- KMF •
- Біз туралы •
-
Басшылық
Басқарма
Басқарма
Опыт работы:
- Шалқар Жүсіпов KMF Микроқаржылық ұйымына Басқарма Төрағасы ретінде 1998 жылдан бері басшылық етеді. Қазақстанның Микрокредиттік ұйымдары Ассоциациясын (ҚМКҰА) құруды ұсынған бастамашылардың бірі. 2004 жылдан бастап ҚМКҰА Директорлар кеңесінің Төрағасы лауазымында.
- Жүсіпов мырзаның банк саласы мен микроқаржыландыру нарығындағы тәжірибесі 20 жылдан асады. Қаржы, басқарма және көшбасшылық саласындағы түрлі сертификаттарға ие. Қазақстанның микроқаржы нарығының дамуына белсенді атсалысады. 2005 жылдан бері «Микроқаржы ұйымдары туралы» заңның қабылдануына және оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға белсенділікпен ат салысты.
- Шалқар Жүсіпов әр жылдары ТМД елдері бойынша микроқаржы қауымдастықтарының Халықаралық үйлестіру кеңесінің Төрағасы, Қазақстанның «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасы Президиумының мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі болып қызмет атқарды.
- Жүсіпов мырза көптеген мемлекеттік марапаттарға ие, сондай-ақ Қазақстан Халқы бірлігінің нығаюына қосқан үлесі үшін Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасының Еңбегі сіңген қаржыгер» қоғамдық орденімен марапатталған.
- Шалқар Жүсіпов 1994 жылы Қазақ Мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын бітірген. Қазақ Мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын 1997 жылы экономист біліктілігімен тәмамдады. KMF-ке дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің облыстық басқармасының аға экономисі, Бюджеттік Банктің Облыстық басқармасының жетекші ревизоры қызметінде болған.
Опыт работы:
- Қарлығаш Райханова 2015 жылдың қазан айынан бастап KMF Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарады.
- Райханова ханымның ағымдағы қызметтік міндеттеріне бизнестің дамуына жетекшілік ету, сондай-ақ сыртқы инвесторлармен өзара әрекеттестік кіреді.
- Қаржы саласында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. 1998 жылдан бастап KMF-те түрлі лауазымдарда болды. Атап айтқанда, Талдықорған және Тараз қалаларындағы филиалдардың директоры болды, инвестициялар тарту блогын, Қазынашылықты басқарды, сондай-ақ компаниядағы тәуекелдерді басқаруға жетекшілік етті.
- 2013 жылы Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытуға қосқан үлесі үшін "Үздік қаржыгер" қоғамдық медалімен марапатталды.
- Қарлығаш Райханова Жетісу экономикалық институтын «Экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша бітірді. Қазақстан Менеджмент, Экономика және болжау институтының (KIMEP) іскерлік әкімшілік магистрі (MBA) дәрежесіне ие. Қаржы және тәуекелдерді басқару саласында сертификаттары бар. Франкфурт Менеджмент және қаржы мектебінің (A Frankfurt School Certified Expert in Risk Management) тәуекел-менеджментінің сертификатталған сарапшысы болып табылады.
- Бос уақытында психологиямен айналысқанды, саяхаттауды және жора-жолдастарымен өткізуді ұнатады.
Опыт работы:
- Ольга Югай – 2021 жылдан бастап KMF Басқармасының мүшесі. 2019 жылы Қаржы директоры қызметіне тағайындалды.
- Бухгалтерия, қазынашылық, қаржылық жоспарлау, инвесторлармен ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік етеді.
- Бұрын компанияда бас бухгалтер болып қызмет атқарды.
- Югай ханымның қаржы саласындағы, соның ішінде микроқаржыландыру саласындағы жалпы жұмыс өтілі 15 жылдан асады.
- 2017 жылы Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытуға қосқан үлесі үшін «Үздік қаржыгер» қоғамдық медалімен марапатталды.
- Екі жоғары білімі бар. 2000 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын «инженер-экономист» мамандығы бойынша үздік аяқтады, кейіннен аспирантураны бітірді.
- 2002 жылы - Қазақ Мемлекеттік Университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдады.
- Аудитордың біліктілік куәлігі, ДипИФР, СIPA, СAP сертификаттары, кәсіби бухгалтер сертификаты бар.
Опыт работы:
- 01.11.2023 – қазіргі уақыт, «KMF (ҚМФ)» МҚҰ» АҚ, Басқарма мүшесі, Басқарма Төрағасының орынбасары, төлемдер және бағалы қағаздармен операциялар саласындағы стартап-бастамалар жөніндегі консультант, Маврикий аралы.
