Агро

Ақша көбейе түскенде!

Агро

Сұрақ жауап

Микрокредиттеу шарттары

Сіз бізде 300 000-нан 78 000 000 теңгеге дейінгі сомаға микрокредиттер рәсімдей аласыз. Мерзімі 3 айдан 84 айға дейін

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 46% (шағын несиенің шарттарына байланысты)

Сіз біздің сайттағы несие калькуляторының көмегімен микрокредиттің болжамды сомасы мен мерзімін есептей аласыз

Маған жақын орналасқан KMF бөлімшесінің мекенжайын мобильді қосымшада қалай білуге болады?

Кеңселеріміз бен бөлімшелеріміздің геолокациялар тізімін мобильді қосымшаның қалқымалы мәзіріндегі "KMF картасы" бөлімінен көруге болады

KMF мобильді қосымшасы арқылы микрокредитті қашықтан қалай төлеуге болады?

Мобильді қосымшаның басты бетінде (үстіңгі жағында) микрокредитті онлайн төлеу мәзірі бар, сол жерде көрсетілген: “Дейін төлеу …”

Мобильді қосымшада қалай тіркелуге болады?

Мобильді қосымшаны іске қосқаннан кейін экранда заставка мен кіру терезесі пайда болады. KMF мобильді қосымшасында жұмысты бастау үшін қысқаша тіркеуден өту қажет. Ол үшін "Тіркеу" батырмасын басу керек. Телефон нөмірін енгізу терезесі пайда болады. Телефон нөмірін енгізгеннен кейін "Кодты алу" батырмасын басу керек, оны басқан кезде қолданушының телефон нөміріне растау үшін коды бар SMS келеді

Қолданушы келген кодты тиісті жерге енгізіп, "Әрі қарай" батырмасын басуы керек. Осыдан кейін "ЖСН", "Құпиясөз", "Құпиясөзді қайталаңыз" жолдарын толтырып, "Тіркелу" батырмасын басу қажет

Тіркеу кезінде SMS келмесе не істеу керек?

Егер SMS келмесе, бұл келесі себептерге байланысты болуы мүмкін:

  • Сіз оператор желісінен тыс жердесіз

  • Құрылғыңыздың жады (КЭШ) толған

  • Операторыңызда SMS жіберумен қиындықтар туды

Микрокредитті қосымшада несие картамен төлеу мүмкін болмады

Егер KMF мобильді қосымшасында микрокредитті төлеу кезінде қате шығып тұрса, оған мына себептер болуы мүмкін:

  1. Картада қаражат жеткіліксіз

  2. Картада онлайн төлем мүмкіндігі қосылмаған

  3. Картада интернеттегі төлем лимиті орнатылған

  4. Карта бойынша деректерді енгізу кезінде қате кету

  5. Төлем картасын пайдаланып микрокредитті төлеуге тырысқан құрылғыда интернет байланысы жоқ

Қайта құрылымдауға өтінімді мобильді қосымшада қалай беруге болады?

Мобильді қосымшада авторизациядан кейін құрылғының экранында Сіздің микрокредитіңіз көрсетіледі. Құрылғы экранындағы микрокредитті басып, содан кейін "Қайта құрылымдау" бөлімін ашып, қажетті әрекетті таңдап, мәтін жолағын толтырыңыз (сізге не істеу керек және осы әрекеттің себебі), содан кейін ережемен танысып, "Келісемін" түймесін басыңыз, экранда мынадай хабарлама шығады: "Сіздің өтінішіңіз қабылданды, сізбен КMF қызметкері хабарласады"

Транзиттік шоттағы қалдықты басқа филиалда алуға бола ма? Белсенді микрокредиттер жоқ

Иә, ала аласыз. Ол үшін бөлімшеде өтініш жазу керек, қызметкерлер бұл өтінішті сол бөлімшеге жібереді, олар қол қойып, сканерін жібереді. Касса ақшаны береді

Топтық микрокредиттеу кезінде бірінші рет қандай максималды соманы алуға болады?

Бірінші рет 4 000 000 теңгеге дейін, одан кейін 7 000 000 теңгеге дейін алуға болады

Жеке микрокредиттеуде жеңілдікті кезең қарастырыла ма?

Иә, жеңілдік кезеңін несие комитеті қарастыруы мүмкін

Жеке микрокредитті кепілсіз алуға бола ма?

Иә, сіз 2 000 000 теңгеге дейін кепілсіз жеке микрокредит ала аласыз