды. Бүгін “KMF” МНҰ 17 миллиард теңгеге тең несие қоржынымен және 99 000 –нан астам тұтынушыларымен Қазақстандағы ең ірі микронесие ұйымы болып отыр.
Ұйым өз тұтынушыларымен өзара сенімге, түсінушілікке және құрметке негізделген ұзақмерзімді серіктес қарым-қатынастар құруға бағытталып отыр. “KMF” МНҰ тұтынушыларға жеке және топтық несиелерді келесі қызмет түрлеріне ұсынады: кәсіпкерлік, егін шаруашылығы, мал өсіру, қызметтер көрсету және тұтынушылық несиелендіру.
Өнімдер тізімін кеңейтумен қатар Ұйым өз аймақтық желісін кеңейту үшін тұрақты жұмыс жүргізуде. Бүгін компания 14 үлкен қалада, 10 облыста, 60 ауданда өз бөлімшелерін ұсынып отыр. Барлығы 3500 елдімекенді қамтитын 69 бөлім қызмет етіп отыр.