«KMF (ҚМФ)» МҚҰ» АҚ Талдықорған қаласының тұрғындарын Мерейтойлық Қала күнімен құттықтайды

28.09.2024

Талдықорған қ., 2024 жылғы 28 қыркүйек — Биыл Талдықорған қаласы 80 жылдық мерейтойын атап өтуде және «KMF (ҚМФ)» МҚҰ» АҚ компаниясы құттықтаулар мен мерекелік іс-шараларға қуана қосылады. Бұл қала KMF үшін тарихи маңызы бар ерекше қала.

KMF және Талдықорған: Табыстылық тарихы

KMF компаниясының тарихында Талдықорған қаласының орны ерекше, өйткені нақ осы жерде, 1997 жылдың 20 қарашасында клиенттердің үш тобына алғашқы қарыздар берілді. Олардың әрқайсысы 7 500 теңгеден алды, бұл сома ол кезде 100 АҚШ долларына тең болатын. Бұл маңызды сәт біздің үлкен сапарымыздың бастауы болды және компанияның даму іргетасын қалады. Біз бұл оқиғаларды мақтанышпен еске аламыз және білдірген сенімі үшін қалаға ризашылығымызды білдіреміз.

Қаланың дамуына үлес қосу 

Қала күніне орай KMF Талдықорған қаласын көркейтуге өз үлесін енгізіп, қала тұрғындары үшін жайлы жағдай жасауға атсалысты. KMF Назарбаев көшесін көркейту жобасын қолдап, жаңа орындықтар мен урналар орнатты.

«Бұл біздің сүйікті де қадірлі қаламызға жасаған шағын сыйлығымыз. Бұл кеңістік қала тұрғындары үшін жағымды демалыс орнына айналады деп сенеміз.» - деп атап өтті Шалқар Аманқосұлы Жүсіпов, «KMF (ҚМФ)» МҚҰ» АҚ Басқарма төрағасы.

Кәсіпкерлікке қолдау көрсету және қолжетімді қызметтер 

KMF әрдайым Талдықорған тұрғындарын қолдауға және жергілікті кәсіпкерлікті дамытуға ұмтылады. Келешекте компания қолжетімді қаржы қызметтерін ұсыну бойынша жұмысты жалғастырады, бұл жергілікті кәсіпкерлерге өз мақсаттарына қол жеткізуге және қаланың гүлденуіне үлесін қосуға көмектеседі.

Артқа қайту