• KMF
  • Новости
  • Павлодар филиалындағы Ашық есік күндері

Павлодар филиалындағы Ашық есік күндері

02.10.2015

Қыркүйек айының соңында Павлодар филиалы мен Ақсу және Екібастұз қалаларындағы, сондай-ақ Аққу және Ертіс ауылдарындағы бөлімшелерінде Ашық есік күндері болып өтті.

Шара шеңберінде 22 қыркүйек күні Ақсу қаласындағы бөлімше жаңа кеңсеге орналасты. Аталмыш шараға клиенттер, серіктестер мен БАҚ өкілдері қатысты. Салтанатты ашылу рәсімі шашуға ұласты. Компания қызметкерлері келген қонақтарды жаңа кеңсе ғимаратымен таныстырып, компания мен оның жетістіктерін бейнебаян арқылы жеткізді. Оған қоса, клиенттер «Бизнесті басқарудағы қаржылық сауаттылық» жобасы жайлы толығырақ ақпаратты алуға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, келген қонақтарға қолданбалы өнер туындылары мен оригами бойынша шеберлік кластарын өткізді. Қағаздан жасалатын түрлі туындыларды жасау әдістерін үйренуді қалаған барлық келушілер шеберлік кластарына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Ақсу қаласындағы бөлімшедегі белсенді клиенттер саны 1150 адамды құрайды, ал кредиттік қоржын 209 млн. теңге. Бөлімшенің клиенттері болып табылатын Ақсу қаласы және Майский ауданы мен жақын маңда орналасқан бөлімшелердің тұрғындарына жалпы сомасы 1,1 млрд. теңге болатын 5150 кредит берілген.

Шара барысында өткізілген кері байланыс шеңберінде сауда орындары өртенген клиенттер, өздерінің алған кредиттерін қайта құрылымдау мәселелерін шұғыл шешкен KMF қызметкерлері мен компания басшылығына алғыстарын білдірді.

Салтанатты шара соңында келген қонақтар мерекелік дастарқанға шақырылды.

Жаңа бөлімшеге үздік көрсеткіштер мен жоғары жетістіктер тілейміз!

Артқа қайту