• KMF
  • Новости
  • Fitch Ratings Қазақстанның микроқаржы ұйымдарын сараптамалық бағалауды аяқтады
Fitch Ratings Қазақстанның микроқаржы ұйымдарын сараптамалық бағалауды аяқтады

26.08.2022

Fitch Ratings Қазақстанның микроқаржы компанияларын сараптамалық бағалауды аяқтады. Жалпы алғанда, Қазақстанның микрокредит компаниялары пандемия кезінде жақсы нәтиже көрсетті, бұл ретте карантин шаралары олардың бизнес модельдеріне қатты әсер етпеді, ал қаржыландыру мен өтімділіктің қолжетімділігі жаңа қызметті тиісті деңгейде іске қосуға ықпал етті. KMF компаниясының рейтингтеріне қатысты ешқандай әрекет жасалмады.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы мамырда Fitch Ratings KMF-тің ұзақ мерзімді рейтингін «B+» деңгейінде растап, ұзақ мерзімді ұлттық рейтингті BBB (kaz) дейін көтерді. Рейтинг бойынша болжам - «Тұрақты».

«KMF рейтингтері компанияның тәуекелі жоғары бизнес-сегментке, қалыпты масштабқа, банктер тарапынан бәсекелестікке, өнімдерді шектеулі әртараптандыруға және сенімге негізделген көтерме қаржыландыруға бағдар ұстанғанын көрсетеді. Компания Қазақстанның микроқаржы секторында жетекші орынға ие және ол қызмет тарихы бай, кірістілігі жоғары, бизнес-модель үшін кредит шығындары қалыпты, әртараптандырылған және қысқа мерзімді кредиттік портфелі нарық тәуекеліне төзімді және әртараптандырылған қаржыландыруға ие компания ретінде танылған», - делінген агенттік хабарламасында.

КMF — Қазақстандағы ең ірі микроқаржы ұйымы. 1997 жылдан бері кіші, шағын және орта кәсіпкерлерлікке қаржылық қызмет көрсетеді. Республиканың ірі қалаларында 14 филиалы және 114 бөлімшесі бар. KMF баспасөз қызметі: Тамилла Таирова, тел.: + 7 727 331-74-74 ішкі 251, www.kmf.kz pr@kmf.kz

Артқа қайту