• KMF
  • Новости
  • ШОБ субъектілерін қолдау шаралары
ШОБ субъектілерін қолдау шаралары

ШОБ субъектілерін қолдау шаралары

09.07.2020
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 15.06.2020 жылғы №251 бұйрығына сәйкес Кіші және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау шараларын көрсету тәртібі бекітілді. KMF микроқаржылық ұйымы осы тәртіпке сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын қарыз алушыларға қосымша қолдау шараларын көрсетеді.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 15.06.2020 жылғы №251 бұйрығына сәйкес Кіші және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау шараларын көрсету тәртібі бекітілді. KMF микроқаржылық ұйымы осы тәртіпке сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын қарыз алушыларға қосымша қолдау шараларын көрсетеді.


- заңды тұлға құрмаған жеке кәсіпкерлер және жұмыскерлерінің жылдық орташа саны бір жүз адамнан аспайтын және жылдық орташа кірісі айлық есептік көрсеткіштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады;


- жұмыскерлерінің жылдық орташа саны екі жүз елу адамнан аспайтын немесе жылдық орташа кірісі айлық есептік көрсеткіштің үш миллион еселенген мөлшерінен аспайтын, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, сонымен қатар ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабы 4-тармағында көзделген қызмет түрлерін атқаратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.



Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа кірісін растау үшін клиенттерден тиісті салық есептілігін не болмаса клиенттің халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуі арқылы Ұлттық экономика министрлігі берген (қағаз тасығышта) не болмаса www.e-gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы алынған Кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы анықтаманы сұрату қажет. Салық есептілігі немесе субъект санаты туралы анықтама болмаған жағдайда, сонымен қатар клиент ондай анықтаманы ұсынудан бас тартқанда немесе ұсына алмағанда, микрокредитті KMF ішкі нормативтік құжаттарымен анықталған тәртіпте стандартты түрде қайта құрылымдауды жүргізу керек.


Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау шаралары ретінде төлемдерін келесі шарттарда кейінге шегеру көзделген:

Кредитті кейінге шегеру туралы шешім әрбір қарыз алушы бойынша жеке тәртіппен оның қаржылық жағдайын, төтенше жағдайдың және (немесе) карантиннің қарыз алушының кәсіпкерлік қызметіне әсерін және қаржылық жағдайының қалпына келу перспективаларын міндетті түрде бағалау арқылы қабылданады. Қаржылық жағдайды бағалау өтініш берушінің нақты кірістерін талдауды және төтенше жағдай және (немесе) карантин кезеңінде енгізілген шектеу шараларының өтініш берушінің кәсіпкерлік қызметіне әсерін талдауды көздейді.


Төлемдер мерзімін кейінге шегеру туралы шешім қарыз алушының қаржылық жағдайдың нашарлауын растайтын құжаттарды ұсынбай, қарыз алушының өтініші және жарғы немесе мынадай қызмет түрлерінің бірін жүзеге асыруды растайтын, қарыз алушының жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрғаны туралы мәліметтер негізінде қабылданады:

1) қалааралық автобус тасымалдарының қызметі;

2) ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелер, форумдар, конференциялар, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру) өткізу қызметі;

3) азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметі;

4) ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютер клубтары, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, аттракциондар, балалардың ойын алаңдары, батуттар және басқалары), кинотеатрлардың қызметі;

5) барлық мәдениет объектілерінің (театрлар, концерт залдары, мұражайлар, көрмелер) қызметі;

6) балаларды сауықтыру лагерьлерінің, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, балалардың түзету кабинеттерінің, білім беру орталықтарының, балаларды дамыту орталықтарының, үйірмелердің, балалар мен ересектерге арналған курстардың қызметі;

7) фудкорттар, банкет залдарының қызметі;

8) СПА-орталықтардың, жаттығу залдарының, фитнес-орталықтардың, спорттық-сауықтыру орталықтарының, бассейндердің, қоғамдық моншалардың, сауналардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондардың қызметі, маникюр мен педикюр көрсетілетін

қызметтері, қалалық, қоғамдық жағажайлардың, ашық аквапарктердің қызметтері;

9) жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларының қызметі;

10) 500 шаршы метрден артық азық-түлік емес дүкендердің қызметі;

11) тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету;

12) туристік агенттіктер мен операторлардың қызметі;

Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында қоғамдық көлік қозғалысын қамтамасыз ету бойынша қызметтерді көрсету.


Микрокредит шарттары бойынша төлемдерді (негізгі борыш пен сыйақыны қосқанда) кейінге шегеру шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің қаржылық жағдайын және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру үшін жеткілікті кезеңге ұсынылады. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің өтінішінде өзге мерзім көрсетілмесе, төлемдерді кейінгі шегеру кезеңі 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен кем болмауы қажет. 


Егер төлемдердің өзге кестесі микрокредит шартында көзделмесе, не қарыз алушының өтінішінде көрсетілмесе, төлемдерді кейінге шегеру қарыз мерзімінің соңына дейін бұрын мерзімі кейінге шегерілген төлемдерді бөлу не мерзімін кейінге шегеру кезеңіне қарыз мерзімін ұлғайту түрінде төлемдердің жаңа кестесін белгілеу жолымен ұсынылады.


Сондай-ақ қарыз алушылардың кейінге шегеру туралы өтініштері бойынша қайта құрылымдау жүргізу мүмкіндігі қарастырылған. 


Қарыз алушылардың өтініштері қағаз тасығышта еркін нысанда, сонымен қатар электронды пошта, «KMF» МҚҰ мобильді қосымшасы арқылы қабылданады.

Осы қолдау шараларын алу үшін KMF қарыз алушылары өтініш жазулары қажет. Сұрақтар туындаған жағдайда 7474 нөмірі (ұялы телефоннан тегін) бойынша колл-орталыққа хабарласуға болады.

Назад к разделу