KMF Қазақстан қор биржасына облигацияларын шығаруды жоспарлап отыр

13.05.2024

KMF Қазақстан қор биржасына облигацияларын шығаруды жоспарлап отыр. Осылайша KMF құнды қағаздарын төртінші рет шығармақ. Андеррайтерлер: "Halyk Finance" АҚ, "BCC Invest" АҚ және "Сентрас Секьюритиз" АҚ.
Облигациялар көлемі - 20 миллиард теңге, ал бір облигацияның номиналы - 1 000 теңге.

Облигациялардың айналым мерзімі - 12 ай. Купон айналыс кезеңінің соңында төленеді. Купон ставкасы алғашқы өткізілген сауда-саттық қорытындылары бойынша айқындалатын болады.

Сауда-саттықты өткізу күні - 21 мамыр.
Сіз сауда-саттықты өткізу туралы толық ақпаратты Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтынан бақылай аласыз: https://kase.kz/kz/news/.

Артқа қайту