KMF «Ұлттық өнім» көрмесіне демеуші болды

KMF «Ұлттық өнім» көрмесіне демеуші болды
Жаңалықтар

KMF отандық тауар өндірушілерді қолдап, елордада өткен «Ұлттық өнім» көрмесіне демеуші болды. Көрменің ашылуына ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов, ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Парламент депутаттары, бизнес-қоғамдастық және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Көрмені ұйымдастырған – «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ.

 

Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың айтуынша, бүгінде кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді шаралары жүзеге асырылып жатқан көрінеді. «Мәселен, соңғы 5 жылда шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімінің үлесі 27-ден 33 пайызға дейін өсті», - деді премьер-министр.

 

Сондай-ақ ол мемлекет басшысының шағын және микробизнес субъектілерін тексеруге мораторий жариялауы бизнес жүргізуге үлкен жеңілдік еткенін атап өтті. Отандық кәсіпкерлердің дамып, өндіріспен айналысуына бар жағдайдың жасалып жатқанын кәсіпкерлер де растап отыр. Көрмеге қатысқан Сейдахметовтер отбасы кәсіппен айналысуды 2017 жылдан қолға алған. Бүгінге дейін ағаштан 8 мыңға жуық бұйым жасап үлгерген шеберлер тапсырыстың республиканың әр түпкірінен келіп түсетінін айтады.

 

«Әкем КСРО кезеңінде Щучинск жиһаз фабрикасында көп жылдар еңбек еткен шебер. Мен бала кезден үй жанындағы шеберханада, жоңқаның арасында ойнап өстім. Осыдан 4 жарым жыл бұрын әкем отбасылық кәсіпті бастап, ағаштан түрлі бұйым жасау бизнесін қолға алуды ұсынды, бізге лазермен кесу ісін тапсырды. Сөйтіп станокпен қалай жұмыс істеу керегін үйреніп, ары қарай Интернеттен қарап, зерттеп, айналыса бастадық», - дейді Нұрсұлу Сейдахметова.

 

Қазіргі таңда Қазақстанның құрылыс саласындағы ең ірі компаниялар халықаралық форумдар мен жиындарда сыйлау үшін ағаштан жасалған түрлі бұйымдарға тапсырысты Сейдахметовтерге беретін болған. Ағаштан ойып жасалған дүниелердің ерекшелігі мен әдемілігі сондай бұл отбасындағы алтын қолды шеберлер туралы фильм түсіру де ұсынылыпты.

 

«Әкемнің қолынан шыққан бұйымдарға кез келген адам қызығады, тіпті ол туралы кітап та, мақала да, фильм де шығару ұсынылған болатын. Алайда оның қарапайымдылығы сондай ешбіріне келіспеді. Ол ағаштан жиһаз да, картина да, үйге, кеңсеге қажетті заттарды да жасайды. Көптеген компания мерекелерде ұжымдық сыйлықтарға тапсырыс береді», - дейді ол.

Кәсіптің арқасында жеке цех ашқан отбасы бизнесіне қолдау көрсеткен KMF компаниясына алғысын жаудырды.

«Өткен Жаңа жылда жеке рекордымызға қол жеткіздік, бір жарым айда 2 мыңнан аса сыйлық қорабын ағаштан ойып жасадық. Бұл кәсіп, ал кәсіп бар жерде қаржыландыру қатар жүреді. Өндіріс қуатын арттыру үшін қосымша лазер станоктар қажет болды, ол үшін қаржыны KMF компаниясынан алдық, ал бүгін мынадай ауқымды көрмеге қатысып отырмыз. KMF-ке алғысымыз шексіз», - дейді кәсіпкерлер отбасы.

 

Ал кәсіпкер Гүлнар Жүнісова ұлттық киімдер тігумен айналысады. Бұл іспен айналысқанына 40 жылдан асқан шебер кейінгі ұрпаққа ұстаздық етіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеп келеді.

