Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі KMF рейтингін "B+" және "BBB(kaz)" деңгейінде тұрақты болжаммен растады

05.08.2024

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі "KMF (КМФ) "Микроқаржылық ұйымы" акционерлік қоғамы эмитентінің ұзақ мерзімді дефолт рейтингін (ЭДР) тұрақты болжаммен "B+" деңгейінде растады. Fitch Ratings сонымен қатар тұрақты болжаммен "BBВ(kaz)" деңгейінде KMF ұлттық ұзақ мерзімді рейтингін растады. 

 

«KMF (КМФ)» МҚҰ» АҚ рейтингтері микро, шағын және орта бизнес кәсіпорындарын кредиттеуге бағдарланған бизнес-модельді және Қазақстанның микроқаржыландыру нарығындағы тұрақты жұмысын бейнелейді. «Тұрақты» болжам KMF-тің бәсекелестік мықты позицияларын және 2024 жылдың соңына дейін банктік лицензия алу бойынша жоспарларын көрсетеді. 

 

«Fitch Ratings агенттігінің KMF рейтингінің тұрақты болжамын растауы қазақстандық, әсіресе ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған миссиямыздың маңыздылығын көрсетеді. Біз клиенттерімізге қызметтердің неғұрлым кең спектрін және елдің экономикалық өсуі мен дамуына ықпал ете отырып, қолжетімді, сапалы қаржыландыруды ұсыну үшін банктік лицензия алуға бағытталған жұмысты жүргізіп жатырмыз», - деді «KMF (КМФ)» МҚҰ» АҚ Басқарма Төрағасы Шалқар Аманқосұлы Жүсіпов.

Артқа қайту