• KMF
  • Жаңалықтар
  • KMF Банк 20 млрд теңгеге облигациялар шығаратынын жариялады
08.12.2025

KMF Банк 20 млрд теңгеге облигациялар шығаратынын жариялады

08 желтоқсан 2025 жыл - «KMF Банк» АҚ айналыс мерзімі 3 жыл болатын, қамтамасыз етілмеген купондық облигацияларды орналастыруды жоспарлап отырғанын хабарлады. Алдағы шығарылымның жалпы көлемі 20 млрд теңгені құрайды. Орналастыру күні 2025 жылғы 12 желтоқсанға жоспарланған. Бір облигацияның құны 1 000 теңге деңгейінде белгіленген.

Андеррайтер ретінде «Halyk Finance» АҚ қатысады. Орналастыруға қатысу немесе облигацияларды сатып алу үшін инвесторлар өздерінің қазіргі брокерлеріне жүгінуіне, сондай-ақ кез келген лицензияланған брокерлік компанияда брокерлік шот ашуына болады.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы 12 тамызда «KMF Банк» АҚ банктік операцияларды жүзеге асыруға лицензия алып, микроқаржылық ұйымнан банкке трансформациялау процесін аяқтаған болатын. 2025 жылғы 30 қарашадағы жағдай бойынша банктің активтері 407 млрд теңгеден, ал меншікті капиталы 69 млрд теңгеден асты.

Банк жеке тұлғаларға, микро, шағын және орта бизнеске кең ауқымды қызметтер көрсетеді, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосып, аграрлық сектордағы жобаларды белсенді қаржыландырады.

Банк операцияларын жүргізуге ҚНРДА 25.11.2025 жылы берген № 1.1.121 лицензия

Артқа қайту