- 01.09.2021 - 01.01.2023 - RCB Bank Ltd, Лимасол қ, Бас Директордың Бірінші орынбасарының кеңесшісі
- 01.08.2019 - 01.12.2021 - CQUR Bank LLC, Доха қ., Операциялық директор.
- 01.07.2016 - 01.08.2019 - RCB Bank Ltd, Люксембург қ., Люксембург қ. филиалдың басшысы
- 01.10.2013 - 01.08.2014 - Private Bank, Мәскеу қ., М2М-да Операциялық директор/Басқарма Төрағасының орынбасары
- 01.08.2010 - 01.04.2013 - RCB Bank Ltd, Лимасол қ., Операциялық директор
- 01.08.1995 - 01.08.2010 - Абсолют Банк, Мәскеу қ., Операциялық директор/Басқарма Төрағасының орынбасары
Директорлар кеңесі
Опыт работы:
Гульнара Шамшиеваның юриспруденция саласын қоса алғанда, екі жоғары білімі бар, сонымен қатар Bank Academy International және Frankfurt School of Finance & Management сынды біліктілікті арттыру курстарынан және ABA Stonier school USA курсынан өткені туралы халықаралық сертификаттары бар. Ол орыс, ағылшын, қырғыз және өзбек тілдерін жетік біледі.
Гульнара Шамшиева ««KMF» МҚҰ» ЖШС 2011 жылы Бақылаушы кеңестің мүшесі ретінде қосылып, Бақылаушы кеңестің Төрағасы болып сайланды. Гульнара Шамшиева Орталық Азияда шағын және орта бизнесті (ШОБ) қолдау және микроқаржы ұйымдары арқылы шетел капиталын табысты тарту бағдарламаларына көптеп қатысу арқылы бай тәжірибе жинақтаған, сонымен қатар банк және микроқаржыландыру саласында жиырма жылдан астам тәжірибесі бар. Ол өзінің кәсіби мансап жолында микроқаржы ұйымдары мен банктерде басқарушылық лауазым атқарып, микроқаржы компанияларын коммерциялық банктерге трансформациялауда зор тәжірибе жинақтаған.
Қазіргі уақытта Гульнара Шамшиева «KMF Банк» АҚ (бұған дейін – «KMF (ҚМФ)» МҚҰ» АҚ) Директорлар кеңесінің Төрағасы қызметін атқарады, сонымен қатар 2023 жылдан бастап Ehtirom Plus MCC (Өзбекстан) микроқаржы ұйымының Директорлар кеңесінің Төрағасы және 2025 жылдан бастап Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры, сонымен қатар «ФИНКА Банк» ЖАҚ (Қырғызстан) Тәуекелдер жөніндегі комитетінің Төрағасы, Аудиторлық комитетінің және Тағайындау және сыйақы комитетінің мүшесі болып табылады.
Опыт работы:
Йоахим Болд Германияда MBA дәрежесіне (Diplomkaufmann), экономика саласында докторлық дәрежеге ие, сонымен қатар АҚШ сертификатталған басқарушылық бухгалтері болып табылады. Доктор Йоахим Болд Франкфурт Қаржы және Менеджмент (Германия) мектебінде Тәуекелдерді басқару тәжірибесін басқарады және тұрақты қаржыландырудағы көшбасшылық магистратурасында «Тәуекелдерді басқару және комплаенс» бағдарламасының академиялық директоры болып табылады. Сондай-ақ Йоахим Болд Қазынашылық және нарық жөніндегі сертификатталған сарапшылар бағдарламасының (CETM) академиялық директоры және дамушы нарықтардағы қазынашылық қаржы қызметтер саласындағы активтер мен пассивтерді басқару саласындағы танымал сарапшы болып табылады. Йоахим Болд ағылшын, француз, неміс және орыс тілдерін жетік біледі.
Доктор Болд өз мансабын 1990 жылы AG (Франкфурт) коммерциялық банкінің халықаралық банктік бөлімінде бастады, ал 1995 жылы Корваллисте Орегон штатының университетінде оқытушылық қызметке кірісті. Неміс қор биржасы және туынды бағалы қағаздар нарығының халықаралық операторы - Deutsche Börse Systems (Франкфурт және Чикаго) Вице-президент және басқарушы директор болып жұмыс істеді. 2013-2023 жж. аралығында Йоахим Болд Bai Tushum Bank (Қырғызстан) Директорлар кеңесінің құрамына кірді, ал 2014 жылдан бастап «KMF (ҚМФ)» МҚҰ» ЖШС Бақылаушы кеңесінің мүшесі болып тағайындалды. Доктор Болд 2001 жылдан бері отыздан астам елде жұмыс істеп, банктерде, микроқаржы ұйымдарында және инвестициялық қорларда мол тәжірибе жинақтаған.
