Жаңа "Шағын қаржы ұйымдары туралы" ҚР Заңы қабылданды
Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының шағын қаржы ұйымдарының қызметінің мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
«Шағын қаржы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Елбасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi Жалпыұлттық iс-шаралар жоспарының 2.4.13 тармағын орындау үшін жасалған.
Құжаттың мақсаты шағын қаржы қызметтерінің саласын дамыту, шағын қаржы ұйымдарының қаржылық қызметін нығайту, шағын қаржы ұйымдарының ашықтығын арттыру, халықтың көп бөлігінің микрокредиттерге қол жеткізуін қамтамасыз ету, шағын қаржы ұйымдарының қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Көрсетілген заңмен ШҚҰ қызметінің құқықтық тәртібіне елеулі өзгерістер енгізіледі.
Бірінші кезекте, заңи жаңартпалар заңның атауының өзіне, сондай-ақ микрокредиттерді ұсыну қызметтерін жүзеге асыратын ұйымдардың атауына қатысты болды - бұрынғы МКҰ атауы жаңа ШҚҰ атауына ауыстырылды. ШҚҰ қызметіне бақылау жасау және қадағалау Қаржылық қадағалау комитетінің тұлғасында ҚР Ұлттық банкіне жүктелді.