«KMF» микрокредиттік ұйымының несие қоржыны 33%-ға өсті
29.10.2013
2013 жылғы 29 қазандағы жай-күйі бойынша KMF-тің несие қоржыны 16 016 178 805 теңгені құрады, бұл оның ағымдағы жылдың 10 айы ішінде 33%-ға көбейгенін көрсетеді. Несие қоржынының көбеюі елдің ірі қалаларында және аймақтарында ұсақ және шағын кәсіпкерлердің белсенділігінің жоғарылауымен байланысты.
Бүгінгі күнде KMF клиенттерінің саны 90 мың адамды құрайды. Олардың ішінде клиенттердің 80%-ы жеке кәсіпкерлікке және ауыл шаруашылығының саласына тартылған. Осылайша, KMF өзінің басым бағытын дамытуды жалғастыруда, ол KMF-тің миссиясына – клиенттеріміздің сапалы шағын қаржы қызметтеріне қол жеткізуіне мүмкіндіктерді ұсына отырып, олардың әл-ауқатын арттыруға көмектесуге негізделген.
Басқа жаңалықтар
Жастар кәсіпкерлігі: KMF пен ЕҚДБ қолдауымен арманға бастар жол
03.04.2025
KMF банк болады! Сіздің ісіңізге мол мүмкіндік, жайлы жағдай!
28.03.2025
1 сәуірден бастап KMF мобильді қосымшасы мен ресми сайты арқылы микрокредитті өтеу кезінде қолданылатын комиссия мөлшерлемесіне өзгерістер енгізіледі
28.03.2025