• KMF
  • Новости
  • KMF шығарылымында жоспарланған көлемнен асып, 7,3 млрд теңге көлеміндегі облигацияларды сәтті орналастырды
KMF шығарылымында жоспарланған көлемнен асып, 7,3 млрд теңге көлеміндегі облигацияларды сәтті орналастырды

KMF шығарылымында жоспарланған көлемнен асып, 7,3 млрд теңге көлеміндегі облигацияларды сәтті орналастырды

09.09.2021
KMF МҚҰ дебюттік шығарылымында жоспарланған көлемнен асып, 7,3 млрд теңге көлеміндегі облигацияларды сәтті орналастырды.
KMF микроқаржылық ұйымы (бұдан әрі – KMF) 2021 жылғы 8 қыркүйекте 13% кірістілікпен номиналы бойынша 7 млрд теңге көлеміндегі облигацияларын (MFKMb1, ISIN KZ2P00007883) бастапқы орналастыруды жүргізді. Нәтижесінде KMF 7,320 млрд теңге тартты. Осы орналастырудың андеррайтері «Сентрас Секьюритиз» АҚ болды. Өтінімдер кітабын (book-building) қалыптастыру процесінде нарықтық сұраныстың жалпы көлемі институционалдық инвесторлар: сақтандыру компаниялары, инвестициялық пай қорлары, жауапкершілігі шектеулі серіктестер, сонымен қатар жеке тұлғалар тарапынан ұсынысқа қызығушылықты толық қанағаттандырды. Инвесторлардың саны 17 құрады.

Орналастыру құны МҚҰ секторынан эмитенттердің ұқсас орналастыруларының ішіндегі кірістілігі бойынша ең төменгілердің біріне айналды және ЕДБ секторынан эмитенттердің кірістілік қисығы деңгейінде болды. Бұл факт KMF бизнес-моделінің сенімділігі мен тұрақтылығын тағы да растайды және Қазақстанның ірі МҚҰ-ның борыштық міндеттемелеріне инвестициялық қоғамдастықтың жоғары сенімін көрсетеді.

«KMF-тің алғашқы орналастыру нәтижелері сауда-саттыққа қатысушылардың барлығына компаниямыздың үлкен әлеуетін, микрокәсіпкерлермен ұзақ мерзімді серіктестікке және оларды дамытуға бағытталған МҚҰ бизнес-моделінің артықшылықтарын көрсетеді. Бұл дебюттік мәміле жаңа әрі тиімді эмитент ретінде KMF-пен жергілікті инвесторлардың нәтижелі жұмысының негізін қалайтынына сенімдімін. Біз үшін биржаға шығу Қазақстанда кәсіпкерлерді қаржыландыру моделін одан әрі табысты дамытуға мүмкіндік беретін қорландырудың жаңа көздерінің табысты ашылуы», - деді KMF қаржы директоры Ольга Югай.

«Біз KMF сияқты сапалы эмитенттің Қазақстанның қор нарығына шыққанына қуаныштымыз. Бастапқыда KMF облигацияларды 5 млрд. тг сомаға орналастыруды жоспарлаған еді, бірақ инвесторлар тарапынан жоғары сұранысқа байланысты орналастыру күніне бір апта қалғанда орналастыру көлемін 7 млрд. тг. дейін ұлғайту туралы шешім қабылданды. Біздің инвесторлар KMF-тің борыштық міндеттемелеріне үлкен қызығушылық танытты, компания облигацияларына қайта жазылу болды.
KMF-тің KASE-ке сәтті шығуы KMF-ке өзінің қорландыру базасын әртараптандыруға және борыштық капиталдың жария нарығымен өзінің ынтымақтастық тарихын бастауға мүмкіндік береді», – деп хабарлады «Сентрас Секьюритиз» Басқармасының Төрағасы Мұрат Акинов.
Артқа қайту