- KMF •
- Жаңалықтар •
-
2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі
2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі
Бұл дегеніміз, егер сіз:
– банк шотыңызға, картаңызға немесе мобильді қосымшаңызға бөтен адамдарға қолжетімділік берсеңіз;
– олардың өтініші бойынша сыйақы үшін ақша аударсаңыз;
– «бөгде операциялар» жүргізу үшін арнайы есепшот ашсаңыз.
Бұл – «жеңіл табыс» емес, ҚР ҚК 232-1-бабы бойынша қылмыс болып табылады.
Жаза түрлері:
– 5 000 АЕК дейін айыппұл
– Қамауға алу, түзету немесе қоғамдық жұмыстар
– Бостандығын шектеу немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеуді қоса алғанда, жазаланады
Тіпті мұндай «қызметтерді» танысыңыз сұраса да — КЕЛІСПЕҢІЗ. Сізді алаяқтар пайдалануы мүмкін
Сақ болыңыз! Жеке деректеріңізге қолжетімділікті ешкімге бермеңіз. Үшінші тұлғалардың, тіпті таныстардың да өтінішімен ақша аударуға келіспеңіз.
Өзіңізді алаяқтық схемаларда пайдалануға жол бермеңіз