 

«Қазақтың ұлттық киімдерін, қазақтың қазаққа ғана тән құндылықтарын біз дәріптемесек, үйретпесек ол басқа ешкімге керек емес. Сол үшін де көп жылдан бері шәкірттеріме ұлттық киімдер тігуді үйретіп келемін. Жалпы еңбек жолымды Семейде бастадым, Абайдың 150 жылдығында әртістерге, гидтерге, жалпы сол шараға қажет болған ұлттық киімнің барлығын мен тіктім. Кейін сол кездегі Астанаға көшіп, кәсіп ашуды ойлай бастадым. Семейде мені барлық жұрт білетін, алайда жаңа мекенде бастапқыда қиын болды», - дейді ол.

 

Еш қиындыққа мойымастан кәсібін жалғастырған шебер қазақстандық көптеген әртіске костюм тіккен, олардың арасында Димаш Құдайберген де бар. Бүгінге дейін қаншама кедергіні еңсеріп, көптеген жетістікке жеткен кәсіпкер тапсырыстарды орындау үшін қаржы қажет болғанда қол ұшын созған KMF-ке алғысын жеткізіп, бұл компаниядан бір сәтке қол үзбегенін айтады.

 

«Әлі есімде, осыдан 10 жыл бұрын KMF-тен ең алғаш рет 250 мың теңге алдым, оны бірден жауып, 1 млн теңге керегін айттым. Маған және кәсібімнің жүріп кететініне сеніп, сол қаржыны қолыма ұстатты. Алған тапсырыстарымды орындап, оны да бірден жаптым. Содан бері қол үзбестен кәсібімді бірге дамытып келеміз. Қаржы керек бола қалса KMF-ке барамын, мұның барлығы отандық кәсіпкерлер мен отандық өндіріске деген қолдау», - дейді Гүлнар Жүнісова.

 

Тағы оқыңыз

news
Ұсынымдар
29.07.2022
ЕҚДБ KMF компаниясына 25 млн доллар көлемінде кредит береді

Тараптар тиісті құжатқа қол қойды. Қаражат әйелдер басқаратын шағын отандық компаниялар мен кәсіпорындарды қолдауға бағытталады.

Толығырақ
news
Ақша жөнінде
05.07.2022
KMF 25 жылдығына орай «Мерейтойлық 25» науқанын бастайды!
Микрокредит сомасы 2 000 000 теңгеден басталады. 
Толығырақ
news
Жаңалықтар
01.07.2022
Қазақстанда іскер ханымдарға арналған республикалық байқау өтеді

Өзінің 25 жылдығына орай KMF компаниясы және «KMF-Демеу» қоры «KMF Isker hanymy 2022» жүлдесін тағайындайды.

Толығырақ
news
Жаңалықтар
14.06.2022
KMF пен Азия даму банкі келісімге қол қойды

KMF пен Азия даму банкі 15 млн долларлық келісімге қол қойды. Бұл компаниямыздың АДБ-мен бірлескен алғашқы жобасы. Бөлінген қаржы әсіресе ауылдық ...

Толығырақ
news
Ұсынымдар
27.05.2022
Fitch KMF-ке «Тұрақты» болжамына ие «B+» деңгейіндегі рейтингті растады және ұлттық рейтингті «Тұрақты» болжамында BBB(kaz) деңгейіне дейін көтерді
Толығырақ
news
Жаңалықтар
03.05.2022
KMF «жасыл» технологияларды қаржыландыруды кеңейтіп жатыр
Компания қонақ үйлер мен мейрамханалар үшін «жасыл» қаржыландыру бағдарламасын ұсынды.
Толығырақ
news
Жаңалықтар
18.04.2022
KMF Талғарда (Алматы облысы) болған өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерге көмектесті
KMF-те қызмет көрсету жағдайлары мен шарттары қарастырылды.
Толығырақ
news
Ақша жөнінде
04.03.2022
KMF MOST Ventures венчурлық қорының капиталына $2 млн инвестициялайды
Келісім шарттарына сәйкес MOST Ventures алынған қаражатты қаржылық IT-шешімдер саласында маманданған жас кәсіпкерлердің стартаптарына бағыттайды.
Толығырақ
news
Жаңалықтар
22.02.2022
KMF басшысы Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқасына сайланды.
ҚР «Атамекен» ҰКП-ның кезектен тыс өткен IX съезінде палата Төралқасының жаңа құрамы сайланды. Төралқаның бір мүшесі ретінде «Қазақстанның микроқаржыл...
Толығырақ