Қазіргі уақытта Йоахим Болд «KMF Банк» АҚ (бұған дейін – ««KMF (ҚМФ)» МҚҰ» АҚ Директорлар кеңесінің) мүшесі, сонымен қатар біз мезгілде Bailyk Finance микроқаржы ұйымының (Қырғызстан) Бақылаушы кеңесінің мүшесі болып табылады
Опыт работы:
Эндрю Поспиловскидің үш жоғары білімі бар, атап айтқанда: аймақтану жөніндегі өнер бакалаврі мен магистрі, оның ішінде Философия ғылымдарының докторы (Лондон университеті, Славян және Шығыс Еуропа зерттеулер мектебі). Эндрю Поспиловски ағылшын және орыс тілдерін біледі.
Эндрю Поспиловски еңбек жолын 1998 жылы бастады, 2000ж. бастап банк саласына өтті, 2006-2012жж. аралығында AccessBank (Әзірбайжан) Басқармасының Төрағасы болды, AccessBank (Тәжікстан) Бақылаушы кеңесінің және Аудит жөніндегі комитетінің мүшесі болды. Осыдан кейін Эндрю Поспиловски Шығыс Еуропа, Азия және Африка елдерінде шағын және орта бизнесті микроқаржыландыру және банктік қызмет көрсету саласында он бес жылдан астам халықаралық басқару, консалтинг және Директорлар кеңесінде жұмыс істеу тәжірибесін жинақтады, оның ішінде Халықаралық қаржы корпорациясы (Дүниежүзілік банк тобы) үшін кеңес беру қызметтерін атқарды. 2015 жылы ««KMF» МҚҰ» ЖШС Бақылаушы кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.
Қазіргі уақытта Эндрю Поспиловски «KMF Банк» АҚ (бұған дейін – ««KMF (ҚМФ)» МҚҰ» АҚ) Директорлар кеңесінің мүшесі, сонымен қатар 2018ж. бастап Bank Lviv (Украина) Бақылаушы кеңесінің Төрағасы, Орнықты даму және экология комитетінің және Аудит жөніндегі комитетінің мүшесі, 2019ж. бастап Credo Bank (Грузия) Бақылаушы кеңесінің, Аудит жөніндегі комитетінің мүшесі және Тәуекелдер жөніндегі комитетінің Төрағасы, 2021ж. бастап Yelo Bank (Әзірбайжан) Бақылаушы кеңесінің және Аудит жөніндегі комитетінің мүшесі және Тәуекелдер жөніндегі комитетінің Төрағасы және 2021 ж. бастап 3Bank (Сербия) Директорлар кеңесінің Төрағасы, Аудит жөніндегі комитетінің мүшесі.
Опыт работы:
Константин Церетели Иванэ Джавахишвили атындағы Тбилиси мемлекеттік университетін аяқтады, Оксфорд Университетінің және Орталық Еуропа университетінің дәрежелерін және дипломдарын иеленеді. Константин Церетели ағылшын, орыс және грузин тілдерін біледі.
Константин Церетели қызмет жолын 1997 жылы бастады және қаржы және банк секторы саласында жиырма жылдан астам басқарушылық тәжірибесі және стратегиялық жоспарлау және стратегиялық жобаларды жүзеге асыру, басқару аппаратында айтарлықтай тәжірибесі бар. 2006 жылы Константин Церетели Стратегиялық даму басшысы болып тағайындалды, сонымен қатар Грузия Банкі АҚ (Грузия) бөлшек банктік бизнестің Қосалқы директоры қызметін атқарды. 2009-2020 жж. аралығында Константин Церетели Басқарма құрамына еніп, Белорусь Халық Банкі ААҚ (Беларусь Республикасы) Басқарма Төрағасы болды. Бұдан бөлек Константин Церетели Банк Компаньон ЖАҚ (Қырғыз Республикасы), Банк Асака АҚ (Өзбекстан Республикасы ), Киндзмараули Корпорациясы АҚ (Грузия) сияқты банктерде тәуелсіз директор қызметін атқарды, сонымен қатар Беларусь банктерінің қауымдастығы (Беларусь) Бақылаушы кеңесінің мүшесі және Джорджиан Кард Холдинг (Грузия) Директорлар кеңесінің мүшесі болды.
