Жастар кәсіпкерлігі: идеяңызды KMF және ЕҚДБ көмегімен жүзеге асырыңыз

03.07.2024

«KMF» МҚҰ» АҚ Еуропа Қайта Құру және Даму Банкімен (ЕҚДБ) серіктесе отырып, 21-34 жас аралығындағы жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған жаңа микрокредиттеу бағдарламасының іске қосылғанын хабарлайды.

«Бизнестегі жастар» бағдарламасы экономикаға тың идеялар мен инновациялық шешімдерді енгізуге атсалысу үшін құрылған. Осы бағдарламаның шеңберінде мынадай шарттар ұсынылады:

  • Төмендетілген пайыздық мөлшерлеме: Бизнесті дамытуға кредиттер қолданыстағы мөлшерлемеден 1%-ға азайтылған мөлшерлеме бойынша беріледі.
  • Қолдау бағдарламаларына қолжетімділік: Бағдарламаға қатысушылар «Шағын бизнеске арналған консультация» бағдарламасы шеңберінде ЕҚДБ консультациялық қызметтерін пайдалана алады, бұл сарапшылардан құнды ұсыныстар мен кәсіби қолдау алуға мүмкіндік береді.

Неліктен KMF-ті таңдайды?

KMF экономикалық өсудің факторы ретінде жастар кәсіпкерлігінің маңыздылығын мойындайды және жас кәсіпкерлердің бизнес-жобаларын табыстылықпен жүзеге асыруына көмектесуге дайын. Біз сенімді қаржылық қолдау мен кәсіби көмек көрсете отырып, бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға ұмтыламыз.

KMF

Сіздің табысқа жетуіңізді қолдайтын серіктестік.

Қосымша ақпарат алу және өтінім беру үшін біздің мамандарымызға хабарласыңыз. Біз сіздің жолыңыздағы әрбір кезеңде қажетті қолдау көрсетуге дайынбыз.

Артқа қайту