• KMF
  • Новости
  • Әйелдер мен жастар үшін жаңа мүмкіндік: ЕҚҚДБ мен KMF 25 миллион долларлық келісімге қол қойды
Әйелдер мен жастар үшін жаңа мүмкіндік: ЕҚҚДБ мен KMF 25 миллион долларлық келісімге қол қойды

Әйелдер мен жастар үшін жаңа мүмкіндік: ЕҚҚДБ мен KMF 25 миллион долларлық келісімге қол қойды

15.05.2024


15 мамырда Ереванда Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) тұрақты даму жөніндегі 33-нші жыл сайынғы кездесуі мен бизнес-форумында ЕҚҚДБ мен KMF арасында 2 келісім жасалды. Осы келісімдер шеңберінде 25 миллион доллар көлеміндегі қаражат кәсіпкер әйелдер мен жастардың кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруға бағытталатын болады.

"Еуропа қайта құру және даму банкімен келісім біздің ұзақ мерзімді ынтымақтастығымызды растайды және кәсіпкер әйелдер мен жастардың кәсіпкерлік жобаларын қолдау мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бұл қаражат бізге экономиканың дамуына және барлығына тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған миссиямызды жүзеге асыруға айтарлықтай үлес қосуға мүмкіндік береді. Біз ЕҚҚДБ-мен жасалып жатқан ынтымақтастығымыз ұжымдық құндылықтарымыз бен тұрақты даму стратегияларымызға толық сәйкес келетінін мақтан тұтамыз. Бұл бізге тұрғындардың негізгі топтарының экономикалық жағдайын нығайтып қана қоймай, неғұрлым берік және инклюзивті қоғам құруға ықпал етеді", - деп атап өтті KMF Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов.




Келісімдер ЕҚҚДБ әзірлеген "Бизнестегі әйелдер" және "Бизнестегі жастар" бағдарламалары шеңберінде жасалды. Екі бағдарлама да әйелдер мен 35 жасқа дейінгі жастар басқаратын немесе оларға тиесілі микро, шағын және орта кәсіпкерлікке көмектесу мақсатында жасалған.

Артқа қайту