Қазіргі уақытта Константин Церетели «KMF Банк» АҚ (бұған дейін – ««KMF (ҚМФ)» МҚҰ» АҚ) Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры, Тәуекелдер жөніндегі комитетінің төрағасы, Стратегиялық жоспарлау және орнықты даму комитетінің (ESG) төрағасы, сонымен қатар НЛКо ЖШҚ (Грузия) Директоры.
Опыт работы:
Володимир Цапко Львов Ұлттық Университетін қаржы менеджменті бағыты бойынша үздік бітірді, сонымен қатар IESE Business School іскерлік әкімшілендіру магистрі (Барселона) дәрежесіне ие.
Володимир Цапко – инвестициялық банктік қызметтер және тікелей инвестициялар саласында тәжірибелі маман, инвестициялық банктік қызметтер мен жаһандық дамушы нарықтардағы тікелей инвестициялар саласында 25 жылдық тәжірибесі бар. Володимир Цапко өз мансабын 2000 жылы ірі қаржы ұйымдарында кредиттік және қаржылық талдаушы ретінде бастады. 2004ж. Володимир Цапко Universal Investment Group қаржы директоры қызметін атқарды, ол қазынашылық, тиімділікті басқару және шығындарды жалпы бақылауды қоса алғанда, бес еншілес компанияның қаржы істеріне жетекшілік етті. 2007-2018 жж. аралығында Володимир Цапко Deutsche Bank AG (Ұлыбритания) түрлі қызмет атқарды, оның ішінде қаржы институттары тобының, корпоративтік банкинг және инвестициялық банкинг басшысы болды, онда ол ірі бірігу мен жұтылу процестеріне, сонымен қатар бүкіл Еуропа және Таяу Шығыс бойынша дамушы нарықтарда капитал нарығында таңбалық мәмілелерге жетекшілік етіп, вице-президент қызметіне дейін өсті. Володимир Цапко ағылшын, украин және орыс тілдерін жетік меңгерген.
2025 жылдан бастап «KMF Банк» АҚ (бұған дейін – «KMF (ҚМФ)» МҚҰ» АҚ) Директорлар кеңесінің мүшесі және қаржы институттары мен бүкіл дүниежүзі бойынша дамушы нарықтардағы финтех-инвесторлар үшін тікелей инвестициялар портфелін басқаратын Responsibility Investments AG-та институционалдық тікелей инвестициялар бөлімінің басшысы.
Опыт работы:
Бекжан Олжаевич Пирматов Қазақ Экономикалық Университетін (Алматы) тәмамдап, менеджмент бойынша бакалавр дәрежесін алды, сонымен қатар THE GEORGE WASHINGTON UNIVERSITY, SCHOOL OF BUSINESS (Вашингтон, АҚШ) (2009 ж.) жобаларды басқару магистрі дәрежесіне ие. Бекжан Пирматов ағылшын, орыс және қазақ тілдерін жетік біледі.
Бекжан Пирматов өз мансабын банк саласында 2004 жылы бастады және Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) және «HSBC Қазақстан Банкі» АҚ ЕБ қоса алғанда, түрлі қазақстандық банктерде Қазақстанның ірі компанияларымен портфель мәмілелерін сүйемелдеу, корпоративтік бизнесті басқару саласында мол тәжірибе жинақтаған. 2018 жылы Бекжан Пирматов «First Heartland Bank» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды, ол онда корпоративтік блок құрып, кредит саясатын ендірді. 2019 жылдан бастап Бекжан Пирматов «Jusan Bank» АҚ Басқарма Төрағасы қызметін атқарды, «Jusan Invest» АҚ және «First Heartland Jysan Bank» АҚ басқарушылық қызметте болды. 2020 жылдан бастап ForteВank АҚ Басқарушы директордан Басқарма Төрағасына дейінгі қызметтерді атқарды.
Қазіргі уақытта Пирматов «KMF Банк» АҚ (бұған дейін – ««KMF (ҚМФ)» МҚҰ» АҚ) Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры, сонымен қатар бір мезгілде «Қазақстан Қор Биржасы» АҚ тәуелсіз директоры, Стратегия және бюджеттеу комитетінің және Эмитенттер аудиті комитетінің мүшесі, «Кәсіпкерлікті дамыту компаниясы» АҚ (Өзбекстан) тәуелсіз директоры, Аудит жөніндегі комитетінің, Тәуекелдерді басқару комитетінің мүшесі, «BCC Life» ӨСК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры болып табылады.